Материалдар / Сабақ жоспары Күй атасы -Құрманғазы 7-сынып қазақ тілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Күй атасы -Құрманғазы 7-сынып қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары Күй атасы -Құрманғазы 7-сынып қазақ тілі 7.2.7.1. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау 7.4.4.1. Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2022
849
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Күй атасы – Құрманғазы

Бөлім:

5-бөлім: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология.

Педагогтің Т.А.Ә.

Шинтаева Гульмира

Күні:


Сынып:7

Қатысушылар саны:23

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Күй атасы – Құрманғазы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.7.1. Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау

7.4.4.1. Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану

Сабақтың мақсаты

- оқушылар сабақ барысында ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолданады, авторына сілтеме жасайды

- көсемше, есімше, тұйық етістікті анықтайды, тілдесім барысында қолданады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар






Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақ бойынша «Автор орындығы» әдісімен оқушыларды тексеру

Назарын сабаққа аударады.




Дәптерлерінен үй тапсырмасын көрсетеді.

Автор орындығына отырған оқушы сұрақтарға жауап береді. Қалған оқушылар сұрақ қояды

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық, жұмыс дәптері

Жаңа сабаққа кіріспе


Адасқан әріптер әдісі бойынша «Сарыарқа», «Балбырауын»

«Құрманғазы» деген 3 топқа бөлінеді.

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.


«Сарыарқа», «Балбырауын»

«Құрманғазы» әріптерді алып, топқа бірігеді

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық, жұмыс дәптері, кеспе қағаздары

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.


Топтық жұмыс. Мәтіндерді оқиды.

Есімше, көсемшені анықтайды.

5 етістікті тұйық етістікке айналдырады.

Мәтінді оқиды.

Есімше, көсемшені анықтайды.

5 етістікті тұйық етістікке айналдырады.

ҚБ: Ауызша (жарайсың, жақсы, сұрақтарға дұрыс жауап бердің, мәліметтерді толықтыр, ойыңды ашық айт)

Мәтін жазылған парақша


2 -тапсырма:

Топтарының атына сәйкес сөздерге сөзжұмбақ құрастырады..

«Сарыарқа», «Балбырауын»

«Құрманғазы» сөзжұмбақ құрастырады..

Дескриптор: Жалпы

-сөзжұмбақ құрастырады.

Оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.




«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.






САРЫАРҚАБАЛБЫРАУЫНҚҰРМАНҒАЗЫ





1818 жылы Бөкей Ордасында дүниеге келген Құрманғазы, кедей отбасыдан шыққан. 6 жасынан бастап шопан болып жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оның музыкаға деген сүйіспеншілігі әкесіне ұнамады, бірақ, анасы Алқа, баласының бұл ұмтылысын қолдады. Күйші болып қалыптасуна, сол замандағы домбырашы – Ұзақ әсер етті. Ол жас жігіттің музыкаға деген қызығушылығын байқап, оған жарқын болашақ болжаған. Ұзақтың айтқаны орындалды, 18 жасында ауыл тұрғындары Құрманғазыны дарынды күйші ретінде танитын және оның келуін асыға күтетін. Осы кезде үйін тастап, кезбе музыкант болуға бел буды. Түрлі жарыстарға қатысу арқылы, өз шеберлігін едәуір арттыра алды. Ол Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен өткен көтерілістің куәгері болды. Махамбеттің жалынды өлеңдері мен Құрманғазының керемет күйлері, адамдардың жүрегін жаулап, бостандық үшін күресуге шабыт берген. Байларды ашық сынға алғаны үшін қудаланып, бірнеше рет түрмеге түскен. 1857 жылы оны жылқы ұрлады деген айыппен қамауға алған. Бірақ, Құрманғазы сот басталмай тұрып, түрмеден қашып кетті. Аңыз бойынша, бақылаушыға күйшінің музыкасы ұнағаны соншалық, ол қақпаны өзі ашып берген. Осыдан кейін, патша үкіметі оны қарақшы, бүлікші және қауіпті қылмыскер деп атап, домбырашыны өмірінің соңына дейін қудалады. Өз туындыларында, туған жерге деген сүйіспеншілігін және сол кездегі тарихи оқиғаларды бейнелеуге тырысқан. Ең атақты күйлері: «Кішкентай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Ақсақ киік», «Адай» және «Алатау». Қазіргі уақытқа дейін, оның 60-тан аса күйі жетті. Артынан Дина Нұрпейісова, Ерғали Есжанов және Меңдіғали Сүлейменов сияқты мықты мұрагерлерін қалдырды. Олардың әрқайсысы, еліміздің музыкалық тарихында маңызды орын алады. Құрманғазы күйлері, қазақтың мәдениетін дамытуға айтарлықтай үлесін қосты. Көптеген композитрлер домбырашының шығармаларын фильмдерде және пьесаларда қолдана бастады. 1889 жылы қайтыс болып, Ресейдегі Астрахань облысында жерленді. 1996 жылы екі мемлекеттің қатысумен, бұл жерде кесене орнаталды.

