жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары Жер туралы жалпы мағлұматтар 5-сынып
Сабақ жоспары Жер туралы жалпы мағлұматтар 5-сынып
|
Бөлім |
Ғалам.Жер.Адам. |
||||||||||||||||||||
|
Педагогтың аты-жөні |
Ласпаева Гульмира Хайроллаевна |
||||||||||||||||||||
|
Күні |
|
||||||||||||||||||||
|
Сынып |
Қатысушылар саны |
Қатыспағандар саны |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Жер туралы жалпы мағлұматтар |
||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.2.2.1 Жер ғаламшарының пайда болуын түсіндіру 5.2.2.2 Жердің құрылысы мен құрамын атау |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Жер шарының қалай пайда болғанын түсіндіру |
||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерииі |
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер: Жер шарының пайда болуы туралы білімдердің қалай дамығанын; Жердің пайда болуы туралы қандай болжамдар бар екенін білу қажет. |
||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
|
Басы |
Сыныпта жағымды ахуал тудыру. Сәлемдесу. Ұйымдастыру.Түгендеу Тақырыпқа байланысты «Топқа бөлу» сурет арқылы ( Жер, Күн, Ай,Жұлдыз)
|
Оқушы өз жұбын табады Әдіс арқылы қайталау Сұрақ жауап орындайды |
Қол шапалақ |
Топқa бөлуге aрнaлған суреттер |
|||||||||||||||||
|
Ортасы |
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру «Көзге көрінетін айғақтар». Жердің пайда болуы туралы видео ролик көрсету. 3. Талқылау Тапсырма 1 Топтық жұмыс Оқушылар топпен Жер планетасының пайда болу туралы болжамды салыстырып сипаттайды, өз көзқарасын білдіреді
Тапсырма 2: «Пазл әдісі» Күн жүйесіндегі ғаламшарларды ретімен орналастыру және Жер Күн жүйесіндегі нешінші ғаламшар?
Мұғалім Жердің құрылысы мен құрамы туралы түсіндіреді. (Демонстрация ) Мұғалім оқушыларға суреттер көрсетеді.немесе эксперимент жасатуға болады. Эксперимент мақсаты: Жердің құрамының біркелкі емес екендігін және қозғалысын көрсету. Процесс:- Екі жұмыртқа аламыз, бірі піскен, бірі шикі, екеуінің сыртына 1-2 деп белгі қоямыз. Сөйтіп үстел үстіне қойып, оларды айналдырамыз. . Қорытынды: піскен жұмыртқа жеңіл айналады және бірнеше секунд айналып тұрады, ал шикі жұмыртқа нашар айналады, тоқтап қалады. Неліктен? Оқушылар мұғалімнің көмегімен қорытынды айтуы керек. Піскен жұмыртқаның іші біртекті қатты болғандықтан оңай, тез айналады, ал шикі жұмыртқаның іші сұйық болғандықтан, қабығымен бірге айналмайды, іші жай айналады. Жер планетасының да ішкі бөлігі қоймалжың, сұйық болғандықтан жер қыртысымен бірдей айналмайды. Тура осы шикі жұмыртқа сияқты процесс жүреді. Тек біз Жердің айналғандағы қозғалысын онша байқамаймыз, себебі біз ауырлық күшінің әсерінен Жерге жабысып тұрмыз және Жермен бірге айналамыз.
Тапсырма 3. Жұмбақ шешу ( әр топқа үштен географиялық жұмбақтар беріледі) I топ. 1.Сатайын десем
ауыр кілем II топ. 1.Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын
шашады (Күн) 1.Орақ болып
туады 4. Қорытындылау «Миға шабуыл» стратегиясы. 1.Біз қандай ғаламшарда өмір сүрудеміз? 2.Жер қашан пайда болған? 3.Алғашқы кезде жер қандай болған және кейін қандай өзгерістер болды? 4.Жер туралы қандай мәліметтер білесіңдер? |
Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі Оқушылар эксперимент жасайды, жердің моделін және ішкі құрылысының әр бөлігін түсіндіреді. Оқушылар топпен географиялық жұмбақтарға жауап береді. Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады |
Смаликтер арқылы ҚБ өзін өзі бағалау Бағалау: Оқушылар дескриптор бойынша мұғалім бағалайды Бағалау: Оқушылар дескриптор бойынша бағаланады |
Оқулық Видео ролик. Презентация Үлестірме қағаздар Сурет қиындылары Эспериментке қажетті заттар: Піскен және шикі жұмыртқа, маркер Презентация Ашық сұрап-жауаптар |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Рефлексия Мақсаты: Оқушылардың өз тәртіптеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас). Рефлексия. Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады: 1. Маған сабақта не ұнады? 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайлик арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады. Үй тапсырмасы: §7 оқу,әңгімелеу. |
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. |
|
Рефлексия парағы |
|||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз















