Материалдар / Сабақ жоспары Көшпелі қазақ мәдениеті 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Көшпелі қазақ мәдениеті 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мамандарына арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
1520
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақтың жоспары

Сабақ:қазақ тілі

Мектеп:№47

Сабақ № 11

Күні: 26.09.18

Мұғалімнің аты-жөні: Абай Индира Медетқызы

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы:

Көшпелі қазақ мәдениеті

Бөлім атауы: Көшпелілер мәдениеті

Сабақ негізделген оқу мақсаты:

7.Ж1.Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құра алады.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспарды өз бетінше құра алады.





Кейбір оқушылар :Өз ойларын тез, жылдам, терең, өмірмен түрлі мысалдар келтіре отырып байланыстыра алады.

Тілдік мақсат








Оқушылар:Тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып, өз ойларын еркін жеткізе біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сыныптағы диалог\ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:тақырып бойынша диалог құрастыра біледі.Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша, болашақта, ғалымдардың пайымдауына, зерттеулерге сүйенсек

Талқылауға арналған тармақтар: көшпенділер деген кімдер?


Жазылым бойынша ұсыныстар:орфографиялық , орфоэпиялық заңдылықтарды ескеру

Бағалау критерийі


*Оқылым мәтіні арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін түсінеді;

*Мәтінненажырата алады

*тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,

*ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;

*сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.

Дескриптор

- оқылым мәтіні арқылы стильдердің ерекшелігін түсінеді;

- көшпенділер өркениетінің ерекшеліктерін біледі;

- сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады:

-ұғымдарға анықтама береді.тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп айтып, көзқарасты ажыратады;

- дәлелді жауап береді;

Құндылықтарға баулу

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Тәрбие: ата-ана қадірін, отбасы қадірін түсіну. Тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы.Ана тіліне деген құндылықтарды оқушының бойына сіңіру.

Пән. байланыс

география, өмірмен байланыс,АКТ, тарих

Әдіс –тәсілдер

сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру,диалогтік оқыту, топпен,жеке,жұппен жұмыс, «Жүректен-жүрекке», «Зырылдауық сұрақтар» Екі жұлдыз бір тілек Попс

Алдыңғы оқу

Көшпенділер туралы біледі.


Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

14 минут

Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. «Жүректен-жүрекке»Оқушылар назарын сабаққа аударту.

Білу:Үй тапсырмасы тексеріледі. Топтар бір-бірінің зерттеу жұмыстарын бағалайды. «Зырылдауық сұрақтар»

Оқушылардың тақырыпқа қатысты білімдерін тексеру, өткен сабақты пысықтау мақсатында жорға сұрақтар қойылады.

1.Материалдық мәдениет дегеніміз не? Мысал келтір.

2. Қойбағар, Арпаөзен, Таңбалы жерлеріндегі /Іле - Шу аңғарлары/жартастардағы суреттер не дейді? Бұл туралы кім жазып қалдырған?

3. Көшпелілер арбаға не жеккен? Бұл туралы мәлімет кімдердің жазбаларында кездеседі?

4. Жерге талас шықққанда «Бұл жерде менің ата - бабамның сүйегі жатыр, сондықтан бұл менің жерім» деген сөзге не айтуға болады?

5. Отқа май күю салты бар, оны қалай түсіндіруге болады?

6. «Аң стилі» дегенді қалай түсінесің?

7. Бұл өнер туындыларынан нені байқауға болады?

Түсіну:Сабақ тақырыбын болжату үшін бірнеше суреттер ұсынылады.

Сабақ тақырыбы анықталған соң оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.









Слайд №1












Слайд №3,4


Сабақтың ортасы


6 мин
















20 мин
























Жорға сұрақтар арқылы анықталған А, В, С деңгейлі оқушылар топқа бөлу кезінде ескеріледі.

ТShape1

ФЕСТИВАЛЬ

ыңдалымалды тапсырма. «Фестиваль» сөзіне ассоциация құру.


Shape3 Shape2

Shape6 Shape5 Shape4



Тыңдалым тапсырмасы. Оқушылар«Көшпелі өркениеттер фестивалі» деген тақырыпта репортаж мәтінін тыңдайды. Тыңдалым барысында көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді жазып алады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа сәйкес фразеологизм, мақал-мәтелдерді қолдана отырып, шағын жоба дайындайды.

1-топ: «Қазіргі қоғамға көшпелі мәдениетті қайта енгізу керек»;

2-топ: «Қазіргі қоғамға көшпелі мәдениетті қайта енгізу керек емес»;

3-топ: «Көшпенділер өркениеті» фестивалінің маңызы»;

4-топ: Сарапшы топ. Топ мүшелерінің саны тақ болады.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сарапшы топ өзге топтарды бағалайды, бағалау кезеңінде ең алдымен бағалау критерийін ойластырып алуы керек. Оны мұғалім мен оқушылар бірлесе отырып жасауға болады. Сонымен қатар, әр топтың жауабына қатысты екі жақсы пікір, бір ұсыныс айтады.

Тапсырма пікірталасқа құрылады.


  • 1 және 2 топ өз көзқарастары мен ұстанымдарын қорғау үшін шағын жобалық жұмыстар әзірлейді. Екі топтың да мақсаты Сарапшы топтың алдында өз көзқарастары мен ұстанымдарын сенімді дәлелдеп, олардың дауыстарына ие болулары керек. Қай топ көп дауысқа ие болса, сол топтың жұмысы жемісті болды деген сөз.

  • Сарапшы топтың қызметі – жобалық жұмысты қорғау кезінде сұрақтар қоюы, кейін өзінің қай топты таңдағанын және оны неге таңдағаны туралы дәлелдеп бере алуы керек. Сондай-ақ, екі топты жетістік критерийлері бойынша бағалап, мұғалімге тапсыру.

  • «Сырт көз» бұл мұғалімнің сарапшылардың жұмысын бағалауы.

Ол сарапшылар қаншалықты сұрақ қоя алды? Қаншалықты әділ баға берді? Өз таңдауларын ашып айта алды ма? деген тәрізді қадағалау жасайды.

Жобалық жұмыс нәтижелі болу үшін жетістік критерийі құрылады.

Дескрипторлар:

- Айтылым барысында фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады;

- Нақты фактілер келтіреді;

- Қорғау кезіндегі спикерлердің тіл байлықтарының молдығы, тіл тазалағы;

- Сарапшылардың сұрағына тез әрі нақты жауап беріп, шешім қабылдайды.

Тапсырмадан соң:

Үш топ өз жобаларын қорғап болған соң, сарапшы топтар өз пікірлерін айтып, үшке бөлініп тұрған топтың бірін таңдап, солардың қасына барып тұрады.












Слайд №5


https://ok.ru/video/11732977061














Сабақтың соңы


5 мин









Үй тапсырмасы

Кері байланыс: «Менің баспалдағым»

Оқушылар сабақтан алған дағдыларының қай сатыда екенін білдіру үшін өзім жеттім деген баспалдағын қарындашпен бояп көрсетеді.


Киіз үйдің қаңқасына бөліктерін жазып, жаттау.

Слайд №7









Слайд №8



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!