Сабақ жоспары "Жанды су"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Жанды су"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларға судың табиғатта, адам өмірінде алатын мәнін аша отырып, қиянат жасамау құндылығын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

: 27

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Жанды су

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Тазалық, қамқорлық, үнемшілдік.

Мақсаты: Оқушыларға судың табиғатта, адам өмірінде алатын мәнін аша отырып, қиянат жасамау құндылығын қалыптастыру. 

Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға суды таза ұстаудың маңыздыдығын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың суға қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

https://angimeler.wordpress.com

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

 «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз. 

2. Үй тапсырмасы.

1. №26 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №27 – сабақ, «Көзата бұлағы» аңызын оқып келу Сұрақтар:

Қазығұрт тауының етегінде қандай адам өмір сүрген?

Оған неліктен адамдар ағылып келетін болған?

Әулие мазарының жанында қандай ғажап оқиға болды?

Бастауды неліктен шипалы дейді?

Өзің «Бұлақтай таза болу» дегенді қалай түсінесің? Айтып бер.


3. Сабақтың дәйексөзі.

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат. 
М.Хакімжанова 

Сұрақтар:

1. Адамдар судан қандай жақсы қасиеттерді, әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсыңдар?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу: 
- Адамдар судан тынбай еңбек етуді, еліне қызмет жасауды, мақсатына жетуді, ешкімнен ақы сұрамауды, риясыз жақсылық жасауды, өзін таза ұстауды, ақжарқын көңілді жүруді үйрене аламыз. 


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

«От пен су» ертегісі 
Бір күні от пен су кездесіп қалады.От судан: 
- Қайдан келе жатырсың? – деп сұрады.Су оттың сөзіне ашуланып: 
- Сенің ағайындарың жеті жұртты құртқан жұт әкелетін жалмауыздар, бір үйді ыстық алауына орап, күл – талқан етті! – деді. От: 
- Суеке, оған менің қатысым қанша? – деп еді, су одан бетер айқайлап, 
- Бір күшейіп алсаң, айналаңа дес бермей, көзің тоймай бәрін бірақ жалмағың кеп араның ашылады да тұрады!-деді. Сонда от: 
- Ай Суеке, талай жерді, талай елді, тіпті Адамзатты төсіңнің астына сап, басып қалғаныңды ұмытасың ау. Көктем болса болды арнаңнан құтырына асып, өткел бермей талай елді қан қақсатқан сен емей мен бе?-деді қалыспай. Әбден ашуға булыққан су: 
- Енді сенің үніңді біржолата өшірмесем бе, Су атым құрысын, - деп бар пәрменімен Оттың үстіне шапшыды. «Су бір айла жасар - ау» деп дайын тұрған От сытылып қаша жөнелді. Су өкшелеп қуа берді. Жан екпінмен қашқан От алып Орманға тығылды. Сол сәт Орман ағаштары қызыл алауға оранды. Енді судың жұмысы одан әрі көбейді. Ол орман ағаштарын өшіріп болам дегенше бойынан қауқар кетіп, әбден әлсіреді. Ең соңғы демін салып Отты шала – пұла сөндірді де есінен тана жығылды. От шала бықсып, жатты да бірте – бірте күш ала бастады. Су қатты шошынайын деді. Ол Оттан: 
- Отеке, бір ашуыңды маған бер мен әбден таусылып, әлсіреп жатырмын. Орманды өртей көрме, - деп жалынды. Сонда От: 
- Жақсылықты жалғыз өзің жасап жүргендей кеп маған кеудеңді көтересің. Бұл дүниеде екеуміздің де өз орнымыздың барын мойындағың келмейді. Орманды алауыма орайым деген ниетім болған жоқ. Сен ашуға алдырған соң өлмеудің амалын жасадым, өмірімді қорғадым. Егер сен килікпегенде бұл орман жайқалып тұрар еді. Одан да сен еңсеңді көтер, орманды суар, күш алсын, - деді. 
Дұрыс айтасың, - деген Су Оттың бетіне қарауға шыдай алмай Орманды жағалап ағып бара жатты. Суға қарап тұрған Оттың құлағы Су айтқан мына сөзді естіген еді. 
«От досым, мен ағаттық жасадым. Егер сен болмасаң Адамзат қалай жылынар еді. Әрбір үйге нұр шашып, жылу ұялатасың.Мен пақыр күнәмді өтеп, мына жайқалған орманды қайта қалпына келтіремін. Мені кешіріңдер» Су сөзі бара – бара көмескеленіп, мүлдем естілмей кетті. 
- Су бар жерде ну бар. Әлі – ақ бәрі қалпына келеді. Екеуміз де Адамзатқа керекпіз. Ауызбірлікте болайық.Енді қателік жасап алудан сақтанайық. Сен сол арнаңды асырмай, болмаса кемімей тыныш аққан күйіңде қал. Ал, мен дүрілдеп – дүркіремей күшімді шақтап жұмсауға уәде беремін, - деп сыбырлады. От сөзін жел қағып алып Суға жеткізді. 
Содан бері Су күш – қуаты бойына сыймаған күні әлемді кеудесіне баспай тарам – тарамдарға бөлініп, кетуге тырысып келеді. Ал От күшін Орман ағаштарының өзі алауына ораған, жас өмірін қиып түскен қиындыларына бөліп берді. 
. Сұрақтар: 
1. От пен Су не себепті бір- бірімен келіспей қалды? 
2. Ол екеуінің бір шешімге келуіне не әсер етті? 
3. Ертегіден қандай ой түйдіңдер?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Тапсырма: Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында тапсырмалар ұсынылады.Тапсырмаларды әр топқа бөліп беру. 
І топтың тапсырмасы: Суды қорғау жөнінде айтылған мақалдың мағынасын ашу «Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас» 
ІІ топтың тапсырмасы: Өзіміз тұрған мекенде қандай су көздері бар? Олардың суын қандай мақсатқа пайдаланады? 
ІІІ топтың тапсырмасы: Ластанған су деп қандай суды айтады? Суды қорғауға сендер қандай үлес қоса аласыңдар? 
Әр топ тапсырманы орындап болған соң жария етеді.Оқушылардың ойларын қорыту. 


  1. Топпен ән айту.

Балбұлақ

Өлеңін жазған Мүбәрак Жаманбалинов

Әнін жазған Нұрлан Дүкенбай

Сылдыр-сылдыр сылдырап,

Мөлдір бұлақ ағады.

Былдыр-былдыр бал құрақ,

Көмкереді жағаны.

Балғын-балғын балалар,

Саялайды құрақта.

Отырады жағада,

Шомылады бұлаққа.

Күнде келіп апам да,

Мөлдіреген су алып.

Тұнығынан шопан да,

Тұрады қой суарып.

Түрлі-түрлі, не түрлі,

Бар-ау қызық мінезі.

Еліктейтін секілді

Адамға да бұл өзі.

Тайызынан су алса,

Лайлана қалады.

Тереңінен су алса,

Күлім-күлім қағады.


7. Үй тапсырмасы.

1. №27 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №28 – сабақ, «Тұзкөл» аңызын оқып келу

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
657
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі