Материалдар / сабақ жоспары Менің досым 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

сабақ жоспары Менің досым 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдеріне бірінші сыныпқа арналған сабақ жоспары. Жоспардың құрылымын қарап басқа сабақтарды құруға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
4368
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: менің досым

Мектебі

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні

Оқу бағдарламасына

Сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.1.5.1 Қимыл-қозғалыс,сұрақ қою,қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1Мәтіндегі таңыс сөздердің мағынасын түсіну.

1.5.1.2 Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Өзінің досы туралы айтады ( оның атын, оның неше жаста екенін, оның нешінші сыныпта оқитынын, оның қандай екенін.


Оқушылардың басым бөлігі:

Тыңдаған ақпаратты түсінеді,достары туралы сұрақтар қоя алады, өзара достары туралы сөйлесе алады.

Кейбір оқушылар:

Өздерінің достары туралы қосымша ақпарат бере алады


Сабақтың барысы


Сабақтың кезендері

Жоспарланған жұмыс

ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтыңбасталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы


(МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тап. Берілген сөйлеу үлгісіне аударады ( Бұл – менің досым. Оның аты Юра. Ол күшті.) Мұнда оқушылар үшін жаңа сөз – дос. Сондықтан мұғалім оқушыларға дос сөзінің мағынасын және оның тәуелдік жалғауының 1 жағында қолдануын түсіндіреді. Сондай-ақ осы тапсырмада берілген сөйлеу үлгісі бойынша, Юраның неше жаста екенін және нешінші сыныпта оқитынын біледі.

(Ж) 4-тап.оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген диалог негізінде оқушылар өздерінің достары туралы сөйлеседі.

- Бұл кім?

- Бұл-менің досым.

- Оның аты кім?

- Оның аты – Ақылбек.

- Ол неше жаста?

- Ол алты жаста.

- Ол нешінші сыныпта оқиды?

- Ол 1 сыныпта оқиды.

- Ол қандай?

- Ол күшті,ақылды.


(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.


(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай – ақ АКТ –ны қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық

Аудиодиск
3.1.1.

3.1.4.


















1 жұмыс дәптері


Қосымша тапсырма

3.3.

Сабақтың соңы

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданып сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздініз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:





































Тақырыбы:

Сен не істейсін?

Мектебі

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні

Оқу бағдарламасына

Сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1. Күнделікте өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.2.3.1 Сұхбаттың не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларын сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.5.1.3 Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:
Өзінің не істейтінін(істемейтінін) айта алады (доп ойнайтынын және сурет салатынын) және өзімен қатарлас баладан не істейтінін сұрай алады.

Оқушылардың басым бөлігі:
Сен не істейсің? Деген сұрақты қоя алады және осы сұраққа өткен материал деңгейінде жауап бере алады.

Кейбір оқушылар:
Өзінін не істейтіні туралы қосымша ақпарат бере алады.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезендері

Жоспарланған жұмыс

ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтыңбасталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы


(МК, Ұ) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

(МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тап. Берілген сөйлеу үлгісіне аударады.Оқушылар сөйлесу үлгісі арқылы «Сен не істейсің?» деген сұрақ үлгісімен және «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» деген жауап үлгісімен танысады. Оқушылар бұл сөйлемдерді осындай құрылымдық үдгіде есте сақтайды.

(МК,Ұ) 2-тап. Мұғалім оқушыларға «Сен не істейсің?» деген сұраққа жауап болатын «Мен сурет саламын», «Мен доп ойнаймын» сөйлемдерін бояу,қарындаштар және доп суретімен байланыстыра қайталатады. Осы сөйлемдерді тірек заттар немесе тірек сурет бойынша есте сақтауға көңіл бөледі. Оқушыларға осы тірек заттарды беріп, олардың не істейтіндерін сұрайды.Содан кейін мұғалім оқушыларды осы сөйлемдердің болымсыз түрімен таныстырады.Оқушылар сурет саламын-сурет салмаймын, доп ойнамын-доп ойнамаймын, деген құрылымды үйренеді.

(Ж) 3-тап. Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылар өзара телефонмен сөйлесу үлгісін жүзеге асырады. Берілген үлгі бойынша өздерінің не істейтіндері туралы сөйлеседі. Үлгі:

-Сәлем,Юра!

- Сәлем, Асқар!

- Халің қалай?

- Жақсы,рақмет! Сенің халің қалай?

- Жақсы! Сен не істейсің?

- Мен сурет саламын.

(МК,Ұ) 4-тап. Сұраққа оқушылар өз қалауы бойынша не істейтінін айта алады. Бұл сұрақты мұғалім оқушыларға немесе оқушылар бір-біріне қоя алады.

(ОТ) Мұғалім үстелдің үстіне допты және түрлі түсті қарындаштар(сурет дәптерін) қояды. Содан кейін бір оқушы шығып, өз қалауы бойынша бір зщатты таңдап алады.

Сол бойынша мұғалімнің «Сен не істейсің?» деген сұрағына жауап береді.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай – ақ АКТ –ны қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Оқулық


Аудиодиск
3.4.1;
3.4.2.

3.4.3.
























Доп,түрлі қарындаштар,(сурет дәптері)





1 жұмыс дәптері


Қосымша тапсырма: 3.4

Сабақтың соңы

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданып сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздініз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:



























Тақырыбы: Менің достарым

Мектебі

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні

Оқу бағдарламасына

Сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1 Кұнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.5.1Қимыл-қозғалыс,сұрақ қою,қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.
1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрция бойынша қарапайым сұрақтар қою.
1.5.1.3 Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.
1.5.1.5 Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:
Достары не істейтіні/істемейтіні туралы айта алады..

Оқушылардың басым бөлігі:

Өздерінің достары немен айналысатыны туралы өткен және осы сабақта үйренген материал негізінде өзара тілдесе алады, етістіктерді болымды,болымсыз түрде қолдана алады.

Кейбір оқушылар:
Достары не істейтіні туралы сабақта үйренгендерінен тыс қосымша ақпарат бере алады..


Сабақтың барысы


Сабақтың кезендері

Жоспарланған жұмыс

ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтыңбасталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.


Сабақтың ортасы


(МК,Ұ) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.Сабақ мақсатымен таныстыру.

(МК,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тап.берілген сөйлеу үлгісіне аударады.Оқушылар берілген сөйлеу үлгісі арқылы Нұрбектің сөзінен Әсеттің сурет салатынын, Юраның футбол ойнайтынын,ал Арманның велосипед тебетінін біледі.Мұнда мұғалім оқушылардың назарын дос сөзінің көпше түрде (тәуелдік жалғауының І жағында)қолданылуына аударады. « Велосипед тебеді» тіркесінің мағнасын түсіндіреді. Сондай-ақ етістіктердің(І жақта) қолданылуына назар аударады.

Салыстырмалы түрде грамматиканы түсіндіреді. Мысалы:Мен сурет саламын. Ол сурет салады.

(МК,Ұ) 2-тап. Мұғалім оқушыларға кесте бойынша етістіктердің І жақта қолданылуын тағы бір рет түсіндіреді. Сондай-ақ оқушылардың назарын велосипед тебеді деген тіркестегі велосипед сөзін коньки, шаңғы,ссссссссссөздерімен алмастырып қолдануға болатынына да аударады.

(МК,Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларды етістіктердің болымсыз түрімен таныстырады.

Оқушылар мына үлгіде айта алуға жаттығады: сурет салады-сурет салмайды,футбол ойнайды- футбол ойнаймайды,велосипед тебеді-велосипед теппейді.

(Ұ) 3-тап.бойынша оқушылар жоғарыда берілген етістіктерді суреттің қасына қойылған белгілер (x.V) бойымша болымды, болымсыз түрде (ІІІ жақта) толықтырып айтады. Мысалы: Ол коньки тебеді. Ол сурет салмайды.

(ОТ,) Мұғалім тақтаға екі белгіні іледі(х,v). Содан кейін тақтаға шыққан оқушыға суреттерді таратады(футбол добы, түрлі түсті қарындаштар,велосипед,коньки,шаңғы,шахмат). Бала осы тірек суреттерді өзінің досы не істейтініне/ істемейтініне байланысты екі белгінің астына жапсырып шығуы керек.Содан кейін етістіктерді болымды,болымсыз түрде қолданып, өзінің досы туралы айтады. Мысалы: Менің досым сурет салады,коньки, шахмат ойнайды.Менің досым сурет салмайды,футбол ойнаймайды,велосипед теппейді.

(Ұ) 4-тап.оқушылар Нұрбектің достары туралы мәтінді тыңдайды. Осы мәтін негізінде өз достары туралы (олардың не істейтіндерін) әңгімелейді.

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.


Оқулық




Аудиодиск
3.5.1.

3.5.4.






















Суреттер:

Футбол добы,түрлі түсті,қарындаштар

,велосипед,коньки,

шаңғы,шахмат














1 жұмыс дәптері



Қосымша тапсырма

3.5.

Сабақтың соңы

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады.

Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны,не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданып сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысына өзгертулер енгіздініз бе?

Неге?

2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!