Материалдар / Сабақ жоспары "Достарыма арналған натюрморт" мектепалды даярлық сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Достарыма арналған натюрморт" мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбы мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2018
1847
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ

ПӘНІ: Аппликация

Тақырыбы: Достарыма арналған натюрморт

Мектеп №34 ОМ

Күні:

Педагогтің аты-жөні: Бошанова Г.А.

Мектепалды даярлық сыныбы

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.1.1. Жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегілік бейнелер, т.б. жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру.

0.1.1.2. Үлгіқалып/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану.

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

0.2.2.2. Бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып алып, геометриялық пішіндерді (шаршылар, тіктөртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе диагональ бойынша қию.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.


Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-елестету бойынша геометриялық фигуралар негізінде, бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын жасай отырып, біртұтас әсерлі бейне алады;

-бөлшектерді жапсырудың реттілігін дұрыс пайдалана алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-қағаздың бетіне суретті үлкендерінен бастап жапсырып, оларды кішкентай, ерекше бөліктермен толықтыра алады; -өз ой-қиялын білдіре алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-натюрморттың не екенін түсіндіре алады;

-өз бетімен таныс техникаларды үйлесімдей алады.

тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-сөзбен түсіндіру арқылы композицияны нақтылау;

-жұмыс тәсілі мен реттілігін айту;

-түпкі ойды түсіндіру;

-өзінің және өзгенің жұмыстарын талқылау және түсіндіру;

-түстердің пропорциялық арақатынасын сөз түрінде айқындау; -қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: натюрморт – натюрморт – still life.


негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-натюрморт, көгөністер, жемістер, контур, қию тәсілдері, қағазды бүктеу.

талқылауға арналған сұрақтар:

Натюрморт дегеніміз не?

Натюрмортты неден жасауға болады?

Симметриялы фигураларды қалай қиюға болады?

Алдыңғы білім

Көгөністер мен жемістер туралы қарапайым түсінік. Қайшымен жұмыс жасау білігі: жолақты тіктөртбұрыш етіп қию; шаршыны үшбұрыш етіп қию; шаршы немесе төртбұрыштың бұрыштарын қиып алып, домалық және сопақ пішіндерді қию. Симметриялық емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе ойдағы пішін бойынша сұлбаны қию дағдысын қалыптастыру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс- әрекет

Ресурстар

Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

Өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою 2–5 минут

(ұ) ұОқ оң көңіл күй туғызу.

Өлшемі мен түстері

Әртүрлі көгөніс пен жемістердің муляждары.

(ұ) Педагог балаларға көгөніс пен жемістер натюрморты бейнеленген суреттердің репродукцияларын көруге ұсынады. Тәрбиеленушілер жұмбақты шешеді:

Егер суретте сен көрсең,

Самаурынды үстелдегі,

Жүзімді себеттегі,

Құмырадағы раушан гүлді,

Немесе қола сауытты,

Көгөніс, жеміс-жидек, не торт –

Ендеше, бұл ... (натюрморт)

Педагог балаларды ҰОҚ-нің тақырыбына жақындатады.

Натюрморт бейнеленген

суреттердің репродукциялары.

III. ұОқ-нің

тақырыбы бойынша

жұмыс

6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс.

Балалар суретке қарап, қандай заттардың бейнеленгенін атайды. Суреттегі заттардың қайсысы негізгі болып табылатындығы туралы болжам жасайды.

Гүлдер, жеміс-жидектер, көгөністер мен тұрмыстық заттар бейнеленген суреттер натюрморт деп аталады.

(Ж) Шағын зерттеу: көгөніс пен жемістердің муляжына қарап, олардың көлемін, пішінін және түсін анықтау. Педагог ауызша көркем сөзді пайдаланып, затқа сенсорлық зерттеу ұйымдастырады. Қию барысында балалар ақырын (немесе ішінен) жұмыс барысының ретін айтып отырады.

Әліппе-альбом.

Көгөніс пен жеміс муляждары.



Педагог балаларды натюрморт жасау үшін не керектігі туралы ойлануға шақырады. Жұмысқа дайындықты тексереді.

(ұ) саусақтарға арналған «Орамжапырақ» жаттығуы.

Бұл қандай сықырлаған үн? (саусақтарды өзара айқастыра бекітіп, білезікті айналдыру.)

Бұл қандай қытырлаған үн? (саусақтарды өзара айқастыра бекітіп, алақандарды бір­біріне соққылау)

Мынау қандай түп? (қолдың саусақтарын тарбитып, алақанды алға созу.)

Сықырламасам, қытырламасам,

Мен қалай орамжапырақ боламын! (саусақтарды айқастырып, доп ұстап тұрғандай домалақтау.)

Біз орамжапырақты тураймыз, (қол саусақтары қосылған, біресе төмен, біресе жоғары кесіп жатқандай қозғалыстар жасау.) Біз сәбізді үккіштен өткіземіз (қолдарды жұдырыққа жұмып, кір жуғандай етіп, бір­біріне ысқылаймыз.)

Біз орамжапырақты тұздаймыз (екі қолдың саусақтарымен тұздап жатқандай қимылдар жасау.)

Біз орамжапырақты сығамыз! (қолдарды жұмып ашу).

(ұ) Аппликацияны орындау технологиясы.

Үшбұрыш пішінді ақ қағазды қиямыз немесе жыртамыз – бұл дастарқан болады. Дастарқанның жиегінде шашақтар қиямыз. Екіге бүктелген түрлі түсті қағаздан натюрморт үшін барлық симметриялық заттарды қиып аламыз.

Натюрмортқа арналған барлық заттарды дастарқан үстіне орналастырамыз.

Натюрморт затына көлеңкелер жасаймыз. Түрлі түсті қағаздан жырту арқылы кішкентай түйірлер жыртып, жапсырамыз.

Қарындаш пен фломастердің көмегімен қажетті элементтерді толық саламыз.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі.

ҰОҚ шеңберінде педагог баланың ірі бөлшектерді қайшының кең ашылған ашаларымен, ал ұсақ бөлшектерді ұсақ, мұқият қимылдармен қиюға болатынын біле отырып, қайшы ұстаған қолының шынтағын алға қарай созбауын, екі қолының қимылдарын қадағалауын бақылайды.

Түрлі түсті қағаз, қарапайым қарындаштар, қайшы, ПВА желімі (немесе желімқарындаш), желімге арналған жаққыш, сулық клеенкалар.

Жадынама.

IV. ұОқ қорытындылау. Рефлексия.

26–30 минут

(ұ, ө) Рефлексиялық бағалау:

Педагог ҰОҚ-ін қорытындылайды. Бүгін барлығы қолынан келгендерге қол соғуды, одан кейін қиындыққа тап болғандарға қол соғуды ұсынады.

«Бағдаршам»

Балалар карточкалармен белгі береді:

  • жасыл – осындай тапсырмалардың көп болуын қалаймын, барлығын орындадым;

  • сары – ұнады, бірақ барлығын ойдағыдай орындай алмадым;

  • қызыл – бұл іс ұнамады, зеріктім.

Белгілік карточкалар: жасыл, сары, қызыл.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!