Материалдар / Сабақ жоспары "Музыкалық қоржын" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Музыкалық қоржын" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тыңдалған әннің немесе музыкалық шығарманың көңіл күйін, мазмұнын және көркемдеуіш құралдарын, музыкалық терминдерді қолдана отырып анықтау және салыстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
3727
33 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар:

Пән: музыка

Күні: 05.09.17ж

Сабақ №: 1

Сынып: 2

Бөлім: Өзім туралы

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық қоржын

Мектеп: Талшық ОМ

Мұғалімнің аты-жөні: А.Ш.Жакупова

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1Тыңдалған әннің немесе музыкалық шығарманың көңіл күйін, мазмұнын және көркемдеуіш құралдарын, музыкалық терминдерді қолдана отырып анықтау және салыстыру

2.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (2-4 такт) шығару және импровизациялау

2.1.2.1 Екпіні мен ырғағын сақтай отырып, әртүрлі сипатты әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: үйренген әннің ырғағын ұрмалы, шулы аспаптармен сүйемелдей алады;

Оқушылардың басым бөлігі: таңдаған ойыншықтарға соль, ми ноталарын пайдаланып, әуен шығарады. Өз жұмыстарын бағалай алады;

Кейбір оқушылар: өз жұмыстарын бағалайды, түсінігін айтып береді.

Күтілетін нәтиже

-ойыншықтарға соль, ми ноталарын пайдаланып, әуенді келесі бір нұсқа бойынша шығарады: ойыншық атауларының біріне, таныс өлеңге, өз мәтініне;

-әннің ырғағын ұрмалы, музыкалық және шулы аспаптарды қолдана отырып, орындайды;

-өз жұмыстарын таныстыра және бағалай біледі.

Жетістік критерийлері

сабаққа белсенді қатысады; жаңа сөздердің мағынасын түсінеді;

жақсы мен жаманды ажыратады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану

Ресурстар

Жұмсақ ойыншықтар немесе жануарлар бейнеленген суреттер, нота хрестоматиясы, фонохрестоматия, оқулық, ұрмалы музыкалық шулы аспаптар

Тілдік құзыреттілік

Музыканы талдау және талқылау барысында сәйкес терминдерді қолданады, өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жақсарту үшін ұсыныстар жасайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Музыкада кейіпкер қандай көркемдеуіш құралдар арқылы бейнеленген?

-Әуеннің ырғағы кейіпкерді қалай бейнелейді?

-Ойыншыққа дыбыстың қандай қаттылығы келеді?

Алдыңғы білім

1-ші сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

(МК, Ұ) «Ойлан, тап» ойыны

Ойынның шарты: ортада атаның қоржыны. Оқушылар бәрі бірге шеңбер құрып отырады, қоржында қандай ойыншықтар бар екенін тауып алу керек.

Атаның қоржыны

Сабақтың ортасы

36 минут













Сергіту сәті


1-тапсырма. Тыңдау және талдау.

(МК, Ұ) Музыканы тыңдау: «Музыкалық қоржын», музыкасын жазған Г.Абдрашева мен Ә. Бүшікова. Қоржыннан шыққан ойыншықтарды: түйе, қоян, жылан, құс музыкалық пьесаларымен салыстырып, ұқсастығын тауып алу.

-Ойыншықтарға қайсы музыка көбірек сәйкес келеді деп ойлайсыңдар?

Музыканы сипаттайтын сөздердің ішінен дұрысын тауып, таңдаған ойыншықпен салыстырып, түсінігін айтып беру

-Ұқсастығын немесе айырмашылығын не арқылы табуға болады? Неліктен?

2-тапсырма. Музыканы шығару.

(Т) Ойыншық әуені суырыпсалма ойыны

1.Соль және ми ноталарын қолдана отырып, топпен бірге ойыншыққа арналған әуендер шығарту. Нұсқаға қарау:

-ойыншықтың атауларының біріне;

-таныс өлеңге;

-өз мәтініне.

2.Өз ойымен бөлісу.

-Ырғақтың әуені ойыншықтың бейнесін сипаттай алды ма?

-Екпін арқылы ойыншықтың бейнесі ашылды ма?

3-тапсырма. Орындау.

«Ойыншықтар». Өлеңін жазған Н.Әлімқұлов, әнін жазған И.Нүсіпбаев

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен қуыршақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?!

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.

нота хрестоматиясы


фонохрестоматия, оқулық



«Музыкалық қоржын» пьесасын жазған Г.Абдрашева мен Г.Бүшікова










ұрмалы музыкалық шулы аспаптар










Сабақтың соңы

2 минут

(Ө) Орындау. Бағалау.

-Ұрмалы, музыкалық және шулы аспаптарды қолдана отырып, музыканы сүйемелдеңдер.

Рефлексия.

-Мен не білдім?

-Бүгін мен не үйрендім?

-Мен үшін қандай тапсырма қиын болды?

-Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым?

Балаларға арналған музыкалық аспаптар

Дифференциация

оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап

отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тыңдалған музыкаға сүйемелдеу жасау барысында кейбір оқушыларға ырғақ үлгілері ұсынылады.

Бақылау;

Бағалау критрийлері бойынша;

Ән орындау езінде оқушылар бірін-бірі өздері бағалайды


Денсаулық сақтау технологиялары

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.


2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.


2: Рефлексия.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!