Материалдар / Сабақ жоспары "Өлкенің көлдері" 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Өлкенің көлдері" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөрлу ауданының көлдері туралы сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
803
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 27.11.17ж

Пәні: Өлкетану

Сыныбы:

Сабақ тақырыбы: Өлкенің көлдерін зерттеу және сипаттау

Сабақ мақсаты: Білімдік – өлкеміздің әсем де көрікті өзендері туралы толығырақ тоқталу

Тәрбиелік – оқушыларды табиғатты,табиғат байлықтарымызды қорғауға тәрбиелеу

Дамытушылық – оқушылардың ой-өрісін дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: аузша баяндау, сұрақ – жауап

Көрнекілігі: плакаттар,слайд материалдары

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Карточкалық сұрақтар:

  1. Өлкеміздің қандай өзендерін білеміз?

  2. Жайық өзеніне сипаттама бер

  3. Өзендеріміздің экологиялық проблемалары қандай?

  4. Жеріміздегі минералды су көздерін білемізбе?

  5. Су экологиясын қорғау үшін не істеуіміз қажет?

ІІІ.Жаңа сабақ. Айдар көлі – БҚО Сырым ауданы Жетікқөл ауылынан 15 км оңтүстік-батыста орналасқан көл. Аумағы 2,5 км, ұзындығы 2,1 км, жағалауының ұзындығы 7 км. Қар, жауын-шашын және Бұлдырты өзенінің суымен толысады.Жағалауы жазық, қамыс құрғақ өскен. Қарашада қатып, сәуірдің ортасында мұзы түседі. Суы ащы.Жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.

Аралсор – БҚО-ның батысында, Ойыл алабында орналасқан тұзды көл. Аумағы 200 км, тереңдігі 30-50 м. Су құрамында ас тұзы, калий, йод,бром,т.б. элемененттер бар. Көл балшығы түрлң ауруларға ем. Қарашаның аяғында мұзы қатып, сәуірдің аяғында ериді.

Үзгенсор – БҚО-дағы Ақжайық ауданының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі көл. Аумағы 57,8 км, ұзындығы 23 км, ені 6,2км.жағасының жалпы ұзындығы 134,5 км.Түбекті,аралды,шығанақты келеді.Түбі – тұнба лайлы. Жағасы тік жарлы (2-5 м). Солтүстік жағы шағын сор батпаққа ұласады. Атырабы теңіз деңгейінен төмен жатқан құмды жазық. Суы ащы, тұзды. Ылғал мол жылдары деңгейі көтеріліп, Ойыл өзенімен жалғасады.

Ақкөл – Қаратөбе ауданындағы Аққозы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 35 м биіктікте. Аумағы 1,85 км, ұзындығы 2,1 км, ені 1,3 км. Жазда тартылып қалады.

Ақмамық (Алмалық) – БҚО Казталов ауданындағы көл. Балықты жайылмасының солтүстік батысында ораналасқан. Теңіз деңгейінен 3,7 м биіктікте, аумағы 4,03 км, ұзындығы 2,5 км, ені 2,5 км. Жағалауының ұзындығы 8,6 км. Көл қар, жауын-шашын суларымен толысады. Жағалауы жайпақ, астық тұқымдас ақмамық шөбінің өсуіне орай көлді Ақмамық деп атаған. Суы қарашаның 1 жартысында қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Дәмі кермек, ащы. Жазда суы тартылып қалады. Жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.

Балықты – БҚО Казталов ауданының солтүстік-шығысындағы тұйық көл. Талдықұдық ауылының оңтүстік-шығысында 27 км жерде орналасқан. Аумағы 10,8 км, ұзындығы 5,5 км, ені 2,7 км. Қараша айының 1-ші жартысында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Көктемде қар суымен молайып, жаздың ыстық кезінде тартылып қалады. Суы тұщы. Малға суат есебінде пайдаланады.

Балықты сарқыл – Жайық алабындағы көл. БҚО Казталов ауданында, Қараөзен мен Сарыөзен өзендері аралығында, Жалпақтал ауылының оңтүстік батысында 8 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 4,8 м биіктікте. Айдынының аумағы көктемде 60 км жетеді, орташа тереңдігі 3,2 м. Негізінен Қараөзен суымен толығады. Суында минералды қоспалар көп. Саз балшығы кейбір ауруларға ем.

Етбатыр – Көшім өзенінің сағасында орналасқан көл.БҚО Жаңақала ауданында. Аумағы 4,91 км, ұзындығы 4,2 км, ені 2,3 км, жағалауының ұзындығы 19,6 км.Көл негізі Көшім өзенң және жер асты суларымен толығады. Жағалауы шабындық және жайылым.

Жетенсор – Қалдығайты өзенінің сағасында орналасқан көл. БҚО Қаратөбе ауданы Үшана ауылынан батысқа қарай 27 км жерде. Аумағы 3,6 км, ұзындығы 2,7 км, енді жері 1,4 км, жағалауының ұзындығы 7,8 км. Негізінен өзен суымен толығады. Суы кермек татиды. Қарашада суы қатып, сәуірдің 2 жартысында ериді. Жағалауы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.

Кіші қылызоба – Көшім алабындағы көл. БҚО Жаңақала ауданы Бөрік ауылынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан. Аумағы 3,5 км, ұзындығы 3,6 км, ені 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 19,7 км. Жағалауы жарлы келген. Суы ащы. Негізінен жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.

Шалқар – Жайық алабындағы көл. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы жерінде. Теңіз деңгейінен 16,7 м биіктікте. Ауданы 205,8 км2, ұзындығы 18,4 км, енді жері 14,7 км, орташа тереңдігі. 4,8 м, ең терең жері 13 м, суының көлемі 1 млрд м3, жағалауының ұзындығы 57 км. Көл шарасы эллипс тәрізді. Жағалауы құлама жар. Су жинайтын алабының оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігі төбелі-белесті, қалған жері жазық келеді. Бетегелі-бозды, жусанды өсімдік басым өскен алабы – мал жайылымы. Көл қар, жаңбыр және жерасты суымен толығады. Шалқарға шығысынан Шолаңқаңқаты, Есенаңқаты өзендері құяды. Оңтүстік батысынан Ащыөзен ағып өтеді. Сазан, табан, көксерке балықтары ауланады. Шалқарды жергілікті тұрғындар «Кіші теңіз» деп те атайды. Көлде аққу, қаз, алуан түрлі үйректер, қоқиқаз, шағала, бірқазан мекендейді.

IV. Сабақты қорытындылау.

  1. Өлкеміздің көлдері жайлы жаңадан нені білдік?

  2. Ең ірі көліміз қандай?

  3. Шалқар көлінің ерекшелігі неде?

V.Үйге тапсырма. Шалқар көлінің зерттелу тарихы туралы конспект жазу

VI. Бағалау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!