Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары Химиялық реакция теңдеулер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Химиялық реакциялардың теңдеулерін құру |
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
8.2.3.4 эксперимент жүзінде әрекеттесетін заттардың арақатынасын анықтау 8.2.3.5 реакцияға қатысқан әрбір заттың формуласын жазу арқылы химиялық реакцияның схемасын құрау 8.2.3.6 зат массасының сақталу заңына сүйеніп, реакция теңдеулерін теңестіру |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Оқушылар зат массасының сақталу заңы негізінде химиялық теңдеулерді құра біледі . Оқушылардың басым бөлігі: Химиялық реакция кезінде зат массасының сақталатындығын біледі, тәжірибе жүзінде реакцияға түсетін заттардың арақатынасын анықтай алады. Кейбір оқушылар: Химялық теңдеулер алгоритімін құра біледі, әрекеттесуші заттардың атом сандарын сақтай отырып, химиялық реакцияларды теңестіре алады. |
Табыс критерийлері |
химиялық реакция теңдеулері туралы ұғым қалыптасады. химиялық реакция теңдеуін жазады химиялық реакция теңдеуін жазып теңестіреді, сипаттайды |
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Оқушылар химиялық теңдеулерге қатысты сұрақтарды түсіне және жауап бере алады, оларды қалай теңестіретіндіктерін түсіндіре алады. Негізгі сөздер мен тіркестер: Химиялық теңдеу, атомдар,теңдеудіңсол/оңбөлігі, теңдеулерді жазу, бірдей, сақтау Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Неліктен химиялық теңдеу дейді? Бұл реакцияны қалай теңестіреді? Сіз неліктен, бұл бөлікте х атомдар у бар, сондықтан басқа бөлікте де атомдардың осындай саны болуы тиіс екенін айта аласыз ба? Жазылым бойынша ұстанымдар: химялық теңдеулер алгоритімін құра білу |
Құндылықтарды игерту: |
Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-бірінеқолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады. |
Пәнаралық байланыс: |
Физика мен математика |
АКТ-ны қолдану дағдылары: |
PowerPoint таныстырылымы. |
Алдыңғы оқу |
Қосылыстар мен қоспаларды түсіну Атомдық массаға қатысты қарапайым формулаларды білу Қосылыстар формуласын жаза білу |
Жоспар-ланған уақыт |
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет) |
Ресурстар |
||
Басы |
Шеңбер болып тұрып бір-біріне химиялық тілек айтады. Оттектің қуатын тілеймін Фосфордың жарығын тілеймін Азоттың өміршеңдігін тілеймін Полонийдің ыстық жүрегін тілеймін Висмуттай ақ бол Сурьмадай пәк бол Қорғасындай салмақты бол Мінезің мыстай майысып, Сынаптай сырғып кетпесін. Шаштарың қара көмірдей, Мүсінің құйған темірдей болсын. Асыл металдар алтын, күміс, платинаның асылдығын тілеймін Сілтілік металдар литий, натрий, калийдің белсенділігін тілеймін, Барлық элементтердің энергиясын тілеймін Топқа бөлу: химиялық ыдыстар құты мен стақан суреттерін таңдау арқылы «өнім», «реагент» деп екі топқа бөлінеді. Үй тапсырмасын сұрау: Зат құрамының тұрақтылық заңын топтастыру стратегиясы бойынша айтады. 1-топ: «Реагент» 19 ғасырда ғалымдар Бертолле мен Жозеф Луи Пруст арасында зат құрамы тұрақты ма, жоқ ауыспалы ма деген ғылыми қарама-қайшылық болды. Бұл қарама-қайшылықта Пруст жеңді. Әрбір күрделі заттың алыну тәсіліне, кездесетін жеріне қарамастан құрамы тұрақты болады. Мысалы:
2-топ: «Өнім» Заттың құрамын оның молекуласындағы атом сандарының және массаларының қатынастары арқылы сипаттайды. Мысалы, СО2 молекуласы үшін элементтердің қатынасы m(C):m(O)=3:8 Мысалы:
Француз ғалымы Жозеф Луи Пруст 1799-1806 жылдары әр түрлі қосылыстардың құрамын зерттей келе, мынадай тұжырым жасаған: Химиялық таза заттың құрамы алыну әдісі мен алыну көзіне қарамай тұрақты болады.
