Материалдар / Сабақ жоспары Файлдар және оларды өңдеу 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Файлдар және оларды өңдеу 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған материал информатика пәні мұғаліміне және информатика мамандығында оқитын студенттерге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Информатика

Күні: 05.10.17ж

Сыныбы: 9б

Сабақтың тақырыбы: Файлдар және оларды өңдеу

Сабақтың мақсаты: Файлдар туралы толық мәлімет беру.

Күтілетін нәтиже:

  • Файл түрлерімен танысады.

  • Файл түрлерін бір-бірінен ажырата алады .

  • Файлдауға Turbo Pascal программасында есеп шығара алады.

Қажетті ресурстар: интерактивті тақта, компьютер, Turbo Pascal программасы, проектор, сөзжұмбақ, кеспе қағаздар, есеп-карточкалар, сызбалар, жұлдызшалар, кеспе суреттер, стикер, конверт, маркер.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың

іс-әрекеттері

I.

Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

  • Сәлемдесу;

  • Түгендеу;

  • Психологиялық ахуал орнату.

  • Оқушыларды суретер арқылы топқа бөлу.

Амандасады.

Сабаққа дайындалады.

Топқа бөлінеді.

II.

Үй

тапсырмасын

тексеру

5 мин

Қосымша А. Тапсырмалар

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында:

1 топқа кеспе суреттер беріледі. Берілген кеспелерден, бүтін сурет шығарып, оның атауын ағылшынша айтады.

2 топқа Бос орынды толықтыр

3 топқа Сөзжұмбақ

1 топ толық сурет құрап шығып, атауын айтады.











Бос орынды толықтырып, тапсырманы орындайды.











Сөзжұмбақты шешеді.

ІІІ.

Бағалау

1 мин

Әр дұрыс жауап жұлдызшамен бағаланады.

1-ші болған топқа - 3 жұлдызша

2-ші болған топқа – 2 жұлдызша

3-ші болған топқа - 1 жұлдызша беріледі.

Жауаптарына сай жұлдызшалар алады.

ІV.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

10 мин

Қосымша Ә. Сызбалар

Көрнекілік сызбаларды пайдалана отырып жаңа тақырыпты түсіндіреді. Тақырып бойынша қысқаша конспект жазғызады.

Жаңа тақырыпты меңгереді.

Дәптерлеріне қысқаша конспект жазады.

V.

Практикалық бөлім

10 мин

Қосымша Б. Есеп

Карточкадағы есепті топтарға таратып береді. Есеп шығару барысын қадағалап жүреді.

Есепті топпен шығарып жауабын айтады.

VІ.

Бағалау

1мин

1-ші болған топқа - 5 жұлдызша

2-ші болған топқа – 3 жұлдызша

3-ші болған топқа - 2 жұлдызша беріледі.

Жауаптарына сай жұлдызшалар алады.

VІІ.

Қорытындылау

4 мин

Қосымша В. Сәйкестендіру. Қорытынды сұрақтар

  1. Мәтіндік айнымалылармен жұмыс істеуге арналған процедураның негізгі операторларын сәйкестендіруді сұрайды.

  2. 3 топқа сұрақтар береді.

І – топқа: Файлдар дегеніміз не?

ІІ – топқа: Файлдың неден тұрады?

ІІІ – топқа: Файл түрлерін ата

Топпен сәйкестендіріп, жауабын береді.


Берілген сұраққа топ бойынша ақылдасып, бір оқушы жауабын айтады.

VІІІ.

Бағалау

2 мин

Оқушылардан барлық кезең бойынша жинаған жұлдызшаларын санауларын сұрайды.

Көп жұлдызша жинаған топ жеңіске жетеді.

Жұлдызшаны санайды.

ІX .

Рефлексия

3 мин

Қосымша Г. Рефлексия

Оқушыларға стикер таратып беріледі.

Сабақ ұнап, жақсы түсінсе, стикерді күнге, тақырыпты дұрыс түсінбесе бұлтты күнге, мүлдем түсінбесе бұлтқа жапсыруларын сұрайды.

Таңдаған суретке жабыстырып, оның мәнін айтады.

Х

Үй тапсырмасы.

1 мин

Мәтіндік айнымалылармен жұмыс істеуге арналған процедураның негізгі операторлары туралы кестені жаттап келу.

Күнделіктеріне жазады.











Қосымша А.











Shape1















Жауаптары: 1. Программалық қамтамасыз ету, 2.Қолданбалы жүйелік программалар, 3. Программалық жабдықтау системасы









С
өзжұмбақты шеш



1.Мәліметтерді қысу, сығу үрдісін орындайтын бағдарлама қалай аталады?

2. Вирустарды анықтап, олардан жедел құтылуға мүмкіндік беретін жедел программа?

3. Компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар?

4. Магниттік мәлімет сақтағышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны қалай аталады?



Ескерту: жауаптарын ағылшынша жазыңыз.

Жауаптары: 1. Archiver, 2.Antivirus, 3. Operating System, 4. Program

Қосымша Ә.

