Сабақ жоспары "Ғаламдағы ғажайып ғимараттар. Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Ғаламдағы ғажайып ғимараттар. Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ғаламдағы ғажайып ғимараттар. Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері" тақырыбы бойынша сабақ жоспары. 10 сыныпқа арналған . Қазақ тілі пән мұғалімдері өзіне қажеттісін ала алады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ:Қазақ тілі

колледж: «Қаржы академиясы» АҚ колледжі

Күні:

Оқытушы есімі: Махмет А.

Оқыталытын курс: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ғаламдағы ғажайып ғимараттар. Сөйлем. Сөйлем түрлері мен мүшелері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

10.3.4.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп

жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі

ақпаратты іріктеу;

10.4.4.1 – сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді талдай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтіндегі негізгі ойды ажыратады. Өз көзқарастарымен жалғастырады.

Кейбір оқушылар орындай алады: «Ойқозғау» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріп, дәлелдер келтіреді.

Тілдік мақсат:

Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді талдау, сөйлем, сөйлемнің граматикалық құрылысы және жүйесін нақтылау, сәулет өнері туындыларының маңызын ғаламдық мәселелермен байланыстыру

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сөйлемнің граматикалық құрылысы, озық технологиялар

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер: менің ойымша, болуы мүмкін, ықтимал...

Бағалау критерийлері

Сәулет өнері туындыларының маңызын ғаламдық мәселелермен байланыстырады; Сөйлем, сөйлемнің граматикалық құрылысы және жүйесін нақтылайды; Синтаксистік нормаларды есте сақтайды. Өз көз қарастарын білдіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу. Түсіну. Қолдану.

Құндылыққа баулу

Ғажайып ғимараттар – мәдениеттің құрамдас бөлігі.Сәулет өнері– ұлттың рухани қазынасы.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қазақстандағы әлеуметтік топтар. Туынды сөз

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

Ой түрткі . Суреттерге қарап жаңа тақырыпты болжайды.

Стоп кадр. Бейнебаянды мұқият тыңдайды, қажетті ақпаратты есте сақтайды

Дескриптор.

-сәулет өнері туралы біледі;

- сәулет өнері туындыларының маңызын ғаламдық мәселелермен байланыстырады;



Сабақтың

ортасы

Екіжақты түсіндірме күнделігі. Бейнебаяннан алған әлемінің ғажайып ғимаратттары туралы алған ақпараттарын екіжақты түсіндірме күнделігіне жазады. Өз жауаптарын салыстырады, толықтырады.

Ойқозғау. Сөйлем, сөйлемнің граматикалық құрылысы, сөйлемнің құрамына қарай түрлері, сөйлем мүшелері, тұрлаулы, тұрлаусыз сөйлем мүшелері, жай сөйлем түрлері сияқты сұрақтарға жауап бере отырып, грамматикалық тақырыпты еске түсіреді.

Дескриптор.

- жай сөйлем сөйлем мүшелеріне байланысты қалай бөлінетіндігін біледі;

-сөйлем түрлерін ажырата алады;

Мағынанытану. Грамматикалық тақырыпты тиянақтау мақсатында берілген мәтіннен сөйлемді сөйлем түрлеріне қарай сатылай кешенді талдау жасайды.

Дескриптор.

-жай сөйлем түрлерін ажырата алады;

- сөйлем түрлеріне, жай сөйлем түрлеріне сатылай кешенді талдау жасай біледі;

Тізбекті ажырату. Мәтіннен графикалық деректерді табады, асытын сызады.


Дескриптор.

  • Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді талдай алады.


Сабақтың

аяқталуы

Бағалау.

Үйге тапсырма беру. «Қазақ еліндегі ғажайып ғимараттар» таныстырылым дайындау

Қорытындылау.

Қосымша ақпарат

Саралау - сіз қалай көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТмен байланыс Құндылықтардағы

байланыс

*

*

*

Рефлекция

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1: 2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды(оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1: 2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2021
4006
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі