Материалдар / Сабақ жоспары Педагогика
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары Педагогика

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогика оқыту процесінің зандылықтарын және принциптерін оқыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2020
402
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары



Пәні: Педагогика.

Сабақтың тақырыбы: Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері. Оқыту

Процесінің мақсаттылығы, ғылымилығы, саналық пен



Белсенділік принципі.



Сабақтың типі: Жаңа білім білік дағдыны игерту.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге принцип ұғымының мәнін,



Оқыту процесінің принциптерін, олардың



Оқыту процесінде алатын орны туралы түсінік беру.



Сабақтың міндеттері:



  1. Білімділік: Студенттерге оқыту процесінің заңдылықтары мен



Принциптері, олардың өзара байланысы туралы



Мағлұмат беру.



2.Тәрбиелік: Сутуденттерді адамгершілікке, инабаттылыққа,



Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.





  1. Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімін

Өз бетінше өзіндік тұжырымдай білуге



Дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба.



Әдебиеттер:



1.С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбеков. Жалпы педагогика.Алматы-2005ж





2.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2000. 213-2206.

3. Т.Сабьфов. Оқыту теориясының негіздері. – Алматы, 1993. 21-366.

Сабақтың барысы:



Ұйымдастыру бөлімі.

Студенттермен амандасу. Сабаққа психологиялық дайындау.







Өткен тақырыпқа шолу:



Дидактика нені зерттейді?



Дидактиканың негізгі категориялары?



Оқыту процесінің жүйесі, құрылымы, функциялары?



Дидактика – педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (didaktikas – оқытушы, didasko -оқушы) ұғымы грек тiлiнен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.



Бұл ұғымды чех педагогы Я. А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзiнiң ''Ұлы дидактика'' еңбегiн жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика ''ненi оқыту'' жəне ''қалай оқыту керек'' деген сұрақтарға жауап бередi. Қазiргi түсiнiк бойынша, дидактика – бiлiм беру мен оқыту мəселелерiн зерттейтiн ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пəнi – оқыту мен оқудың себептерi, барысы, нəтижелерi.



Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тəрбие, педагогтiк iс-əрекет, бiлiм беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: бiлiм беру, оқыту, оқу, оқыту принциптерi, оқыту процесi, мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, түрлерi, əдiстерi, құралдары, оқытудың нəтижесi.





Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері. Оқыту



Процесінің мақсаттылығы, ғылымилығы, саналық пен



Белсенділік принципі.

Жоспары:





Оқыту принциптерi туралы түсiнiк.



Оқыту принциптерi мен ережелерi. Оқыту принциптерiне сипаттама.



Принцип (латын сөзi) – басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық принциптер – оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту принциптері – мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі – табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.

Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:

- ғылымилық,



- саналылық пен белсендiлiк,



- көрнекiлiк,



- жүйелiлiк пен бiрiздiлiк,



-берiктiлiк,



- тиiмдiлiк,



- теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.



Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже – жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады.



Осы жерде айта кететiн жайт: ережелердi қатаң, мүлтiксiз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетедi. Сондықтан, əрбiр мұғалiм дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетерi сөзсiз.



Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тəжiрибенiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп мақсат-мiндеттерiн iске асырады.



Бiздiң оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалiмнiң басшылық ролi; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту жəне тəрбиелеу бiрлiгi; iзгiлендiру; жас жəне дара ерекшелiктерiн назарға алу; кiрiктiру принциптерi.



Ендi принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдарын қарастырайық.



Ғылымилық принципi. Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады, адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистiк көзқарас қалыптастырады.



Принциптi iске асыру үшiн педагог орындайтын негiзгi талаптар:



- Бiлiм мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазiргi даму дəрежесiне сəйкестендiру, жаңа əдiс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың тəжiрибесiн қолдану.



- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабiлетiн дамыту, бастауыш мектептiң өзiнде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгiзу.



-Шəкiрттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсiндiру, жүйелi түрде қайталау, пайдалану, қолдану, iске асыру.



- Оқыту əдiстерi арқылы оқушыларды ғылыми əдiстермен таныстыру, оларды





Iзденушiлiкке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тəсiлдерiн пайдалану үшiн кiтаппен,

Анықтамалармен жұмыс iстеуге ынталандыру.



Əрбiр ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелi түрде қарапайым ұғымдармен берiк түрде жеткiзу мұғалiмнiң негiзгi мiндетi.



Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетiп оқушылардың бiлiм деңгейiмен ұштастыру, жаңа пəн сөздердi қолдану.



- Белгiлi ғалымдардың өмiрбаянымен, олардың қосқан үлесiмен оқушыларды таныстыру.



Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi. Бұл принциптiң өзектi негiздерi: адам миында сыртқы дүниенi бейнелейтiн өзара байланысты түсiнiктер жүйесi қалыптасқанда ғана, оның бiлiмi толық жəне шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгiлi реттiлiкпен оқушыларға жеткiзгенде, олардың санасында ғылыми бiлiмдер жүйесi қамтамасыз етiледi; ғылыми бiлiмдер жүйесi оқу материалының iшкi логикасына жəне əрбiр оқушының таным мүмкiндiктерiне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелi түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзiлiссiз, кедергiсiз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципiмен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми бiлiмдер негiзiн оқушылардың жүйелi түрде жəне реттiлiкпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негiзгi өзегi болуы тиiс.

Əрбiр мұғалiм сабаққа əзiрлену барысында не сабақ барысында жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн келесi ережелердi назарға алады.







Оқу мiндеттерiн оқушылар түсiнiп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелi қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.



Оқу мазмұны мен əдiстерiнiң жүйелiлiгiн сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен əдiстерiнiң бiрiздiлiгiн қамтамасыз ету.



Оқу пəнi – ғылымның көшiрмесi болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесiн көрсетiп, пəнаралық байланыс-тарды пайдалану.



Бұрын ұғындырған бiлiмдi жиi қайталау жəне жетiлдiру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында жəне аяғында өткiзу.



Тек тiл мұғалiмдерi емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой бiлдiру əдiстерi мен түрлерiн бақылау; үнемi оларды өз қателерiн тауып, талдауға үйрету.



- Əрбiр тақырып, бөлiм, тарау, пəн аяқталғанда қорытын-дылау жəне жүйелеу сабақтарын өткiзу.

- Табиғатына байланысты, шəкiрттер бiрнеше сабақта меңгеретiн материалды бiр сабақта





''айлақорлықпен'' ұғындырмау.

- Оқушылардан əр тарау мен бүкiл бағдарлама бойынша бiлiм, дағды,бiлiк жүйесiн меңгеруiн





Талап ету.

Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскийдiң ''бүгiнгi оқыту кешегiнi бекiтiп, ертеңгiге жол салады'' өсиетiн нақтылай түседi.







Теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы принципi.

Бұл принцип философияның ''тəжiрибе – танымның iлкi бұлағы'' қағидасына негiзделген. Оның түбiнде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиiмдiлiгiн тəжiрибе көрсетедi, тексередi, анықтайды; тəжiрибе – ақиқаттың көрсеткiшi; тəрбие өмiрмен, тəжiрибемен тығыз байланысты; теория мен тəжiрибе байланысы оқу мазмұнына, əдiстерiне, түрлерiне тəуелдi; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндiрiске тез икемделедi.



Осыған орай мұғалiм орындайтын ережелердi атап өтейiк.



- Оқу – өмiр қажеттiлiгi екенiн оқушыға түсiндiру, сездiру.







Үнемi теория мен тəжiрибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми бiлiмдердiң маңызын ашу.



Оқытуда оқушылар жалаң теориялық бiлiм алып қана қоймай, сол алған бiлiмдерiн өмiрде қолдана бiлуiн қамтамасыз ету.



- Шəкiрттерге өз бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануды үйрету.



Оқушыға проблемалық, iзденiс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тəжiрибе бiрлiгiн дəлелдеу, өзiндiк жұмысты орындауға жəне өз бетiмен бiлiм алуды үйрету.



Əр сабақта оқушыларға политехникалық бiлiм беру, туған жердiң шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау.



Оқушының қоғамдық еңбегi тəлiм-тəрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.



Тəжiрибелiк сабақтардың көмегiмен оқушылар теория-лық қағидаларды, заңдар мен ережелердi iс жүзiнде тексерiп, ғылыми бiлiмдердi меңгеруге мүмкiншiлiктерiн жасау.



Оқушылардың тəжiрибелiк əрекеттерi тек мектеп, сынып шеңберiнде қалып қоймай, мектептен тыс өмiрмен, еңбек-пен ұштасып отыруы шарт.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!