Материалдар / Сабақ жоспары Кеме үлгісін дайындау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары Кеме үлгісін дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеме үлгісін жобалау мен жасап даярлаудағы шеберлігін арттыру. Кеме үлгісін жасап спорттық жарыстарға қатыстыру және спортшылардың күш жігерлерін жетілдіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2022
392
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кеме жасау технологиялары»

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы балалар техникалық шығармашылығы орталығының қосымша білім беру педагогі, Мустафин Нурмыханбет Болатұлы.


Мақсаты:
Кеме үлгісін жобалау мен жасап даярлаудағы шеберлігін арттыру. Кеме үлгісін жасап спорттық жарыстарға қатыстыру және спортшылардың күш жігерлерін жетілдіру.

Қажетті құралдар: Сызғыш, қарындаш, желім (201), қайшы, кеңсе пышағы, кеме сызбасы, егеуқұм қағазы (320, 2000), ПВХ (3мм, 4мм), шпатлевка, оркстекло, түрлі сым қалдықтары, паяльник, радиобасқару апараттары (қозғалтқыш, серва, регулятор, приемник), түрлі түсті аэразоль бояуы және тескіш құралдар.

Жаңа сабақ

Кеме- суда не су астында жүзе алатын жүк немесе жолаушылар тасуға арналған су көлігі. Сал-әлемдегі тұңғыш кеме. Адамдар ағашты кесіп құлатып, буып-буып байлаған да, алыс сапарға шыға берген.
Чели-шагын қайық. Жуан бөрененің өзегін балтамен шауып немесе шоқпен күйдіріп ойық жасаса болды, қайық та дап-дайын болған, Ескектері де сол көзде пайдаланылған. Ладья-шап-шағын, желкенді кеме. Орыс жауынгерлері өздерінің ладьяларына отырып алған да, кенеп желкендерін керіп тастап, мақсатына жетуге асыққан…Желкенін соң кеменің жүрісі де жеңілдей түскен. Корвет, брингантина, фрегат, шхуна-бұлар көп желкенді, үлкен кемелер, Ұлы теңіз жиһангезі Христофор Колумб осындай кемелердің керуенін бастап мұхитты кесіп өтті де, ол кезде көп жұрт біле білмейтін жаңа құрлық Американы ашты.
Әскери кеме
Әскери кеме (орыс. Военный корабль)-қару-жарақпен жабдықталған, белгілі бір ұрыс міндеттерін орындауға арналған, аскери басшылық кешенін, өзіне берілген өз мемлекетінің әскери-теңіз туын алып жүретін кеме. Әртүрлі ұрыс міндеттерін табысты орындау мақсатында аскери кемеге теңізде жүзу қондырғылары мен қару жарагына сәйкес соққы бере отырып, оның өзі де қарсыластың соққысына ұшырауы мүмкін.
Сондықтан ол тиісінше төзімді, суға батпайтын қасиетке ие болуы керек.
Ұрыс мақсатына қарай аскери кеме бірнеше түрге бөлінеді. 1. Әскери кемелер-кластарына қарай ракеталы, торпедалы және ракета-торпедалы сүңгіуір қайықтар, ұшақтар мен тік ұшақтарды өзінде алып жүретін, десантық, мина-тральдік арнайы тапсырма кемелеріне бөлінеді. Қару құрамына және суыгыстырғышына байланысты әскери кемелер рангілерге
жіктепеді.
Практикалық сабақ

Оқушылар шеберханасындағы қауіпсіз жұмыс ережелері

-Үйірме жұмыстарында әр түрлі құрал-саймандар, станоктармен жұмыс істейтін

болғандықтан өр оқушы қауіпсіздік ереже көрсеткішін жақсы біліп,оны орындауды әдетке

айналдыру керек,

-Жұмыс орнын тастап кету, басқаның кеңілін аландату немесе жұмысына бөгет бола,

рұқсат етілмеген құрал-сайманмен жұмыс істеуге немесе құрал-сайманды теріс мақсатпен

қолдануға тиым салынады.

қажет:

-Сарамандық жұмыс кезінде мұғалімнің берген нұсқауын бұзуға болмайды.

-құрал-сайман, станок машиналары мен тек қана мұғалімнің рұқсатымен жұмыс істеу

- Өткір, үшкір заттармен ойнауға, сілтеуге, лақтырып беруге болмайды.

- Сынып ішінде алысуға, жүгіруге және мұғалімнің рұқсатынсыз станок машиналарды қосып, құрал-саймандарды қолдануға тиым салынады,

-жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі ережесінің бұзылуын, жарақаттану жағдайын тез арада мұгалімге айту керек.

-502-желімін өте мұқият қолдану керек.

-Сабақ соңында желдеткішті ашып, таза ауа кіргізу, жұмысорнын тазалау, пайдаланылған



1. Өлшемге сай кеме сызбасынан шаблондар дайындау.


 





  1. Шаблон арқылы ПВХ бетіне шпангоут пен кильдік раманы бастыру және кесу, егеуқұм қағазымен өңдеу.

  1. Қаңқаны (каркас) құрастыру.







  1. Корпус қиындаларын дайындау, оларды қаңқаға желімдеу.



  1. Дайын қаңқа бетіне палубаны жапсыру.





  1. Кеме корпусына қозғалтқыш пен рульді орнату.

  1. Корпусты шпатлевкалау және егеуқұммен өңдеу.





  1. Палуба бетіндегі ұсақ бөлшектерді дайындау.





  1. Кемені әрлеу бояу.

  1. Сынақтан өткізу.



Қорытынды бөлім

Сабақ қорытындысын шығару;

- Үздік жұмыстарды көрсету

- Жіберілген қателерге талдау жасау;

Қандай топ сапалы жұмыс істегенін айту


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!