Сабақ жоспары Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар


Күні: 9 Ә

Мұғалім: Мүтәлиева Ақмарал

Сынып:9

Қатысқан: Қатыспағандар:

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің жіктелуін, олардың табиғи ұяластарын танып үйрену.

Табыс критерийлері


Барлық оқушылар білуге тиісті: Табиғи ұяларсатрды жаттайды

Оқушылардың көпшілігі: Элементтердің жіктелуіндегі заңдылықтарды тұжырымдайды


Кейбір оқушылар Элементтер жіктелуіндегі заңдылықтарды практика жүзінде іске асырып, болжамдар келтіреді

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Элементтердің жіктелуі

Сабақта диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Зат құрамының тұрақтылық заңы.

Бұрыннан бар білімдері

Оқушылар периодтық кесте туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған уақыт

Ресурстар

0-5 мин

6-10 мин

Жаңа сабақты қабылдауға дайындық. Сабақты қышқылдардың, негіздердің және тұздардың жалпы қасиеттерін қайталап, диссоциация теңдеулерін жазудан бастаймыз. Диссоциациялану дәрежесі, күшті және әлсіз электролиттер туралы мәліметтерді қайталаймыз. Үш оқушы тақтаға мынадай реакция теңдеулерін жазады:

а)қышқылдардың металмен, негіздік оксидпен, негізбен әрекеттесуі.

ә)сілтілердің қышқылмен, қышқылдық оксидпен әрекеттесуі.

б)қышқылдардың сілтілердің, тұздардағы диссоциациялану теңдеулері.

Басқа оқушылар берілген тапсырмалар бойынша топтық жұмыс орындайды.

Тапсырмалар. а) мына қышқылдардың диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: бромсутек, азот, хлорлы HclO4 және марганец HМnO4 қышқылдары. Диссоциацияланғанда бірдей иондар түзетін электролиттердің астын сызыңдар;

ә)төмендегі тұздардың диссоциация теңдеуін жазыңдар: натрий карбонаты, натрий нитраты, мыс (II) сульфаты, калий сульфаты. Бұл тұздар диссоциацияланғанда қандай иондар түзіледі?

б) мына металл гидроксидтерінің иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңдар: калий, кальций, барий, магний, цезий. Бұл электролиттер диссоциацияланғанда түзілетін иондардың астын сызыңдар.

Интерактивті тақта

Орта

11-20мин

21-35мин

Электролиттердің ерітінділерінде және балқымаларында иондар ретсіз козғалып жүреді. Егер электролит ерітіндісіне тұракты электр тогын жіберсек, иондар бағытталған қозғалысқа ие болады. Оң зарядталған иондар электродтың теріс зарядталған — катодына қарай жылжиды. Сондықтан бұл иондар катиондар (катион — катодка барушы) деп аталады. Теріс зарядталған иондар электродтың оң зарядталған анодына қарай жылжиды. Сондықтан олар — аниондар (анодка барушы) деп аталады. Иондардың қасиеттері атомдардың (молекулалардың) қасиеттерінен өзгеше болады. Мысалы, бос күйіндегі натрий сумен шабытты әрекеттесіп, нөтижесінде сутек бөлінеді, ал ерітіндідегі натрий ионы сумен әрекеттеспейді. Сол сияқты газ күйіндегі хлор — өткір, жағымсыз иісі бар, улы, түсі сары жасыл зат. Ал хлор ионының иісі, түсі жоқ, сондықтан тамаққа пайдаланғанда оның адамға зияны болмайды. Себебі натрий Na атомы да, бос күйіндегі хлор С12 молекуласы да зарядталмаған. Ал ас тұзының құрамындағы натрий, ол бос натрий атомы емес, натрий ионы Na+, сол сиякты хлор ионы да С1- хлор атомы емес. Сондықтан ас тұзының құрамындағы бұл иондар организмгепайдалы. Құрылысы жағынан да атомдар мен иондар бір-бірінен өзгешеленеді. Катиондарда электрондар атомдардағы электрондарға қарағанда азырақ болады, ал аниондарда электрондар атомдардағыға қарағанда кебірек болады:

+11Na0 атомы

+11Na0 )2ё )8ё )1ё

1s22s22p63s1

  1. Күміс түсті ак, жылтыр металл.

  2. Сумен жылдам өрекеттеседі.

  3. Күшті тотықсыздандырғыш.

+11Na+ ионы

+11Na+ )2ё )8ё

1s22s26

  1. Түссіз ион.

  2. Суға өсер етпейді.

+17С10

+17С10 ) 2ё )8ё)7ё

1s22s22p63s23p5

  1. Жай зат күйінде (С12) өткір, жағымсыз иісті, улы, сары жасыл газ.

  2. Суда аздап ериді және өрекеттеседі.

  3. Күшті тотықтырғыш.

+17Cl-

+17Cl- ) 2ё) 8ё) 8ё

1s22s22p63s23p6

  1. Иіссіз, түссіз, улы емес.

  2. Сумен өрекеттеспейді, бірақ гидраттанады.

Демек, бір элементтің атомдары мен иондарының қасиеттеріндегі ерекшелік олардың құрылыстарының айырмашылығына байланысты. Заряд ионға жаңа қасиет береді. Ac тұзының ерітіндісі түссіз, иіссіз және улы емес. Ондағы Na+ және С1- иондары біздің организмімізге қажет, сондықтан ас тұзын тамаққа қосады.

Электролит ерітіндісінде немесе балқымасында иондар үнемі ретсіз қозғалыста болады. Ерітінді немесе балқыма арқылы тұрақты электр тогын жібергенде, катиондар — катодка, аниондар — анодка қарай бағытталып жылжиды. Иондардың ерекше түсі және химиялық қасиеттері бейорганикалық қосылыстарды анықтағанда қолданылады. Ерітіндіде және балқымада иондар ретсіз қозғалады. Тұрақты ток көзіне қосқанда иондардың қозғалысы реттеліп, оң зарядталған катиондар катодқа, ал теріс зарядталған аниондар анодқа қарай жылжиды. Бос атомдарға қарағанда иондардың қасиеттері өзгеше болады. Катиондар мен аниондардың ерітіндідегі өзіне тән түстерін оларды анықтау үшін пайдаланады.[1]

Видеоролик

Слайдпен жұмыс

Соңы

Ерітінділерге түс беретін

иондар

Ерітіндінің түсін өзгертпейтін

иондар

Катиондар: Cu2+ (көк), Fe3+ (сары), Ni2+(жасыл)

Аниондар: MnO4- (күлгін), Cr2O72- (қызыл сары),CrO42- (сары)

Катиондар: K+, H+, Na+, Zn2+, Ca2+, Ba2+, т.б.

Аниондар: Cl-, OH-, NO3-,SO42-, CO32-,

Br, I- және т.б.


Қосымша мәліметтер

Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пән-аралық байланыс

-Сөзді іздеуге тапсырма қабілеті төмен оқушылар үшін мына есеппен жұмыс жасау.



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Жеке және жұптық жұмыстар орындай отырып қорытынды жасайды.

Формативті деңгейлік жаттығулар орындау


Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді және неге?



Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі нәрсені көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1.

2.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
3176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі