Материалдар / Сабақ жоспары "Мен не үйрендім? Өткенді бекіту." 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Мен не үйрендім? Өткенді бекіту." 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
- Қарапайым жəне құрама есептерді шығарады; -«сиқырлы» шаршының шығарады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
1249
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар:

Пән: математика 4С бөлім. Геометриялық фигуралар. Периметр.

Тақырыбы: Мен не үйрендім? Өткенді бекіту.

Мектеп: Талшық ОМ

Мұғалімнің аты-жөні: А.Б.Кажмуратова

Күні: 21.05.18 Сынып: 2 «В» Сабақ №: 133

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.5.1.8 санды өрнектер түрінде барлық арифметикалық амалдарға берілген қарапайым есептерді шешуді; қосу мен азайтуға берілген құрама есептерді санды өрнектер түрінде шығарудың моделін құрастыру.

2.4.2.2 сандық есептерді, əртүрлі сандардан тұратын.

басқатырғыштарды, ауыстырып құюға жəне өлшеуге берілген логикалық есептерді зерттеу жəне шығару.

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар: Қарапайым жəне құрама есептерді шығару. Логикалық есептер жəне басқатырғылар, «сиқырлы» шаршылар жөнінде түсініктерінің болуы.

Оқушылардың басым бөлігі: Қарапайым жəне құрама есептерді шығару, кері есептер құрастыру жəне шығару.

Сандық есептерді, құрамында əртүрлі сандары бар бас- қатырғыларды шығару, «сиқырлы» шаршылардың қалай құрастырылғанын білу.

Кейбір оқушылар: Құрамында əртүрлі сандары бар басқатырғыларды, «сиқырлы» шаршыларды зерттеу, шығару жəне құрастыру.

Жетістік критерийі

- Қарапайым жəне құрама есептерді шығарады;

-«сиқырлы» шаршының шығарады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

Тілдік мақсаттар

Оқушылар игереді: Басқатырғы дегеніміздің не екенін түсіндіру, «сиқырлы» шаршылардың қалай құрастырылатынын түсіндіру.

Пəндік лексика жəне терминология:

Есептер, кері есептер.

Басқатырғылар, логикалық есептер, «сиқырлы» шаршылар.

Диалог/жазу үшін пайдалы сөздердің жиынтығы Талқылау:

-Есептердің қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

-Қандай шаршыны сиқырлы деп атауға болады?

Жазу: Сандық заңдылықтар, есептерді шығару.

Алдыңғы білімдер

Логикалық есептер шығару.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Қызығушылықты ояту. «Математикалық лото» ойыны.

Əр оқушының алдында жауаптардың кестесі жатыр.

6 10 30 48 72

12 32 60 87

3 27 45 77

13 24 50

8 17 35 55 80

2 28 42 63 90

Сіздерге дұрыс жауаптарды сызып шығу керек.

  1. 9-ды 3 есе арттыру.

2.7-ні 6-ға арттыру.

3.24-ті 3 есеге азайту.

  1. 32-ні 4-ке азайту.

  2. 6 жəне 5 сандарының көбейтіндісін табыңыздар.

  3. 18 жəне 6 сандарының бөліндісін табыңыздар.

  4. 8 жəне 9 сандарының қосындысын табыңыздар.

  5. 40 жəне 8 сандарының айырмасын табыңыздар.

  6. 70 саны 10-нан қаншаға артық?

  7. 5 саны 50-ден неше есе аз.

Үй жұмысын тексеру (54 бет №5, №6 (д))

кесте

Сабақтың ортасы

34 минут



Мақсат қою (мəселелі жағдаяттар).

Есептердің өрнектерін жазыңыздар.

1.Бір қорапқа 6 бəліш сыйып кетеді. Осындай 4 қорапта қанша бəліш болуы мүмкін?

2.Бір қорапта 10 қарындаш бар. Екіншісінде одан екі есе көп. Екінші қорапта қанша қарындаш бар?

3.Футболды 12 бала ойнады. Олар бірдей екі командаға бөлінді. Əрбір командада неше ойыншыдан бар?

4.Саябақта 7 бірдей қатарға 35 шыршаны отырғызылды. Əр қатарда неше шыршадан бар?

5.Бірінші гаражда 9 автомобиль бар, екіншісінде одан 3 есе артық. Екінші гаражда қанша автомобиль бар?

6.Бірдей 6 көйлекке 24 метр мата жұмсалды. Əр көйлекке матаның қанша метрі кетті?

7.18 литр сусын 6 құтыға бөліп құйылды. Əрбір құтыда неше литрден сусын бар?

8.21 кг ұн қағаз қалталарға 3 кг-нан бөліп салынды. Қанша қалта қажет болды?

-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

-Есеп түрлерін шығара жəне құрастыра білуді бекіту.

Өзіндік жұмыс (№1)

-Есептерге сәйкес келетін өрнектерді табыңдар.

Қиыншылықтарға түзетулер енгізу.

Мұғалім орындалудың дұрыстығын тексереді.

Кімде қиыншылықтар туындады?

Қай жерде сіздер қате жібердіңіздер? Жіберілген қателіктің себебі неде?

Өз бетімен орындалатын жұмыста қиыншылықтарға тап болғандар, өздеріңіздің іс-əрекеттеріңіздің мақсатын тұжырымдаңыздар. (Қосымша тапсырмаларды орындау).

-Қиыншылықтарын анықтағандардың бұдан арғы жұмыстарының мақсаты қандай? (Қателіктерін түзету).

-Қателіктерді түзету алгоритмін пайдаланамыз.

Əркім өзінің оқу мақсатын дауыстап айтады.

Бұрынғы өтілген материалмен жұмыс.

Балаларға математикалық басқатырғыларды

шығарады (сосын өздіктерінен құрастыруды) ұсынуға болады.

2-тапсырманың берілуі жəне сұрақ бойынша есептер құрастыру. Жұмысты жұптасып атқаруды ұйымдастыруға болады. Жұптардың əрқайсысы сыныптастарын шығарған есептерімен таныстырады. Дұрыстығын тексереді.

5-тапсырма өлшеуге берілген есеп.

а) Монеталарды 2-ден бөліп алып, таразыларға салу керек. Бұдан кейін жеңіл монеталарды алып, оларды біреуден табақшаға салу керек. Жеңіл монета салынған табақша жоғары көтеріледі.

ə) Монеталарды 4-еуден бөліп, оларды таразыға салу керек. Бұдан кейін жеңіл монеталарды екіден бөліп алып, табақшаларға салу керек. Тағы да жеңіл монеталарды алып оларды бір-бірден табақшаларға салу керек. Жеңіл монета салынған табақша жоғары көтеріледі.

Үй жұмысын тексеру (61 бет №6)

Карточкалар







Оқулық 60-61 беттер









Жұмыс дәптері 55-56 беттер

Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия.

Сөз тіркестерін аяқтаңыздар:

-Бүгін мен ... білдім.

-Маған ... қызық болды.

-Маған ... қиын болды.

-Мен ... тапсырмаларын орындадым.


Дифференциация

оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап

отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген өлшемдері бойынша фигураларды салады

«Ақылды үкі» стратегиясы

Дүниетану

Оқушыларды ынтымақтастыққа баулу

Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен Қықса мерзімді жоспар: өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!