Материалдар / Сабақ жоспары өзін-өзі тану пәні "ТӘРТІП ПЕН ПАРЫЗ" 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары өзін-өзі тану пәні "ТӘРТІП ПЕН ПАРЫЗ" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас буынға комекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2020
362
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары



Тақырып: ТӘРТІП ПЕН ПАРЫЗ

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: Шыншылдық, жауапкершілік, ұқыптылық

Мұғалiм: Дүйсенбі Эльмира

Cыныбы Оқушылар саны


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

- «Тәртіп» және «парыз» ұғымдарының мағынасы түсіндіру арқылы адалдық қасиетін ұғындыру.

- оқушылардың тәртіп пен парызға қатысты дұрыс әрекеттерін баулуда жауапкершілік қасиетін дамыту.

- Оқушыларды шыншылдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, нақыл сөздер, сурет, әуен

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 Т ережесін қайталау

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

  1. Д әйексөз


Жақсы тәртіп көрсе бала күнінде, үлгісімен қуантады түбінде.

Ж. Баласағұни


- Тәртіпті көріп өскен бала өзінің іс-әрекетімен көрсете алады. Тәртіпті бала отбасының, ұстазының көз қуанышы.

Балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырамын,оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын өз сөзімен қортындылаймын.

4 . Әңгiмелеу (сұхбат)

-Тәртіптілік деген не?

-Тәртіпті бала қандай болу керек?

-Тәртіпсіз бала қандай бала?

-Парыз дегеніміз не?

-Біздің қандай парызымыз бар?


Оқушылар өз ойымен бөліседі


Оқушыларға тәртіп пен парыз туралы мағлұмат беремін.


- Сонымен балалар, адам бойында жақсы, жаман қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылық пен кішілікті, шындықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата - аналарымыз, ұстаздарымыз.

- Жақсы бала болатын бала жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, тәртіпсізден аулақ болуға тырысуы керек.

-Тәртіп - орындалуы міндетті, барлығымызға ортақ ереже. Тәртіп-адамды жетістікке жеткізеді.

- Парыз - төлемді, өтемді талап етпейтін, бірақ әркімнің адамгершілік қасиеттеріне байланысты өзі біліп атқаратын қасиетті борышы. Әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар. Адам өзін парызға арнап, парызға сәйкес әрекет етуі тиіс. Сонда барлық іс-әрекеті дұрыс болады.

Мәтінмен жұмыс

«Сыпайы қоян»Ертегі

Сұрақтар:

- Қоян неден қорқты?

- Ол қайда тығылды?

- Үңгірде не көрді?

- Қоянның бойында қандай қасиеттер бар?

- Қоян қандай дұрыс әрекет жасады?

- Жылан неліктен қоянға тиіспеді?

- Адамның тәртіптілігі неден көрінеді?

- Өзінің өміріңде сыпайылықтың көмектескен кезі болды ма?

Оқушылар өз ойымен бөліседі

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын.

Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Топтық тапсырма.

1 тапсырма

- Оқулықтағы суреттерге қараңдар. Оған қандай тәртіптілік ережесін ұсынар едіңдер? Айтып беріңдер.

2 тапсырма

Суреттерге қарап, әңгіме құрастырыңдар.

Дәптермен жұмыс

Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің суреттін салыңдар.

Тапсырма еркін түрде орындалады, яғни орындалу формалары өз таңдаулары бойынша жүреді.

  1. Топпен ән айту.

«Атамекен»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады. Отан алдындағы парызды ұғыну мақсатында«Атамекен» әнін орындаймыз






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!