Материалдар / Сабақ жоспары. Жыл мезгілдері жануарларға қалай əсер етеді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары. Жыл мезгілдері жануарларға қалай əсер етеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттің білім дəрежесін көрсетеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2018
446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексердім:

Сабақтың тақырыбы:

Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді?

Мұғалімнің аты-жөні:Каденова К.М

Күні:

СЫНЫП: 1

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;

1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар: Жабайы және үй жануарларын ажырата алады;

Оқушылардың басым бөлігі: Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай өзгерістер жайлы әңгімелей алады;

Кейбір оқушылар: Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуі дайындығын түсіндіре алады.

Тірек сөздер

Қоныс аудару – иммиграция – immigration;

Ұйқыға кету – заснуть - to fall asleep.

Пәнаралық байланыс

Өнер, сауат ашу пәндерімен т.б

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Басталуы


Психологиялық дайындық:

«Гүл сыйлау» әдісі арқылы тілектер айту.

Топқа бөлу: «Мозайка» әдісі арқылы


Оқушылар өздері ұнататын жыл мезгілдеріне сай 4 түске (сары, ақ, жасыл, қызыл) 4 топқа бөлініп отырады.


Оқушылар тілек айту арқылы бір-біріне гүл сыйлайды.


Оқушылар (сары, ақ, жасыл, қызыл) түстері арқылы топтарға бөлінеді.

Жаңа білім








4 топқа төрт жыл мезгіліне байланысты үлестірмелі парақшаларды беру. Олар әрбір жыл мезгілінің ерекшеліктерін, белгілерін атауы керек. (тағы бір рет қыстың жаздан қалай ерекшеленетінін нақтылау).


Құстар мен жануарлар туралы бейнеролик көрсету. Суреттегі құстарды таныстыру. Олар туралы мәлімет беру.


-Жануарлар қыстада жаздағыдай тіршілік ете ала ма?-«Жоқ, себебі, шөп, жәндіктер жоқ әрі суық»


-Тиін қысқа қалай дайындалады?(қор жинайды)


-Қор жинайтын тағы қандай жануарларды білесіндер?(аралар, борсықтар, аламандар, сұр тышқандар)


-Сонымен балалар әрбір жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері болады. Жануарлар жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне бейімделіп отырады.







Бейнеролик көрсету.


Оқулық, суреттер.

Ортасы








Жылдың әрбір мезгілі жануарлардың тіршілігіне өзінше әсер етеді. Жаздың соңы мен күздің басында тиіндер, тышқандар, боршатышқандар, аламандар қысқа қорек дайындайды. Аюлар, сарышұнақтар, борсықтар, кірпілер қысқы ұйқыға кетеді, оған дейін олар еселеп қоректенеді. Жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі — күрделі үдеріс.

Кейбір жануарлар өрістейді. Өрістеу — бұл жануарлардың алыс қашықтыққа маусымдық қоныс өзгертуі. Негізінен, маусымдық қоныс өзгерту құстарда жиі кездеседі.

Бұлан-Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі жануар.Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді,салмағы 600 кг-дай. Түсі қыста қара қоңыр, жазда қоңырқай, басы, аяғы ақшылдау. Жазда шөппен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары және бұталарымен қоректенеді.

Суырлар - орманды далада, шөлді жерлер мен мен таулы аймақтарында кездеседі. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік етеді. Жылына 7 айдай ұйқтайды. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді.

Құстар. Оқушылардың назарын құстардың суреттердегі атауларына аудару. Сабаққа байланысты деректі материалды пайдаланып, олар туралы айтылып, анықтама беріледі.

Құстардың бұл тобы қалай аталады?

Қыстап қалатын құстарға қалай көмектесуге болады?

Құстар: Көкшымшық. Адамдар тұратын жерде тіршілік етеді, қалаларда, бақшаларда және саябақтарда кездеседі. Ұсақ жәндіктермен қоректеніп, табиғатқа пайдасын тигізеді. Қыста қорек іздеп, көшіп жүреді. Оның кеудесінде қара жолақ бар. Арқасы жасыл, кеудесі мен құрсағы сары болады.

Сарыайдар үйрек. Суда жүзетін өзен үйрек¬терінің қатарына жатады. Салыстырмалы түрде мойыны және тұмсығы қысқа, шағын денелі құс. Солтүстік Қазақстанды мекендейтін жыл құсы.

Бұлдырық. Тамағы, мойны мен басының екіжағы қызғылт сары. Денесінің үстіңгі жағы құм түсті. Кеудесі сарғыштау, қара жолақтары бар. Құрсағы қара. Жыл құсы.

Шұбаршымшық. Тұрқы торғаймен бірдей.Жыл құсы. Арқасы қоңыр, құйрық үсті сары жасыл¬. Денесінің төменгі жағы және басының екі жағы қошқыл қызыл түсті.

Тырна. Түсі көбінесе сұр. Мойнының асты сұр. Бұл құстардың салмағы 3 кг-дан 6 кг-ға дейін жетеді. Қызыл кітапқа енгізілген, жыл құсы.


Оқулық, суреттер

Сергіту сәті

3 минут

Сергіту сәті. «Қызыл гүлім-ай»


Видео

Аяқталуы

Сабақты бекіту

Ұжымдық жұмыс:

«Қысқы орман» Ұйқыға кететін жануарларды боя. Борсық ,Түлкі, Бұлан, Тиін, Қасқыр, Аю, Кірпі.

Сен блесің бе?

Суырлардың қысқы ұйқысы алты айдан тоғыз айға дейін созылады. Бұл жануарлардың мекен ететін ортасына байланысты болады. Біздің елімізді мекендейтін суырлар тамыздың соңында ұйқыға кетіп, наурыздың басында оянады.

Зерттейік: Әр топқа жем үлгілері (суреттері) таратылады, қысқа қор жинайтын жануарларды атайды. Оқушылар әр жануардың ұсынылған үлгілердің ішінен қайсысынан қор жинайтынын, неліктен олай екенін анықтап, артығын алып тастайды. Әр топ нәтижесін салыстыру.

Есте сақта!

Күзде жануарлар қысқа дайындалады: қор жинайды, жылы жаққа қоныс аударады, ұйқыға кетеді.



Оқулықпен жұмыс.

Бағалау

Кері байланыс


-Бүгінгі сабағымызда қандай қызықтармен таныстық?

-Қай жануардың тіршілігі ерекше?

Бүгінгі сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында бағдаршам көздерін пайдаланамын.

Толық түсінсе- жасыл

Жартылай түсінсе-сары

Мүлдем түсінбесе-қызыл түстерін көтеру арқылы анықтаймын.


«Бағдаршам» әдісі.

Смайликтер арқылы бағалау

Үйге тапсырма: мазмұндау.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!