Shape2



Мәтіндік айнымалылармен жұмыс істеуге арналған процедураның негізгі операторлары





assign (файлдық айнымалы)

«файл» атты файлдық айнымалының міндеті

reset (файлдық айнымалы)

мәтіндік файлды оқу үшін

rewrite (файлдық айнымалы)

мәтіндік файлды жазу үшін ашу

append (файлдық айнымалы)

мәтіндік файлды толықтыру үшін

close (файлдық айнымалы)

файлды жабу

eof (файлдық айнымалы)

файлдың соңын анықтау










Файлдар

Компьютердің сыртқы жадына белгілі бір атаумен сақталған деректер жинағы файл деп аталады. Дисктегі әр файлдың екі бөліктен-атауы мен кеңейтілуінен тұратын белгілеуі болады.Атауы 8 символдан тұрады (үлкен және кіші латын әріптері,цифрлар және символдар (: ! ,@,#,%,^,&,(,),-,_).Кеңейтілу мен атау нүктесімен бөлініп,рұқсат етілген үшке дейінгі символдардан тұрады.

Файлдардың екі түрі бар: тізбекті(мәтіндік) және ерікті (типтік) қатынас құру файлдары.Тізбекті файлдар ұзындығы әртүрлі элементтерден тұрады,олардың аралығында ажыратқыш белгілері бар.Тізбекті файлдардың элеметтерін табу үшін алдыңғы файлдардың бәрін қарап шығу керек.Мұндай файлды магнитофон таспасымен салыстыруға болады.Нақты өлеңді табу үшін кассетаны басына дейін қайта орап,керекті өлең табылғанша өлеңдерді бірінен соң бірін тыңдап шығу керек қой.Ерікті қатынас құру файлдары үшін оның әр компененттеріне қатынауға ұйымдастыруға болады.

Бұдан былай мәтіндік файлдар туралы сөз болады.Файлдар айнымалыларды сипаттау бөлімінде файлдық айнымалы text типімен сипатталады.

Var аты: text

Файлмен жұмыс жасау үш пунктен тұрады:

-файлдарды ашу

-оқу немесе жазу

-файлдарды жабу

Мәтіндік айнымалылармен жұмыс істеуге арналған процедураның негізгі операторлары:

Pascal-да файл айнымалы болып табылады,сондықтан оның аты бар.Екінші жағынан,операциялық жүйе өз кезеңінде файлдардың аттарын пайдаланады. Pascal-дағы айнымалы файл мен операциялық жүйедегі файл атының арасындағы байланысты тағайындау(анықтау) үшін assing процедурасы пайдаланылады,assign(f,`ln.txt`)процедурасы программадағы файлдық айнымалы f-пен ln.txt сыртқы файлдың арасындағы сәйкестікті тағайындайды.Бұндай сәйкестік f айнымалысына қолданылатын операциялардың бәрі дискіде сақталатын ln.txt файлына да қолданалатынын білдіреді.

Жаңа файл жасау үшін rewrite опреаторы пайдаланылады.Файлды rewrite операторында ашу ол файлда сақталған мәліметі жоғалтуға алып келеді.Файлдағы информацияны толықтыру үшін append операторы пайдаланылады,оларды шығару тізімінің алдында файлдық айнымалы writeln (f,s) жазылады,write операторы файлға шығарылатын информацияны ондағы бар информациямен жалғастырады, writeln операторы шығару тізімінде ұйғарғанның бәрін жазады да,енгізуді жолдың соңғы символымен аяқтайды.Әр файлмен оның нақты элеметін көрсететін ағымдағы көрсеткіш ұғымы байланысты.Файл ашылғанан кейін көрсеткіш оның бірінші символын көрсетеді.read(f,c) операторы жолды бір символ арқылы оқып, оны с(сhar типті)айнымалыға айналады.




Қосымша Б.

Program esep1 {Мәтіндік файлды құру};

Var f:text; s:string; c:real;

begin

write('1-жолды енгізу ');{Файлды жазу};

readln(s);

assign(f,'ln.txt');

rewrite(f);

Writeln(f,s);

close(f); {Файлға жол қосу};

write('2-жолды енгізу);

readln(s);

append(f);

writeln(f,s);

close(f); {Файлдан оқу};

while not eof(f) do{Файлдың соңы емес}

begin

read(f,c);writeln(c);

end;

close(f);

readln;

end.

Қосымша В.



Мәтіндік айнымалылармен жұмыс істеуге арналған процедураның негізгі операторларын сәйкестендір.

1. assign (файлдық айнымалы) А. мәтіндік файлды оқу үшін

2. reset (файлдық айнымалы) Ә. мәтіндік файлды толықтыру үшін

3. rewrite (файлдық айнымалы) Б. файлды жабу

4. append (файлдық айнымалы) В. мәтіндік файлды жазу үшін ашу

5. close (файлдық айнымалы) Г. файлдың соңын анықтау

6. eof (файлдық айнымалы) Ғ. «файл» атты файлдық айнымалының міндеті



Жауаптары: 1-Ғ, 2-А, 3-В, 4-Ә, 5-Б, 6-Г









І – топқа: Файлдар дегеніміз не?

ІІ – топқа: Файлдың неден тұрады?

ІІІ – топқа: Файл түрлерін ата









Қосымша Г.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!