1. Химиялық формула дегеніміз не? 2.Химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қасиеті. 3.Тұрақты валенттік, ауыспалы валенттік ұғымдарына түсінік бер. 4. Бір заттың екінші бір затқа айналуы 5. Химиялық реакцияның белгілері Топтарбірін бірі бағалайды Жауап толық түсінікті. Толықтыруды қажет етеді. Түсініксіз болды. |
Интерактивті тақта |
||
Ортасы |
Жаңа сабақ: оқушыларға тақырыпты өз беттерімен оқып, топта талдап, постер құрады. 1 топ
2 топ Химиялық реакция теңдеуі дегеніміз– химиялық реакцияны химиялық таңбалар және химиялық формулалар арқылы шартты түрде жазу.
1 жұп: – азот пен оттегін әрекеттестір: 2N2+3O2=2N2O3 2 жұп: Фосфор мен оттегін әрекеттестір: 4P+3O2=2P2O3 3 жұп: Мыс пен оттегін әрекеттестір: 2Cu+O2=2CuO 4 жұп: темір мен оттегін: Fe +O→FeO
реакция теңдеулерін жазып, коэффициенттерін қойып теңестір. 1 топ: Калий және оттегі 2K+O2→ 2K2O Фосфор (V) және оттегі 4P +5O2→2P2O5 Күкірт (VI) және оттегі S+O2→SO2 2 топ: Натрий және оттегі 4Na + O2→2Na2O Магний және оттегі 2Mg +O2→2MgO Күкірт (IV) және оттегі 2S+3O2→2SO3 5.сергіту сәті Постер қорғайды. Топтар бірін-бірі екі жұлдыз бір тілек әдісі арқылы бағалайды. 1.І –ІІ топқа - Неліктен химиялық реакция теңдеулері деп аталады? -Химиялық реакция теңдеулері алгоритімі қалай жазылады? Оқушылар А2 қағазға теңдеуді жазады. «Химиялық теңдеулер, зат массасының сақталу заңы» тақырыбы мәтінімен топтық жұмыс жүргізе отырып, талдау жасап, негізгі мәліметтерді топтастыру арқылы оқулықтағы мәтінді игереді. Екеуара бірлескен жұмыс ...+І2=АlI2 …+Br2=AlBr3 Fe+…=FeCl3 S+…=SO3 Ba+…=BaO Cu+ …= Cu2O 2. Темір күкіртпен, алюминий мен күкірт әрекеттесу тәжірибесі көрсетіледі. Оқушыларға тапсырма . Осы тәжірибенің реакция теңдеуін жазу. (әр топтан бір-бір оқушыдан келіп тақтаға жазады.) Зат массасының сақталу заңын пайдаланып, химиялық реакциялардың теңдеулерін жазады. Реакция теңдеулерін химиялық формулалар арқылы түрлендіріп жаз. А) натрий + хлор натрий хлориді В) темір +азот қышқылы темір нитраты +сутек С) магний оксиді + тұз қышқылы магний хлориді + су (химиялық теңдеудің құрамдас бөліктері Коэффицент,индекс, реагент, өнім сипаттап жазады) Сөзбен жазылған химиялық реакция теңдеулерін формуламен түрлендіріп жаза алады. Сіздің ойыңызша химиялық реакция теңдеулерін төмендегі алгоритім бойынша жүргізген дұрыспа? Неліктен? 1) реакцияға түсетін зат формулаларын жазу P + O2 2) реакция нәтижесінде түзілетін зат формуласын жазу P + O2 → P2O5 3) оң және сол жақтағы атом сандарын теңестіре отырып, коэффиценттерін қою 10 P + O2 →P2O5 4)жалпы атом сандарына бөле отырып, атом санын табу 10 10:2=5 10:5=2 5)Басқа атомдарды теңестіру 4 P + 5O2 = 2 P2O5 Ойлан, тап (химиялық реакция теңдеулеріндегі қажетті заттардың формуласын қойып, коэффициенттерін жазыңдар ) …+O2→CuO2 2Cu + O2→2CuO …+ … →Na2S 2Na + S→Na2S …+CI2→ZnCI2 Zn + CI2→ZnCI2 2 топ: …+
O2→Fe Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |