Материалдар / Сабақ жоспары "Екінші сыныпта оқимын" 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Екінші сыныпта оқимын" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі (орыс сынаптарында) мұғалімдеріне қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2018
4673
308 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп: Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы
Мұғалімнің аты-жөні: Жалғас Ақбота Ізбасарқызы
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Өзім туралы
Күні:

Сынып: 2 А


Сабақ №1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы
Екінші сыныпта оқимын.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.1.1.1 ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау


2.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.


2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

Сабақтың мақсаттары
Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды.


Көбі: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.


Кейбірі: тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысады

Күтілетін нәтиже
Сұрақтарға жауап береді. Диалогті толықтырып айтады.

Жаңа сөздер:
Нешінші, екінші, үшінші, қабатта, жақсы көремін.

Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті сіреттер, кестелер, желімқағаздар(стикерлер), суреттер, мультипроектор, альбомдар, слайдтар.

Оқыту әдістері:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, Шаттық шеңбері тренингі, топтық жұмыс, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері:
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.


Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал тғызу
Мұғалім оқушыларды Шаттық шеңберіне шаттық тұрғызып, өлең жолдарын оқиды:
Бәрі жақсы баланың,
Тілін алған ананың.
Бәрі жақсы баланың,
Беске оқыған сабағын.
Мұғалім оқушыларға өлең жолдарын қайталатады.
Мұғаліммен бірге қайталайды. Бір-біріне жақсы тілектер айтады. Қайырлы күн, достым! Әр күнің сәттілікке толсын!

Өткен сабақты тексеру
Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталады. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Ө.Ақыпбековтың Бес саусақ өлеңін оқиды, ой шақыру сұрақтарын қояды:
Мынау –
Бас бармақ,
Мынау –
Балаң үйрек,
Мынау –
Ортан терек,
Мынау –
Шылдыр шүмек,
Мынау –
Кішкене бөбек
-Балалар сендер қалай ойлайсыңдар. Өлеңде не туралы айтылады?
Оқушылар жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану
1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Олар оқиды, оқушыларға қайталатады.
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды.


Ә) Дұрыс айт айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.


Айтылым. Сөздерді дұпыс айтуға жаттығады, қайталайды.


2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.


3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.


Ә) Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.
Жазылым. Суреттерге қарап, диалогті толықтырып жазады.


5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бой жазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.
Ал, балалар тұрайық,
Алақанды ұрайық!
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық!
Орындарынан тұрып, сергіту жаттығуын жасайды, мұғаліммен бірге тақпақты қайталайды.

ІІІ. Ойтолғаныс
Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.
Оқылым. Айтылым. Мәтінді оқиды. Сөйлемдерге сұрақ қояды.

IV. Бекіту
Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.
Айтылым. Суреттегі кейіпкерлердің атынан диалог құрады.


Есте сақта айдарында берілген сөздерді жаттатады.
Берілген сөздерді жаттайды. Қайталайды

V. Бағалау
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.
Ішкі және сыртқы шеңбер техникасы бойынша өзара бір бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма
Жазу дәптерінен тапсырма беріледі


VII. Рефлексия
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді
Оқушылар сабактан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы көңіл-күйлерін білдіреді.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!