Тарау: Динамика
негіздері
|
Мектеп: ӨҚӘ
«Қ.Нұрғалиев атындағы №43
мектеп-лицейі» КММ
|
Күні:16.11.17ж
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Иляшова Назгуль
Токтарбековна
|
СЫНЫП: 9в
|
Қатысқандар саны: 15
|
Қатыспағандар
саны:0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Практикалық жұмыс. Есептер
шығару
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
(мақсаттары)
|
Динамика негіздері тарауынан
алған теориялық білімдерін есеп шығаруға
пайдалану.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық
оқушылар: Динамика заңдарын
біледі
|
Оқушылардың басым
бөлігі: Есептер шығаруда формулаларды
дұрыс қолданады
|
Кейбір
оқушылар: Практикалық жұмысты орындап,
сауатты қорытынды жазады
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Инерция, инерциялық санақ
жүйесі, күш, масса, Ньютон заңдары
|
Құндылықтарға баулу
|
Денсаулық, достық және
айналадағыларға қамқорлық көрсету;
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, география,
техналогия
|
Алдыңғы оқу
|
Тіректің реакция күші, ауырлық
күші,салмақ, үйкеліс күші
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
12
мин
|
Ұйымдастыру Сәлемдесу, оқушыларды
түгендеу.Психологиялық ахуал орнату, топқа бөлу 4
баладан
Үй тапсырмасын тексеру
(Жеке жұмыс)
Тапсырма 1
«Физикалық диктант»
1. Сандық мәнімен және _______________ сипатталатын физикалық шама
___________ деп аталады.
2. Ньютонның ІІ заңы. Әрекет ететін күшке тура, ал ______________
кері пропорционал.
3. Ньютонның ІІІ заңы. Модульдері жағынан _________, ал
бағыты______________.
4. Әлемдегі денелердің бір-біріне ___________ бүкіл әлемдік
________ деп аталады. 5. Денелердің _________
тартылу күшін _____________ күші деп
атайды.
|
Диктант Слайдта беріледі
|
Ортасы
20
мин
|
Тапсырма №2
дәптеріңе
есепте:
Бағалау
критерийі: білім алушы есеп
шығаруға ауырлық, үйкеліс күші, Гук заңы, Ньютонның 2 заңын
қолданады.
1.
Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге
тең? 2. Массасы 70 кг шкафты
орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті
µ=0,3. 3. Болат серіппе 260Н
күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге
тең? 4. 1.5 м/с² жылдамдықпен
үдейтін массасы 1 т машинаға әсер ететін тең әсерлі күшті
есептеңіз 5. Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті
әрекетінен 2м/с2 үдеу
алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол
қандай үдеу алады? Дескриптор:
1.
ХБЖ-не келтіреді – 1балл
2.
Формуланы жазады – 1 балл
3. Математикалық есептеуді сауатты жүргізеді – 1
балл
Практикалық
жұмыс №3 «Күшті өлшеудің практикалық
тәсілдері»
Мақсаты : динамометрмен жұмыс істеп
үйрену
Жұмыстың орындалу реті:
-
1. Динамометрдің бір бөлігінің құнын
анықтаңдар:
С =
________________Н
2.Динамометр максималды анықтайтын күшін
белгіле
Fмакс.=_______________ Н
2. Ауырлық күшінің дене
массасына тәуелділігін анықтау.
1.
динамометрдің көмегімен денеге әрекет ететін ауырлық күшін
анықтаңдар.
2.
ауырлық күшін біле отыра, дененің массасын анықтаңдар. (Есептеу
нәтижесін кестеден кейін жаз)
Дене
|
Fа (Ауырлық күші), Н
|
m (масса), кг
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ауырлық күшінің дене массасына қалай тәуелді
болатынына қорытынды шығарыңдар.
Дескриптор:
-
Динамометрдің бөлік құнын
анықтайды;
-
Динамометрдің өлшеу жегін
анықтайды;
-
Денеге әсер ететін ауырлық күшін анықтап, кестеге
толтырады;
-
Дене массасын анықтайды;
-
Қорытынды жазады;
Үйге
тапсырма: Динамика тарауын қайталау,
бақылау жұмысына дайындалу.
|
Тарпсырма жеке- жеке қағазда
үлестіріледі
Құрал-жабдықтар: динамометр, 3 дене 100 г-дық
жүктер жиынтығы.
|
Аяқталуы
8
мин
|
Бағалау:
1
тапсырма:
5 баллдық
шәкілде
2
тапсырма: 15 баллдық
шәкілде
3
тапсырма: 5 баллдық
шәкілде
21-25 балл – «5»
15-20 балл – «4»
10-15 балл – «3»
6 - 9 балл – «2»
|
Слайдта кері байланыс беріледі
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКT-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
|
Саралауды сабақтың мақсатынан бастап көрсеттім.
Берілген тапсырмаларда сапалық сұрақтар, үш деңгейдегі есептер,
эксперименттік тапсырмалар орындайды.
|
Әр
тапсырмаға бағалау критерийі берілген және әр дескриптор 1 баллмен
бағаланады.
|
Үй
тапсырмасын орындауда қазақ тілі пәнімен байланыс, диктант жазу
дағдысы қалыптасады.
Практикалық тапсырманы
орындау- Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамы.
|
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы
ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен
жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен
берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай
түзетулер енгіздім және неліктен?
|
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ
туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың
тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап
беріңіз.
|
Оқу мақсаттарына негізделініп
құрылған сабақ мақсаттары қол жетімді болды. Оқушылар алған
теориялық білімдерін практикада қолданып, өздрінің білім сапасын
бағалады. Сабақта ынтамастық атмосфера орнады, оқушылар ширақ,
сергек болды.
Саралау сабақтың мақсатын қойғаннан басталды,
топқа бөлу, берілген тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай, деңгейлік
тапсырмалар оқылым, жазылым, тыңдалым,айтылым дағдыларын
қамтыды.
|
Қорытынды бағамдау
Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды
да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Практикалық
тапсырма
2: Бағалау критерийін алдын
ала оқушының білгені
Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта
алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сыныпта білім деңгейі
жоғары оқушылар көбірек болғанда
2: Сабақ пән кабинетінде
өткізілетін болса
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген
оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не
білдім?
Сабақ барысында оқушыларға
топпен жұмыс істеу өте ұнайды, деңгейлік есептер шығарғанда
шапшаңдық жетіспеген оқушылардың көңіл күйлері түсіп қалды.Топтарға
бөлінген кезде бір топта білімі әлсіз оқушылар жиналып қалды,
келесі сабақтарда топқа бөлуге көңіл бөлу
керек.
|