Толығырақ:
https://faktiler.kz/kurmangazy-sagyrbajuly-turaly-malimet/







Қазақ тарихында, мәдениетінде Құрманғазы бабамыздың алатын орнын, өнегесін білмейтін адам жоқтың қасы. Өйткені күй өнері тек қана біздің қазағымызға, ұлтымызға тән өнер. Ал Құрманғазы сан ғасырда біртуар құбылыс. Ол - құдірет. 1868 жылы «Уральские войсковые ведомости» газетінде оның очерк шығады, онда журналист-жазушы Н.Ф. Савичев былай дейді: «Алғашында мен таң қаларлық күйде болдым, ал кейін тамсандым... Құрманғазы екі ішекті күйлеп, ойнай бастады. Домбырадан мөлдір, таза музыка төгілді, әуен сипаты қазақша болса да, оның берілуінен бұл туындыны үлгілі музыка шығармаларының қатарына қоюға болады, өйткені Сағырбаевтың күй тартысы сол дарын мен шабыттан шығады… Сағырбаев сирек кездесетін музыкалық жан, ол Еуропалық білім алған болса, музыка дүниесінде ең үлкен жұлдыз болған болар еді»

Орыс музыка ғылымының әйгілі өкілдерінің бірі – Александр Викторович Затаевичтің бастамасымен Қазақстанда 1930 жылдан қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің байлығын жинау жұмыстары басталды. Құрманғазы күйлерінің алғашқы жазбасын 1931 жылы А.В. Затаевич «500 казахских песен и кюев» жинағында жариялады. Ол композитордың «Серпер», «Кісен ашқан», «Ақсақ киік» және тағы басқа күйлерін жазып алды.

Бүгінгі күні Затаевичтің жинағындағы Құрманғазы жайлы мәліметтер мен оның шығармаларының жазбалары оның шәкірттерінің бізге жеткен естеліктерімен және композитордың домбырашы ізбасарлары арқылы толықтырылды.

Құрманғазы мұрасын бізге жеткізушілер көп-ақ. Солардың ішінде алдымен ауызға алатыны Дина күйші.















ХІХ ғасырдың 50 - жылдарында Құрманғазыға ат ұрладың деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл - күйін ойлап, анасына «Аман бол, шешем», «Қайран шешем» күйлерін арнайды. Құрманғазы бұл жерден қашып шығады. Осы кезеңде оның мұңды лирикаға толы «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» тағы да басқа күйлері туады [1, 106-б.].

А. Жұбанов өз еңбектерінде Құрманғазы күйлерінің тақырыбы, формалары қазақтың бұрынғы күйлерінің формаларына келе бермейтінін дәлелдеп, тек өзіндік ерекшелігі мол туындылар екенін айтқан. Сондықтан Құрманғазы күйлерінің басқа күйлерден биік тұратынын пайымдай келе аталмыш күйлерді екшеп, талдайды [1, 124-б.].

Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнелеген. "Алатау" және "Сарыарқа" күйлерін дүниеге келтірген.

«Алатау» күйі - әрі ұлы, әрі асқақ асқар таудың көркемдік бейнесі суреткер санасында мәңгілік пен өмірдің мәні туралы, адам тағдырының құбылмалығы - өрлеуі мен құлдырауы туралы толғаныстар тудырған.

Құрманғазының «Сарыарқасы» тек күй деген форманың шеңберінде қалып қоятын шығарма емес. Мұнда күй тепсе темір үзетін қуаты, атшабыс, алай-түлей соғыс, бостандыққа ұмтылған аттанысы сияқты көріністер мол. «Сарыарқа» күйі ұшқыр ой мен асқан шеберліктің шыңы болса, «Көбік шашқан» - ұстамдылық пен іштей налу, күйіну мен қайғырудың аса бір қаралы әрі сазды үлгісі.

Сарыарқа - Құрманғазының күйі, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей. халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы.





ЕСІМШЕ

КӨСЕМШЕ

ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!