Материалдар / Сабақ жоспары "Отан деп соғады жүрегім" даярлық топ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Отан деп соғады жүрегім" даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал даярлық топ жетекшілеріне қажет, сөйлеуді дамыту пәнінен сабақ жоспары, Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді. Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыра алады. Кейбір тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана біледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2019
1872
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Отан деп соғады жүрегім

Мектеп:

Күні:

Педагогтың аты-жөні:

Топ: даярлық

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқыту мақсаттары

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.4.1 Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу

0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыра алады.

Кейбір тәрбиеленушілер: Қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Тәрбиеленушілер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: Отан – Родина – Motherland Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Отан, Қазақстан

Пікір алмасу сұрақтары: Біздің еліміз қалай аталады? Еліміздің елордасы қай қала? Еліміздің қандай көрікті жерлері бар?

Алдыңғы білім

Мамандықтар туралы білімі бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут

Ұ) Балалар шаттық шеңберіне тұрады, педагогпен қосылып өлең жолдарын қайталап айтады. Отан деген - Атамекен, Отан деген - туған жер. Отан - ана, Отан - үлкен, Қазақстан - туған ел! (Ермек Өтетілеуұлы)


ІІ. Мақсатты болжам.

3-5 минут

Педагог «Отан – анаң, қамқоршың», «Отан деп соғады жүрегім» сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Балалармен бірге талқылайды. Балалар өз болжамдарын айтады. Педагог қорытынды жасайды: Отанын сүйе білмеген адам бақытты бола алмайды. Өйткені атақ та, даңқ та, бақыт та, бақ та Отанды сүюден басталады.


ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс

6-27 минут

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Сен Астана қаласында болдың ба? Саған бәрінен де не ұнады? Әсеріңмен бөліс. Суретте қандай орындар бейнеленген?

Педагог әрбір қаланың өз эмблемасы, символы болатыны жайлы ой қозғайды. - Астана қаласының символы не? - Бәйтерек туралы не білесіңдер? Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Суретте не бейнеленген? Боя. Сергіту жаттығуы: Төскейде жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін Көк майсасын төседі. «Кім Отан туралы көп мақал айта алады» конкурсын өткізу. Көптілділік: Отан – Родина – Motherland Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап бер. «Менің Отаным – Қазақстан» деген тақырыпта әңгіме құрастыр. Педагог балаларды біздің Отанымыз – үлкен ел. Елімізде барлық халық тату-тәтті, келісімде өмір сүреді деген ұғымға келуге жетелейді. Біз өз Отанымызды сүйіп, қорғауға тиіспіз.

Өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын түсіндіру.

Отан Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан осы, достарым,

Көңілде мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл. (Бүркіт Ысқақов)

Әліппе-дәптер

IV. IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия.

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Балалардан үйдің суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен; Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!