Материалдар / Сабақ жоспары "Электр қорегі" пәні бойынша
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Электр қорегі" пәні бойынша

Материал туралы қысқаша түсінік
«Электр қорегі» пәні туралы жалпы түсінік. Түзеткіш. Түзеткіштің құрылымдық схемасы, классификациясы, қоректену көзінің құрылымдық схемасы, жартылай периодты түзеткіштердің жұмыс істеу принциптері мен өндірісте түзеткіштің түрі қызметі туралы студенттерге жеткізу. Студенттерді арнайы біліммен қамтамасыз ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2021
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»

Сабақ жоспары № 1


1

Модуль /пән атауы

Электр қорегі

2

Сабақ тақырыбы

1.1 тақырып. Кіріспе. Түзеткіш құрылымының функционалды сызбасы

3

Дайындаған педагог

Джумагазиева Салтанат Базабаевна

4

Өткізілген күні

1.09.2021

5

Жалпы мәліметтер

Курс 2

оқу жылы 2021-2022

топ Т20-2А

6

Сабақ түрі

Аралас

7

Мақсаттары:


Білімділік:

«Электр қорегі» пәні туралы жалпы түсінік. Түзеткіш. Түзеткіштің құрылымдық схемасы, классификациясы, қоректену көзінің құрылымдық схемасы, жартылай периодты түзеткіштердің жұмыс істеу принциптері мен өндірісте түзеткіштің түрі қызметі туралы студенттерге жеткізу. Студенттерді арнайы біліммен қамтамасыз ету. Алынған ақпараттарды жүйелей білуге, шығармашылық ой-өрістерін дамытуға машықтандыру

Дамытушылық:

студенттердің ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру және теориялық білімнің қажеттілігін жеткізіп түсіндіру

Тәрбиелік:

пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, ұшқыр ойлы, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бар жеке тұлғаны қалыптастыру

8

Оқу сабақ барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

КҚ1 «Электр қорегі» пәні нені оқытатыны туралы біледі

КҚ2 Түзеткіштің құрылымдық схемасын оқи алады

КҚ3 Жартылай периодты түзеткіштердің жұмыс істеу принциптерін біледі

9

Қажетті ресурстар:

  1. Е.О. Федосеева «выпрямительные устройства», М.: «Искусство», 2010;

  2. А.И. Гербах, «Проектирование источников вторичного питания».-М.: «радио и связь!. 2012;

  3. А.Т. Бурков «Электронная техника и преобразователи», М.: Транспорт, 2011;

10

Сабақтың барысы

10.1

Ұйымдастырушылық-мотивациялық (10 мин.):

1. Сәлемдесу, студенттердің көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.

2. Аудиторияның тазалығын тексеру

3.Студенттерді түгендеу. Топтың сабаққа дайындығын тексеру

4. Комбпенсациялы тұрақтандырғыштары туралы түсіндіру.

10.2

2. Ұй тапсырмасын тексеру (25 мин)

Activity 1

Үлестірмелік тапсырма:

10.3

Кәсіби білікті қалыптастыру (40 мин.):

1. «Электр қорегі» пәні туралы жалпы мәліметтер

2. Түзеткіш туралы жалпы түсінік

3. Түзеткіштің құрылымдық сұлбасы

4. Түзеткіштердің классификациясы

  • 5. Жартылай периодты түзеткіштердің жұмыс істеу принциптері

Электрондық құрылғылардың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін ең алдымен қорек көзі деп аталатын энергия көздері қажет. Бұл үшін көптеген жағдайларда тұрақты кернеу көздері қолданады.

Қазіргі уақытта қорек көздері деп электронды аппаратураларды электр энергиясы мен жабдықтауға арналған және электр энергиясын өндіріп, оны электрондық аппаратураның әр бір түйінінің қалыпты жұмыс жасауына қажетті түрге келтіретін, құрылғылар мен аспаптар кешенін ұсынатын құрылғыларды айтамыз.

Электрлік қорек көздері бұл бірінші реттік қорек көзінің электр энергиясын электр қондырғыларын қорек көзімен қамтамасыз ету үшін белгілі бір шаманы түрлендіреді. Түрлендіру операциясын орындайтын қорек көзі екінші ретті қорек көзі деп аталады. Бірініші реттік қорек көздері ретінде өндірістік айнымалы ток желісін немесе дербес айнымалы ток көздерін және тұрақты ток көздерін пайдаланады.

Радиоэлектроника дамуының бастапқы кезеңінде қорек көздері ретінде гальваникалық батареялар қолданылды. Олардың негізгі кемшіліктері (әсіресе жүздеген вольт болатын тұрақты кернеулер кезінде) жиналып қалатындығы және қызмет ету мерзімінің аздығы болып табылады. Сондықтан кейінірек бұрыңғыларына қарағанда жетілдірілген құрылғылар жасалып шығарылды, олар арқылы айнымалы керенуді тұрақтыға түрлендіру мүмкін болды. Мұндай қорек көздерінің ыңғайлылығы, оларда жиілікті өндіргіш теп аталатын төменгі жиілікті айнымалы кернеулер қолданылады.

