Материалдар / Сабақ жоспары: Жоғары мектепте жаңа білім беру технологиялары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары: Жоғары мектепте жаңа білім беру технологиялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары: Жоғары мектепте жаңа білім беру технологиялары. Жоғары мектеп жаңа білім беру технологиялары . Жоғары оқу орнына арналған лекция құрылымы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
1417
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоғары мектепте жаңа білім беру технологиялары

Мақсаты: «Педагогикалық технологиялар», «Технология», «Әдіснама» ұғымдарына әртүрлі тұрғыдан анықтама беру, Оқыту технологиясы мен дидактиканың байланыстығы, Дидактикалық технологияның деңгейлері, Қазіргі педагогикалық технологиялардың негізгі сапалық ерекшеліктері, Педагогикалық технологияларды классификациялау.

Лекцияның дидактикалық, ғылыми, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері:

  • студенттерге технология және педагогигикалық технология туралы ұғым беру,

  • білім беру технологияларының түрлерімен таныстыру,

  • қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру,

  • студенттер санасында әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастыру.

Негізгі ұғымдар: технология, оқыту технологиялары, дәстүрлі технологиялар, бағдарламаланған және проблемді оқу технологиялары, авторлық технология, педагогикалық технология, кредиттік технология, қашықтықтан оқыту.

Жоспар

1. Педагогикалық технология ұғымының мәні

2. Оқытудың проблемалық технологиясы

3. Инновациялық оқыту түрлері мен әдістері

Лекция сұрақтары:

1. Технология астарында не жатыр?

2. Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?

3. Кредиттік оқыту технологиясы дегеніміз не?

Әдебиеттер:

1. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы/ Қабдықайыр, В.М.Монахов. – А., 1999.

2. Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне ендіру. -А., 2002

3. Полат Е.С. Теория и практика дистанционного обучения. М., 2004. – 248 с.

4. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. М., 2002. – 279 с.

5. Мухина С. А. Нетрадиционные педагогические технологии в обучении. - Ростов н/Д. : Феникс, 2005. - 384 с

6. Трайнев В. А. Новые информационные коммуникационные технологии в образовании/ В. А. Трайнев, В. Ю. Теплышев, И. В. Трайнев. - М. : Дашков и К, 2011. - 318 с

7. Педагогические технологии в образовательном процессе: организация и проведение метод. недели / сост. О. М. Новрузова. - Волгоград : Учитель, 2008. - 139 с

8. Завалко Н. А. Индивидуализация процесса обучения в системе многоступенчатого образования. - Усть-Каменогорск : [Изд-во ВКГУ], 1998. - 250 с

9. Современные образовательные технологии: учеб. пособие для вузов / под ред. Н. В. Бордовской. - 2-е изд., стереотип. - М. : КНОРУС, 2011. - 431 с

10. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М., 1998.

11. Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе дидактического усовершенствования УВП. М,2005.

Оқыту әдістері: баяндау, сұхбат, пікірталас, іскерлік ойын, нақты жағдаяттарды талдау және т.б.

Оқыту түрі: лекция-ақпарат, кішігірім топтарда жұмыс, жеке, топтық және т.б.

Оқыту құралдары: оқулық, макеттер, плакаттар және т.б.

Педагогикалық технология ұғымының мәні. Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар, бағдарламаланған және проблемді оқу технологиялары, авторлық технология және т.б.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мәнмағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатаң ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология кешенді, біріккен үрдіс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко және т.б.), екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).

Педагогикалық технологиялар жоғарыда айтылған түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бұл барлық технологиялардың айырықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады: - оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы - нәтижелердің жетістігіне бағытталуы; - тәрбиелеумен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы; - мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау; - тәжірибенің қайталануымен алмасу.

Оқытудың проблемалық технологиясы. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).

Осылардың ішінде, оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше.

Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді”.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.

Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

· Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;

· Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

· Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

· Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді:

Проблемалық оқытудың кемшіліктері

· Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

· Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау:

· Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.

Бұл тәсілді соңғы жылдары көптеген методистер сөз етуде. Проблемалық оқытудың теоретиктері Липецк озаттарындай мәселені мазмұн жағынан емес, көбіне форма жағынан бастайтын сияқты. Сұрақтарды: проблемалық сұрақ, міндет деп екіге бөледі.

Проблемалық сұрақ- міндеттердің мақсаты оқушының өзіндік ойын, тәжірибесін дамыту. Мәні қиын деген сұрақты оқушы барлық жерде өзі тауып, өзі шеше алар ма екен? Асылы проблемалық оқу дегеннің өзі мұғалімнің басшылығынсыз іске аспаса керек. Сұрақ қою дегеннің өзі соны аңғартады. Егер бұл тәсіл оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру мақсатын көздейтін болса, оны мазмұндық оқу, талдап оқу, жинақтап оқу деген үш сатыға бөлу керек. Проблема қойып, оны шеше білу тек сол үш сатыға қойылса ғана жемісті болады.

Оғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан қарағанда, болашақ маманға қойылатын талаптар білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарында белгіленген. Оқыту үдерісінде жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыта отырып білім беруге елеулі маңыз беріледі.

Инновациялық оқыту түрлері мен әдістері. Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі кредит арқылы һлшенетін оқытылатын материалдың көлемі бойынша жүзеге асырылады. Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады. Кредит (Credit, Credit-hour) – білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі. Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері: 1) білім көлемін біріздендіру; 2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; 4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады. Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді: 1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу; 2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі; 3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі; 4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту; 5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану; 6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;

7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру; 8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; 9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері; 10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және практикалардан тұрады. Академиялық кезең нысанына байланысты ұзақтығы семестр үшін 15 апта, триместр үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта. Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта. Білім алушыларға әрбір академиялық кезеңнен каникулдар беріледі, оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек. Бір академиялық сағат дәрісханалық сағаттың 50 минутына тең. Студиялық және зертханалық сабақтар, сондай-ақ дене тәрбиесінің сабақтары, студиялық сабақтар үшін академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минут. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар). Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F). Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем құраса қорытынды баға дәрежесі студенттің оқу пәні бағдарламасын меңгергендігі. Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды.

Қашықтан оқыту технологиясы – оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру

үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды. Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді.

Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие:

- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі;

- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша); - Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі;

- Оқу ақпаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту;

- Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен);

- Жаңа технологияларды қолдану;

- Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);

- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі;

- Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;

- Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

- Қашықтан оқытудағы бақылау – бұл білім алушының оқу материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. Қашықтан оқыту өзін дәлелдете білді және тестік бақылаудың лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек.



Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:

1. Жоғары мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудың бір білім беру технологиясына сипаттама беріңіз.

2. Кредиттік оқыту технологиясын енгізудің отандық және шетелдік (бұрыңғы ТМД елдері) проблемаларын және оларды шешу жолдарын талдаңыз.

3. Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін сараптаңыз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!