Сабақ жоспары: "Ежелгі Үндістан" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: "Ежелгі Үндістан" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүние жүзі тарихы пәнінен 6-сыныпқа арналған "Ежелгі Үндістан" тақырыбындағы сабақ жоспары әдіс-тәсіл түрлері және тапсырмаларымен жоспарланған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: § 18. Ежелгі Үндістан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Үндістанның табиғат жағдайы, ең ежелгі қалаларының даму ерекшелігі туралы түсінік беру.

Тәрбиелік: Үндістандағы әлеуметтік теңсіздіктерге тоқтала отырып, өз құқықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, карта

Пәнаралық байланыс: География

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

І. «Кім жылдам» ойыны

1. Б.з.б. ХҮ ғ. күшейген қала –мемлекеті. (Ашшур)

2. Урарту мемлекетінің астанасы (Тушпа)

3. Хеттер б.з.б 1595 жылы қай елді тонады? (Вавилон)

4. Парсы патшасының тағына б.з.б 522 жылы отырған патша (І.Дарий)

5. Соғды елінің астанасы. (Самарқан)

6. Ең ежелгі мәліметтер беретін шығарма (Авеста)

7. ІІІ ғасырда Иран жерінде қалыптасқан мемлекет (Сасанилер)

8. Б.з.б 130 жылы Парифияға шабуыл жасаған Сирия патшасы (ІІІ Антиох)

9. Авеста кітабында «Тулары биік көтерілген ел» — атанған мемлекет. (Бактрия)

10. Хетт жеріндегі ең үлкен өзен (Галис)

ІІ. Төменде берілген астаналар мен мемлекеттерді сәйкестендір

Хетт 1. Тушпа

Соғды 2. Хаттуса

Урарту 3. Бактр

Бактрия 4. Самарқан

ІІІ. Тұлғаны таны

Қай елдің тұлғасы екенін тап.

Ашшурбанипал ( Ассирия)

Табарна (Хетт)

Дәуіт патша (Израил –иудей)

Набонид (Вавилон )

Тиридат (Парфия)

Астиаг (Вавилон)

ІІІ Антиох (Сирия)

ІҮ. Мемлекетті таны

Төменде берілген елдің қайда орналасқанын тап.

Парфия (Иранның солтүстігінде )

Кушан (Қазіргі Өзбекстан, Қырғызстан, және қашқар жерінде)

Бактрия (Тәжікстан мен Ауғанстан жерінде)

Мидия (Вавилонның солтүстік –шығысында)


Парсы патшалығы (Иран үстіртінің оңтүстігі, Вавилонның оңтүстік –шығысында)

Хетт (Қазіргі Түркия жерінде)

Урарту (Қазіргі Армения жерінде)

Ассирия (Вавилоннвң солтүстігінде)

ІІІ. Жаңа сабақ

Мәтінмен жұмыс

1)І топ.

1.Табиғат жағдайлары

2.Ең ежелгі қалалары

ІІ. топ

Үнді мемлекетінің құрылуы

Шаруашылығы.

Әлеуметтік қатынастар

Тарихи сынақ хат!

Үндістанның _________ бөлігі ежелден –ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы болды. Археологтар Үндістаннан алғашқы ________ ғасырына тән қоныстарды тапты. Үнді өзені бойынан _______ және Мохенджа –Даро қалалары табылды. Үнді жерінен _____ иероглифтік таңбадан тұратын жазу табылды. Б.з.б ______ ғасырға дейін Үндістанның солтүстігінде бірнеше ұсақ мемлекет қалыптасты. _____________ б.з.б ҮІ ғасырдан бастап тез күшейді.


____________ ежелгі Үндістан тарихында үлкен рөл атқарған жаңа билеуші. Чандрагупта ________ әулетінің негізін қалады. Үндістанда _________ шаруашылығы кең түрде дами бастады. ___________ саны көбейді.



Әріптерді дұрыс орналастыр


Төменде берілген әріптерды дұрыс орналастырсаң бір сөз шығады. Артық әріптерді бір қатарға дұрыс орналастырса, бір сөз шығады. Сол сөзге байланысты мақал-мәтел айтып жарысады.

ДШАЕУР

АУШАҢР

ХБМРБАНА

РЖГУАННЫЕ

ІНҮДК


ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге: § 18. Ежелгі Үндістан



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
906
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі