|
Сабақ тақырыбы: |
Глобусты қалай қолданады? |
Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебі |
|||
|
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: Гүлжанат Байжұмаева |
|||
|
СЫНЫП: 1 Б сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Ресурстар: |
түрлі түсті түймелер. |
||||
|
Күтілетін нәтижелер: |
|
||||
|
Сабақтың мақсаты: |
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау |
||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
||||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут |
Аққу болып ұшамыз Көлге келiп қонамыз Көлдiң бетiн құшамыз Қайта самғап ұшамыз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! |
Шаттық шебері |
|||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Глобус (латын тілінде шар деген мағынаны біл діреді) — Жер ғаламшарының бірнеше есе кіші рейтілген моделі. Дәл осы модель біздің ғаламшарымыздың сыртқы бейнесін және оның бөліктерінің арақатынасын анық көрcетеді. Глобус ежелгі заманнан бар. Көне жазбаларда Жер шары моделін 2000 жылдай бұрын Пергама тұрғыны Кратес жасаған деген дерек бар. Ең бірінші глобусты неміс географы және саяхатшысы Мартин Бехайм жасаған (1492 ж.). Ол оны “Жер алмасы” деп атаған. Бірақ оның глобусында Солтүстік пен Оңтүстік Америка жоқ еді. Себебі ол кезде Оңтүстік және Солтүстік Америка әлі ашылмаған болатын. ХVІІ ғасырда Лондонда пішіні апельсинге ұқсас, қалтаға сыятын кішірек глобустар сатылды. Оның жартышарының ішкі жақтарында аспан жарықшаларының картасы бейнеленген. Сол кезде бұл глобус Жердің де, аспан денесінің де моделі болып саналып келді. Осы күнге дейін Санкт-Петербург қаласындағы мұражайда диаметрі 3 метр 19 сантиметр болатын глобус сақтаулы. Оның сыртқы бетінде Жер картасы, ал ішкі жағында жұлдызды аспанның картасы бейнеленген. |
|
|||
|
Сабақтың ортасы 5 минут |
1-тапсырма Кіріспе тапсырма. Оқушыларға алдыңғы сабақтағы ғарышқа сапар жалғасатынын ескертіңіз. Оқушылар өздерін ғарышта жүрміз деп елестетсін. Мұғалім “Балалар, біз бүгін де ғарыш кемесімен сапар шегеміз” деп, cабақты қызықтыруға болады. Бұл тапсырманы оқушылар өздерін теңізші, альпинист, орманшы ретінде сезінетіндей етіп, рөлдік ойын түрінде ұйымдастырыңыз. Олардың назарын Жер ғаламшарының өте үлкен екеніне аударыңыз. Ойын барысында сұрақтар қойыңыз: — Жердің барлық түкпір-түкпірін көру үшін не істеу қажет? — Біздің ғаламшарды оның үстінде тұрып тұтас көруге бола ма? Жер. Оқушыларға ғарыштан түсірілген Жер ғаламшарының фотосуреттерін көрсетіңіз. Оларды талқылаңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз: — Фотосуреттен не көріп тұрсыңдар? — Жерді тұтастай көруге бола ма? (Жоқ.) — Неліктен? (Ол үлкен, бір фото арқылы оны жан-жағынан көрсету мүмкін емес.) — Осыншама үлкен Жерді жан-жағынан қалай көруге болады, себебі біз Жерді кішірейте алмаймыз ғой? Оқушылардың пікірін толық тыңдаңыз. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды бірден айтуға асық паңыз. Оның дұрыс- бұрыстығын келесі тапсырманы орындау барысында өздері түсінеді. |
Ойыншықтар глобус |
|||
|
Жұптық жұмыс |
2- тапсырма Зерттейік. Оқушылардан ермексазбен кез келген заттың моделін жасауды ұсыныңыз. Кейбір оқушылар сынып бөлмесіндегі барлық заттардың моделін жасай алады. Модельдердің суреттерін де салуға болады. Жұмыс барысында оқушылардың не жасап жатқанын сұраңыз. Кейбір оқушылар Жердің моделін жасауға талпынуы да мүмкін. Ондай оқушылар болса, мақтап қойыңыз. |
Ермексаз |
|||
|
Топтық жұмыс 10 минут |
3- тапсырма
|
А4 форматы маркер |
|||
|
Қосымша тапсырма 10 минут |
1-тапсырма Глобус не үшін қажет? 2-тапсырма Модель |
39 –жұмыс парағы 41-бет 40-жұмыс парағы 42 – бет |
|||
|
Рефлексия 2 минут |
|
Кеме |
|||
|
Бағалау |
Оқушылар глобус — Жердің кішірейтілген мо делі екенін біледі және алған білімдерін қолдана алады. Сұрақтар бойынша әңгімелесу
Глобус. Оқушылар глобус салынған суретті қа жетті түстермен бояуы керек. Оқушылардың “құр лық” және “су” ұғымдарының айырмашылығын түсін генін жұмыс барысында бақылаңыз |
||||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? |
|||||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары. "Глобусты қалай қолданады?" 1 сынып

шағым қалдыра аласыз