400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. Дастархан басындағы тәртіп ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау пәні мен психологиядан коррекциялық сабақтарға пайдасы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Хусаинова Эльмира Маратовна


Пәні.

Психология

Сынып:


ҚАТЫСҚАНДАР ҚАТЫСПАҒАНДАР:


Сабақтың тақырыбы:

Дастархан басындағы тәртіп ережесі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Дастархан басындағы тәртіп ережесі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Түзете-дамыту

Есте сақтау қабілеттерін дамыту

Сабақ мақсаттары

В.Воронкованың типологиялық тобы бойынша Ш, IY .

Жаңа сөздер

Талап,гигиена

Сабақта қолданылатын материалдар

Оқулық, суреттер

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ – жауап.

Дерек көздері

Бағдарлама, оқулық, әдістемелік құрал.

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы

Оқушыны психолого – педагогикалық даярлау.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «шаттық шеңбері»тренингін өткізеді.

Сәлем!-деймін достарға,

Шаттық әнге басамын,

Жалықпаймын сабақтан,

Оқимын да жазамын.

Білім нәрін таратқан,

Ұстазда ылғи назарым...


Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді.Кемшіліктерін анықтайды,түзетеді,бағалайды.


Жаңа білім










Жалпы балалар дұрыс тамақтануы үшін, алдымен тамақтанбас бұрын, қолымызды сабындап жуып, орамалға қолымызды сүртіп, сосын дастархан басына отыруымыз керек. Сонымен қатар салт – дәстүрлер мен ырым - тыйымдарды да біле жүрейік.
І. Дастархан басындағы салт - дәстүрлер.
Халық қуанышын да, қайғыны да, дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан халық дастарханды «Құттыхананың берекесі» деп қасиет санаған.
Дастарханнан дәм татқандар, татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.
«Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі дастархан дәмі киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады.
Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той - тамашаға, ас - су беруге жайылады.

ІІ. Дастархан басында сақталатын ырым - тиымдар.
1. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды.
2. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
3. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу жаман ырым. Бұл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
4. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма..

Оқулық.



СЕРГІТУ СӘТІ.


Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балақолын соғады)


Қызықты тапсырма


Сұрақ-жауап

Түрлі тапсырмалар

Бекіту.

Қыздарға қандай сыйлық сыйлауға болады екен?

Ұл балаларға қандай сыйлық сыйлауға болады?

Оқулық дәптерлер.

Бағалау

Формативті бағалау.Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.12.2020
2872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12