Электрондық құрылғыларды, аппатартарды қоректендіруге қажетті тұрақты тоқ көзін алу үшін түзеткіштік құрылғылар қолданылады. Осындай айнымалы ток энергиясын, тұрақты ток энергиясына түрлендіретін құрылғылар қоректену көздері деп аталады. Түзеткіштер бұл құрылғы, айнымалы тоқты тұрақты тоққа түрлендіру қызметін атқарады

Түзеткіш (орыс. Выпрямитель) айнымалы электр тогын тұрақты тоққа түрлендіретін құрал. Әдетте, токты түзету — ток тек қана бір бағытта өтетін вентильмен іске асырылады. Қолданылатын вентиль типіне байланысты вакуумдық, газразрядты, шалаөткізгіш және электртүйіспелі түзеткіш деп ажыратылады. Түзету сызбасына байланысты бір және екі жарты периодты, көпірлік және нөлдік шықпасы бар, бір фазалы және көп фазалы түзеткіш деп жіктеледі. Электрондық техникада екі жарты периодты бір фазалы көпірлік түзеткіш сызбалары қолданылады.

1-сурет. Түзеткіштің құрылымдық схемасы.



Күнделікті пайдаланылып жүрген радиоқұрылғылардың көпшілігі тұрақты токпен жұмыс істейді. Сырт көзге айнымалы токпен жұмыс істейтіндей көрінгенмен, олардың көпшілігі электр жүйесіндегі айнымалы кернеуді (220В, 50Гц) құрылғы ішінде тұрақты тоққа айналдырып алып отырады. Электрондық аспаптарды қоректендіру үшін жоғары сапалы тұрақты кернеу қажет.

Түзеткіштің жұмыс істеу принципі бір бағытта тоқ жүретін жүктеменің қорек көзіне қосылуын қамтамасыз етеді. Түзеткіш тоқ деп түзеткіштің жүктемесінде оң қысқышынан теріс қысқышына қарай жүретін тоқты айтады


2 сурет – жарты периодты түзеткіш сызбасы



2 суретте ауыспалы кернеудің трансформатордан диодқа өтеді, диод ауыспалы токты бірполярлы токқа түзететін құрылғы. Диод негізінен токты бір бағытта ғана өткізетін болса, бұл сызбада ол оң жарты толқынды өткізеді. Екі жарты периодты сызбаның кемшілігі болып трансформатордың орамдарын екі есе көбейту қажеттігі болып табылады, сондықтан өндірісте көпірлік (мостовая) түзеткіш сызбасын қолдану кеңінен таралған.

Түзеткіштің құрылымдық схемасы құрамына мыналар кіреді: күштік трансформатор, қоректенетін айнымалы кернеуді түрлендіру үшін қызмет атқарады. Вентиль айнымалы тоқты түзеткіш тоққа түрлендіруді қамтамасыз етеді. Тегістегіш сүзгілер тұрақтыға формасы бойынша жақын, түзетілген тоқты тұрақты тоққа түрлендіру қызметін атқарады. Түзеткіштің негізгі техникалық параметрі кіріс кернеу мәні U мен тоқ I, орташа түзетілген кернеу Uорт мен Iорт, бүлкілдеуді тегістейтін коэффициент q, пайдалы әсер коэффиценті η болып табылады. Электронды аппаратураның әр түрлі түйіндері мен блоктарды қоректендіру үшін, айнымалы тогы бар бір фазалы тораптан жұмыс істейтін түзеткіштерді жиі қолданады. Мұндай түзеткіштерді бір фазалық дейміз. Олар бөлінеді: 1) бір жарты периодты 2) екі жарты периодты 3) кернеуді көбейту сұлбасы. Үш фазалы тоқты түзету үш фазалы түзеткіш қолданылады.

10.4

Жаңа тақырыпты бекіту (10 мин.):

Activity 1

Сұрақ-жауап:

  1. Электр қорек көзі дегеніміз не?

  2. Бірінші қорек көзіне жататын қорек көздерін атаңыз?

  3. Түзеткіш дегеніміз не?

  4. Түзеткіштің құрылымдық сұлбасына не кіреді?

Activity 2

LearningApps интернет қосымшасында жасалған тапсырманы QR-кодпен сканерлеу арқылы тапсырманы орындау (Бүгінгі тақырып бойынша өтілген терминдерді таба отырып анықтама беру)


10.5

Бағалау (5 мин.):

- сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.


10.6

Сабақ бойынша рефлексия (7 мин.):

- кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем»

  • тақырып бойынша пайда болған сұрақтың мәселесін шешу кезінде студенттердің назарын белсендіру;

  • сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.

10.7

Үй тапсырмасы (3 мин.):

Орындалған жұмыстардың есеп беруін электронды түрде рәсімдеп, келесі сабаққа алып келу.



Оқытушы_____________С.Б.Джумагазиева




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!