Материалдар / Сабақ жоспары "Мөлдір бұлақ" мектепалды даярлық сыныбы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Мөлдір бұлақ" мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныбы педагогтеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2018
1304
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспарлау

Пәні: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Мөлдір бұлақ»

Мектеп №34 ОМ

Күні

Педагогтың аты-жөні Бошанова Г.А.

Мектепалды даярлық сыныбы

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар сан:

Сабақтың оқу мақсаттары

0.1.1.1.Сөздермен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.

0.1.1.2.Шағын фольклор жанрларын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту.

0.1.2.1.Шағын мәтін, ертегі, әңгіме, өлеңдерді мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру.

0.1.2.2.Өзінің эмоциялық күйін ауызша жеткізу.

0.1.3.1.Жанрларды ажырату(жұмбақ,ертегі,өлең т.б.)

0.1.6.1. Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу.

0.1.6.2. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.

0.1.8.2.Өз тәжірбесі негізінде әңгіме құрап айту.

0.3.1.1.Тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.


Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

  • Ақылды баланың іс-әрекетін атай алады.

  • Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыра алады.

  • Шағын фальклор жанрын өлеңді жатқа айта алады.

  • Сұрақтарға жауап бере алады.

Көпшелік тәрбиеленушілер:

  • Жанрды ажырата алады.

  • Сөздермен фразадағы дыстарды дұрыс айта алады

  • Тақырып аясында диалогқа қатыса алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

  • Әңгіме құрап айта алады.

  • Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатыса алады.




Тілдік мақсат

Балалардың мынандай қабілеттері дамиды:

  • Тәрбиеленушілер:

  • Талқылау барысында сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

  • Көптілділік: Су-вода-whiter

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Туған жер, су, балықтар

Сабақта диалог/хат жазу үшін қолданылатын тіл

Пікір алмасу сұрақтары:

Су не үшін керек?

Суды мекендеушілерді ата?

Өткен сабақтардан алған білім

Туған жер туралы естеріне түсіру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


І. Дұрыс әсерлі коңіл күй орнату

0-2 минут

II.Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам

3-5 минут

(Ұ) Сабақта жұмыс жасау үшін педагог жағымды ахуал туғызады. Педагог тәрбиеленушілермен өлең жолдарына қимыл-қозғалыс жасатады.

Жабырқауды білмейміз,

Жалкаулыкты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

(Ұ) «Судың да сұрауы бар» бүгінгі сабақ не жайында болатыны туралы болжамдайды.









Сабақтың ортасы

(Ұ) Әліппе дәптермен жұмыс


III. Тақырып бойынша жұмыс

6-27 минут

1.Суретші нені ұмытты? Толықтырып сал.

2.Жаңылтпашты жаңылмай айтайық.

Бұд балық

Ақ балық

Ақ балық

Қылтаны көп балық

3.Суреттегі тізбекті есіңе сақта. Шатастырмай айтып бер.

4.Суды мекендеушілерді ата. Сызып қос.

Сергіту сәті (әуенмен орындайды):

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Мақалдың мағынасын түсініп ал.

Судың да сұрауы бар.

Бұлаққа бұлақ қосылса «егізбіз» дейді

Көлге көл қосылса «теңізбіз» дейді.

Өзен суын жаңбыр тасытады,

Адам қадірін еңбек асырады.

Су анасы – бұлақ,

Сөз анасы - құлақ

Д/ ойын: «Не жок?»

Педагог балаларға сурет көрсетеді (). Содан кейін суретті алып кояды. Балалар көрген затгарды ретімен айтып шығады (көп айткан бала жеңімпаз болады).

Әліппе-дәптер
















Әліппе-дәптер


Ойын.

IV. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия

28-30 минут

Педагог сабақты қорытындылайды.

- Бүгінгі сабақта қандай қызықты ақпаратты білдіңдер?

- Сендерге не ұнады?

Тәрбиеленушілер сабақтағы өзінің жұмысына баға береді:

ештеңе түсінбедім – қызыл түспен;

түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен;

бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.

Әліппе-дәптер







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!