Материалдар / Сабақ жоспары "Мозаика құрастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Мозаика құрастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша әрбиешілеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2018
4534
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Мозаика

Оқу іс-әрекетінің түрі: аппликация.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: балалардың қайшымен тіктөртбұрыш және жолақ қағаздарды дұрыс қия білу дағдыларын жетілдіру; мозаика туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; ұсақ бөлшектерді қия білуге үйрету.

Керекті құралдар мен материалдар:

педагог үшін: әртүрлі мозаикалық жұмыстардың үлгілері, дайын жұмыстың үлгісі, түрлі түсті қағаздар, түрлі түсті қатырмақағаз, қайшы, желім, қолорамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қолорамал, түрлі түсті қатырмақағаз.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме:мозаикалық жұмыстар бейнеленген суреттерді көр- сетіп, бүл өнер түрінің ертеден келе жатқанын айтады. Мозаиканың геометриялық пішіндерден құралатынына, әсемдігіне назарларын аударады. Мозаикамен сәулетті ғимараттарды безендіретінін суреттер көрсете отырып түсіндіреді. Өте ертеден - ақ адамдар тұрғын үйлерді теңіздегі ұсақ жұмыр тастардан, ұлу қабыршақтарының сынықтарынан құрастырылған суреттермен безендірді. Кейінірек мозаика үшін мөлдір емес әйнектен арнайы материалдар дайындай бастады. Мозаиканы әртүрлі материалдардан - өсімдік тұқымы, пластикалық тығындар, қатырмақағаздардан, т.б. жасауға болады.

2.Жұмыс ретімен таныстыру: дайын қағаз мозаиканың үлгісін көрсетіп, осындай мозаиканы түрлі түсті қағаздан өздері жасауды ұсынады. Балалардан мозайканың қандай геометриялық фигуралардан тұратынын, оларды қалай қиюға болатынын сұрайды. Балалардың назарын өрнектердің қалай орналасқандығына аударады. Олардың қандай элементтерді қиятынын нақтылап көрсетіп, түсіндіреді. Өрнектердің түс үйлесімділігіне көңіл бөліп, заттардың пішініне сәйкес орналастыра білуге бағыт береді. Қажетті өлшемдегі қағаз жолақтарын шаршыларға бөлу арқылы көптеген ұсақ шаршыларды алуға болатынын көрсетеді.

Бұл сабақта балалар шаршыларды қиюға жаттығады.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Сабақ соңында балалардың жұмыстары тексеріледі, үлгіден өзгеше жасаған балалардың еңбектері ескеріледі






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!