Материалдар / Сабақ жоспары "Жер ғаламшарының көрінісі" 1 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Жер ғаламшарының көрінісі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Саба жоспары бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. 1-сыныптың жаратылыстану пәні бойынша сабақ жоспары. Сабақ жоспары балаларға қызықты және тиіді жазылған. Бұл сабақ мұғалімдердің уақытты дұрыс ұйымдастырылуына көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2018
6543
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән:ЖаратылыстануСынып:1 «А»Мектеп: №85 Х.Әлімжан атындағы жом


Мұғалімніңаты-жөні:Нұрашова Ә.Ж
Сабақтың тақырыбы: Жер ғаламшарының көрінісіҚатысқандар:Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделінегізінде анықтау1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары,үдерістерімен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар: оқушылар жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын біледі;Оқушылардың көпшілігі: жасанды моделіне сүйене отырып, Жердің пішінін анықтайды. Оқушылардың кейбірі: шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады.
Бағалау критерилеріЖердің пішінін және жасанды моделін жасайды;
Сөздік қор

Шар, Жер
Құндылықтарды дарыту

Жер ғаламшарын таза ұстауға баулу
Пәнаралық байланыстарМатематика
Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар Жер ғаламшарында тұратынын біледі
Сабақ барысы
Сабақтыңжоспарланған кезеңдеріСабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы 3 мин(Ұ) Балалар шеңберге жиналады. «Айна» тәсілін қолданамын. Шеңберде балалар өздерінің қай ғаламшарда өмір сүретіндіктері жайлы әңгімелейді.Оқу мақсатымен таныстыру.Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білетін боласыңдар!(Күн, ай, жұлдыз топтарына бөлу)

Тақырыпқа сай суреттер.
Сабақ ортасы













10 мин



















3 мин

























2 мин







3 мин









7 мин













































2 мин





3 мин

















2 мин

















































7 мин
(МК) - Бүгінгі сабақта ғарышқа саяхат жасаймыз. (оқушыларды сыртқа шығарамын)-Аспанға және көкжиек сызығына қарап тұрып, аспан мен жердің біріккен жерін тауып, көкжиекті анықтауға бағыт-бағдар беру.- Аспан мен жер қалай түйісіп тұр?- Не байқадыңдар?- Ертедегі адамдар Жердің пішінін қалай елестеткен?Осы жерде «Старик Хаттабыч» фильмінен үзінді көрсетіп, бірлесе талқылау. (балалардың өз пікірлерін сұрау)Оқулықпен жұмыс.Суреттермен жұмыс.-Жер қандай? - Ертедегі адамдар Жердің пішінін қалай елестеткен?(ӨЖ) Тәжірибелік жұмысҚолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдардың макетін орналастыруды ұсынамын.- Егер, Жер осындай пішінде болса қалай болар еді?(балалардың Жер жайлы пікірлерін сұрау)

Мұғалімнің түсіндірмесі.Ерте заманда адамдарды Жер ғаламшарының пішіні қандай екендігі көп ойланатын. Ежелгі гректер біздің ғаламшар жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген.Ежелгі Үндістандықтар Жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған. Кейбір ғұламалар Жерді жайпақ, тегіс деп ойлаған. Олар саяхат жасағанда Жерді дөңес және шар тәрізді екенін байқаған.Жер  Күн жүйесіндегі күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар. Жер ғаламшарында ғана адамзат тіршілік етеді. Жер ғарыштан қарағанда үлкен, көгілдір жәнесопақша шар тәрізді болып көрінеді. Мәтінмен жұмыс.Ертеде адамдар Жерді жайпақ, тегіс деп ойлаған. Олар саяхат жасағанда Жердің дөңес және шар тәрізді екенін байқаған.

Сергіту сәтіАвстралия жаңбыры. Дене қимылдары арқылы тырсылдап басталған жаңбырдың үдеп, нөсерлетіп барып басылғанын көрсетеді.Жайлы ахуал қалыптасып, оқушыларға тынышталдыру мақсатында ұйымдастырылады(МК) Тәжірибелік жұмыс. Үш топқа бөлу. 1-топ суреттерге қара.Оқушыларға доп пен шарды салыстыруға беремін.- Мына доп пен шар бір-біріне ұқсайды ма? Несімен ұқсайды?- Қандай айырмашылықтары бар?- Шардың пішіні қандай?- Ол неге ұқсайды?- Шардың бұрыштары бар ма?

2-топ айдың тұтылу кезіндегі фотосуретін беремін. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударып, тәжірибе өткізуді ұсынамын.Үстел шамы (Күн) мен бір парақ қағаздың (Ай) ортасына кезекпен пішіні әртүрлі заттарды доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды?(Доп.) Оқушылар Жер шарға ұқсас деп қорытынды жасауы керек.3-топ энциклопедиядан, көкжиек сызығы туралы материалды беремін. Орындап болған соң әр топтың оқушылары алған білімдерімен және жасаған қорытындыларына ортақ талқылау жасайды. (ТЖ) Кім жылдам ойыны. Шарға ұқсас заттарды ата. ( доп, алма, глобус, шар)

(Ұ,МК)Ойлан! Жақындап келе жатқан кемені ең алдымен кім көре алады: теңіз жағасында тұрған адам ба, әлде биік ағаштың басында отырған адам ба?(Оқушылар пікірін тыңдау)

Тәжірибенің соңында оқушыларға Жердің шар тәріздес екенін дәлелдеу үшін ғарыштан түсірілген фотосуретті көрсету.

Топтық жұмыс1-топ берілген суреттерден Жердің пішініне ұқсас заттарды тауып, белгіле. 2-топ берілген суреттерден Жердің пішініне ұқсас заттарды тауып, белгіле. 3-топ берілген суреттерден Жердің пішініне ұқсас заттарды тауып, белгіле.Дәптермен жұмыс.1. Ол қандай?Жер ғаламшарының көрінісі қандай? Күннің шуақтарына бір-бір сөзден жазып, ойларын білдіреді.2. Негештің хаты.Негештің хатындағы жасырынған сөзді тап.Қандай сөз шықты.Сөйлемді аяқтап жаз.Оқушы Жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын білуі керек.





Доп, жайпақ ыдыс, ойыншық кеме, «Старик Хаттабыч» фильмінен үзінділер





























































Айдың фотосуреті,
Сабақтың соңы

3 мин
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, интерактивті тақтадағы сөйлемді толықтыру:Бүгін мен ... білдім.Мен үйрендім...Қолымнан келді...Қиындық тудырды...

ШаршыларЖұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінсе болса – сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса жасылмен бояйды.

Геометриялық фигуралар
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздермен сөйлемдерді дұрыс қолданады, қажетті жерде сөздерді дұрыс қояды. Жердің дөңес және шар тәрізді екенін анықтай алады.

1)Ертедегі адамдар Жердің пішінін қалай елестеткендігі жайлы біледі.2)Жер мен доптың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.3)Шар пішінді заттарды атай алады.4)Жердің дөңес және шар тәрізді екенін түсінді.6)Жер ғаламшарының көрінісін сипаттап жазады.

Денсаулық сақтау технологияларынСергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлерінде зерттеу жұмыстары кезінде. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?1:2:Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: 2:Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!