Материалдар / Сабақ жоспары Натурал санның бөлінгіштігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Натурал санның бөлінгіштігі

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
890
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : мектеп: Талдысай жалпы білім беретін орта мектебі

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Күн:мұғалімнің аты-жөні:Сакауов Н.К.

Сынып:5 сынып

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жай және құрама сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу


Сабақтың мақсаты:

Барлығы: жай және құрама сандардың анықтамасын біледі, ажырата алады.


Көпшілігі:берілген санды екі жай санның қосындысы және көбейтіндісі түрінде жаза алады.


Кейбіреуі:берілген санның жай немесе құрама сан екенін дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

1. Жай және құрама сандарды ажыратады

2. берілген санды екі жай санның қосындысы түрінде жазады

3. берілген санды екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазады

Тілдік мақсаттар

-бөлінгіштік белгілерін қолданып, құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу алгоритмін талдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- жай сандар;

- құрама сандар;

- өзара жай сандар;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- ... болғандықтан, натурал ... саны жай сан болады

-... болғандықтан, натурал ... саны құрама сан болады;

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Алдыңғы бөлім

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін біледі

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың даындығын тексеру

Оқушыларға жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерін анықтап алынады. Оқушылар бір-біріне көңіл-күйлерін үш тілде айтады.

Өткен тақырыпты еске түсіру

« ... 10 сөзді атаңыз» әдісі.

Мақсаты: өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білуге дағдыландыру.

Тақтада жазылған сөздердің ішінен өтілген тақырыпқа қатысты сөздерді дөңгелектеп белгілеу арқылы табамыз.


Миға шабуыл әдісі.

Мақсаты:сын тұрғысынан ойлай отырып топқа бөлу

1, 6, 7, 17, 19, 25, 33,47,54,61,72,85,97,100,99,56

1.Топқа бөлу

І. Бөлгіштерінің саны 2

ІІ. Бөлгіштерінің саны екіден көп сандарды табу арқылы

ІІІ. Айырмасы екіге тең сандар.

Үш топқа бөлінеді

Осы жерден тақырып ашылады.Жай сандар және құрама сандар








Жаңа сабаққа арналған презентация слайд №1







Сабақтың ортасы


Мақсаты: жай сан мен құрама санның анықтамасын тұжырымдап қорытынды жасайды


Натурал сандар бөлгіштерінің санына қарай:

жай сандар,

құрама сандар

1 саны болып үш топқа бөлінеді.


1-ге және өзiне ғана бөлiнетiн натурал сандарды жай сан- дар деп атайды.


Екiден көп бөлгiштерi бар натурал сандар құрамасандардепаталады.


Натурал сан 1. Натурал 1 саныныңбiрғанабөлгiшi бар, олсолсанныңөзi – 1 саны. 1 саны жайсандарға да, құрамасандарға да жатпайды.


Айырмасы 2-ге теңекiжайсандыегiзсандардепатайды. Мысалы, 5 пен 7; 11 мен 13; 17 мен 19 – егiзсандар.


Мұғалім мен оқушы әдісі , сұрақ –жауап әдістері. Интерактивті тақта арқылы кесте көрсетіледі.

Мақсаты: жаңа сабақтың мақсатын ашу, сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу қабілетін қалыптастыру.

Оқушыларға кестені қарастырып, сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Бірінші бағандағы сандар қандай сандар?

Екінші бағандағы сандар қандай сандар ?

Олардың айырмашылығы?

Келесі сандар қандай ретпен орналасқан ?



«Серіктесті оқыту» әдісі.

Мақсаты: жаңа ақпараттың қаншалықты меңгерілгенін пысықтау, жауапкершілік, тілдік дағдыларын қалыптастыру.

  • Жай сандар .... мына сандар болып табылады;себебі

  • Құрама сандар ... мына сандар болып табылады; себебі

  • Бір ғана бөлгіші бар сандар?

  • Айырмасы екіге тең сандар ?

Дескриптор:

-жай және құрама сандардың анықтамасын біледі, ажырата алады

- тиісті сөздерді анықтайды.


Кері байланыс:

сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіз

а) 510 ә) 1092 в) 8645


Деңгейлік тапсырмалар беру

оқушы қажеттілігін қанағаттандыру, өз деңгейіне сай тапсырманы, деңгейлік тапсырмалар беру.


А деңгейінің тапсырмалары:


190. Көп таңбалы жай сандардың жазылуы қандай цифрлармен аяқталады? Жауабын жазыңдар.


191. жай сандар кестесін пайдаланып: 1) 66, 97, 128, 139, 201, 311, 450, 502, 503, 641, 864, 879, 991 сандарынан жай сандарды бір жолға, құрама сандарды екінші жолға жазыңдар. 2) 1-ден 50-ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар.


192. 1, 3, 6, 7, 9, 15, 23, 28 және 37 сандарынан: 1) бір ғана бөлгіші бар сандарды; 2) екі ғана бөлгіші бар сандарды; 3) екіден көп бөлгіші бар сандарды теріп жазыңдар.



Дескриптор:

- берілген сандардың ішінен жай сандарды таба алады.

-берілген сандардың ішінен құрама сандарды таба алады.

Кері байланыс:

Сергіту сәті: дене қимылдары арқылы сергіту жаттығулары орындалады.


Мұғалім:

-Жай санды атаса қолдарын жоғары көтереді

-Құрама санды аталса қолдарын төмен түсіре


В деңгейінің тапсырмалары:


193. Мына сандарды: 1) екi жай санның қосындысы түрiнде жазыңдар: 10; 12; 18; 24; 30; 42; 68; 2) екi жай санның көбейтiндiсiтүрiнде жазыңдар: 22; 35; 77; 65; 69; 95. 76

194.Дүниежүзiндегiекiншi ұстаз, қазақтың ежелгi ғалымы Әбу Насрәл-Фараби Отырарда (Оңтүстiк Қазақстан облысы) дүниеге келiп, 870–950 жылдар аралығында өмiр сүрген. Осы жылдарды көрсететiн сандар аралығында неше жай сан бар?


Дескриптор:

- сандарды екі жай санның көбейтіндісі түрінде жаза алады

-сандарды екі жай санның қосындысы түрінде жаза алады

Кері байланыс:

Амалдарды орындамай ақ анықтаңыз:

а) 120+48 қосындысы 12 ге бөліне ме?

ә)33*26 көбейтіндісі 11-ге бөліне ме?







С деңгейінің тапсырмалары:

196. 1, 3, 5, 7 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, екі таңбалы сандарды жазыңдар. Осы сандардың: 1) қайсысы жай сан? 2) қайсысы құрама сан?


197. х-тің қандай мәнінде: 1) 17х өрнегінің мәні жай сан. 2) 17х өрнегінің мәні құрама сан. Мысалдар келтіріңдер. 198. Мына санның құрама сан екенін дәлелдеңдер: 1) 111 111; 3) 414 141; 2) 171 717; 4) 232 323.


Дескриптор:

-берілген санның жай немесе құрама сан екенін дәлелдей алады




Кері байланыс:


Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз ?

1

Жай санның екі ғана бөлгіші бар


2

Жай сандар шексіз көп


3

1 саны – жай сан


4

Құрама санның екіден артық бөлгіші бар


5

Барлық тақ сандар жай сандар


6

Барлық жұп сандар құрама сандар


7

Жай сандардың көбейтіндісі –жай сан


8

Жай саннан кейінгі сан-құрама сан




Талдау кезеңі:

1-тапсырма.

Еліміз қай жылы тәуелсіз ел болып жарияланды? (1991ж) Тәуелсіздігімізге неше жыл? (25 жыл)

25 жай сан ба құрама сан ба?

2-тапсырма.

Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын қай жылы ресми түрде жариялады? (1997 ж)

Астана қаласының басты символы «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі неше метр? (97 м)

97 саны жай сан ба құрама сан ба?

3-тапсырма

1,3,5,7,9,11,13 қандай сандар-тақ

2,4,6,8,10,12,14 қандай сандар-жұп

Екі сандар қатарының айырмашылығы

Екі сандар қатарының ұқсастығы


«Пікірталас» әдісі.(жинақтаймын)


Берілген тапсырма бойынша пікір, ой таластырады.

1. Берілген бірнеше сандардың ішінен бөлгіштері бір, екі және одан жа көп бөлгіштері бар сандарды анықтап, үйшіктерге орналастыру.


2. Айырмасы екіге тең сандардыанықтау.




слайд№2



слайд №2

















Акт












акт













оқулық












Алдамұратова

«математика-5» оқулығы








сабақтың соңы

Рефлексия :




Үйге тапсырма :

197.х-тің қандай мәнінде:

1) 17х өрнегінің мәні жай сан.

2) 17х өрнегінің мәні құрама сан.

Мысалдар келтіріңдер.


Кеме суреті бар парақшалар

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Жұптық жұмысты бақылай отырып, қиындықтар кездескенде бағыт беремін. Әлсіз оқушыларға жеке кеңес алуға мүмкіндік беремін.

Сабақтың әр кезеңінде оқушыларға марапаттау, мадақтау тәсілімен қолдау көрсетемін. Деңгейлік тапсырмаларды беру арқылықабілеті жоғары оқушыларды анықтап, үйге тапсырма беру кезінде күрделірек тапсырмалар беремін.

1.« ... 10 сөзді атаңыз» әдісі.

2. Миға шабуыл әдісі.

3. Мұғалім мен оқушы әдісі , сұрақ –жауап әдістері.

4. «Серіктесті оқыту» әдісі.

5. «Пікірталас» әдісі.


Сергіту дене қимылдары.

Интерактивті тақта қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ және оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы дерлік оқу мақсаттарына қол жеткізді, жай сандар мен құрама сандарды ажыратуды үйренді. Сабақтағы саралау дұрыс жүргізілді. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ. Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды.

Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:«Серіктесті оқыту» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылын оятты.

2:Жинақтау кезеңінде оқушылар онлайн тапсырмаларды жарыса, пікірталастары орындады.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:Оқыту мен оқу барысында АКТ-ны және интернет ресурстарды көбірек әрі тиімді пайдалану.

2:Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сабақта жұптық, ұжымдық жұмыс кезеңдерінде оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты. Қабілеті жоғары оқушылар серіктесті оқыту кезеңінде диалог құра отырып, қабілеті орташа оқушыларға көмек көрсетіп, материалды игеруіне оң ықпалын тигізді.алдағы уақытта да жұппен, топпен жұмыс жасауды жандандыруым керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!