Материалдар / Сабақ жоспары "Қауіпсіздік техникасы. Киімді дайындау және жобалау" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Қауіпсіздік техникасы. Киімді дайындау және жобалау" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Киімді сәндеу, үлгілеу - ол жаңа сән коллекциясын жасаудағы шығармашылық процесс. Киім үлгілеу деп киімнің үлгісін жасап, матаны сол улгі бойынша пішіп, тігіп шығаруды айтады. Киім улгіні жасарда үлгіні суреткер әдетте оны адам денесіне қонымды болуын, киілетін орны мен тігін өндірісінің ерекшеліктерін ескереді. Еңбек пән мұғалімдеріне керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
984
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі


Күні 9.11.17

Технология


9а,б-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік техникасы.Киімді дайындау және жобалау



Жалпы мақсаты

а) Білімділік:  Киім үлгісінің жасалу жолдарын үйрену.Оқушыға жеке жұмыстар беру арқылы талғамдарын өсіру,қызығушылығына байланысты жұмыс жасап үйрену.

ә) Дамытушылық:  Өз бетінше жұмыс жасау шеберлігін,қабілетін арттыру.       

б) Тәрбиелілік:  Ұқыптылыққа,шеберлікке,тиянақтылыққа тәрбиелеу.


Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Киім үлгісінің жасалу жолдары эскиз бойынша жұмыс жасап келутуралы толық және жетік білуі қажет
-          Топтық, жұптық  жұмыс жасап үйренеді.
-          Пікірін ашық, иеркін жеткізеді.
-          Сыни көзқарас пайда болады.
-         
Өз бетінше жұмыс жасап үйренеді

Құрал-жабдықтар:

Модельдер нобайы; артқы бойдың,алдыңғы бойдың,жеңнін,белдемшенің 1:4 маштабтағы сызбалары;сызғыш,қарындаштар,қайшы,түсті қағаз т.б.Қыз балалардың,әйелдердің жеңіл көйлегін үлгілеудің кейбір нұсқалары.


Оқыту әдістері:

Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс. Топтық жұмыс

Оқытудағы жаңа тәсілдер . Диалогтік әдіс, интерактивті әдіс, АКТ

Негізгі идеялар:

технологиясымен таныстыру,

Тапсырма көздері:

Топқа негізгі сұрақтар үлестіру, талқылау

Блум таксономиясын пайдалану. Рефлексия

Психологиялық ахуалын қалыптастыруды ұйымдастыру 3 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау, сыныпты түгендеу

Құралдарын дайындап, назарын сабаққа аударады

Тапсырма беру

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Қатар бойынша топқа бөлу

3мин

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

Кіріспе 3 мин


Топ бірін-бірі толықтырады, сұрақтар



Киімді сәндеу,үлгілеу-ол жаңа сән коллекциясын жасаудағы шығармашылық процесс.

Үлгіні зерттеу,фасондық түзулер жүргізу.Бөлшектердің санын анықтап үлгі лекалды бөліп алу.Үлгі жасағанда киімнің адам тұлғасына жарасымды болуына көңіл бөледі.



Бұл жұмыс,ең алдымен оны кім және қандай мақсатқа киетінін,қандай материалдан тігілетінің анықтаудан басталады..Матаның түрі мен түсі тігілер киімнің үлгісіне және конструкциясына (пішіміне) байланысты таңдалып алынады.

Киім үлгілеу деп киімнің үлгісін жасап,матаны сол үлгі бойынша пішіп,тігіп шығаруды айтады.Киім үлгісін жасарда үлгіні суреткер әдетте оны адам денесіне қонымды болуын,киілетін орны мен тігін өндірісінің ерекшеліктерін ескереді. Киімнің негізгі үлгісі дайындалғаннан кейін, оның бөлшектерінің үлгілері қағаздан жасалады.Оның екі әдісі бар:

  1. Технологиялық конструкциялау;

  2. Матаны манекенге өлшеп алып,ол өлшемдерді жазық бетке аудару.Бұл әдістер киімнің сыртқы пішімі мен үлгісіне байланысты таңдалып алынады. Егер киімнің сыртқы пішімі мен үлгісі күрделі болса,екінші әдіс,ал өзгесінде технологиялық құрастыру әдісі пайдаланылады.Матаны киім бөлшектерінің үлгілері бойынша пішеді.Үнемділігін арттыру үшін үлгілерді матаның үстіне салып пішу керек.

Киімді безендіру,өңдеп әшекейлеу қолдану орнына байланысты.Өңдеу түрлеріне кестелеу,қатпарлар,бедерлер әр түрлі тігіс түрлері,бұрмелер,желбіршектер,жапсырмалар,шілтерлер,таспа,түймелер,қапсырмалар және басқа әшекей материалдары жатады.Сатанатты жағдайларға арналған киімдер де күрделі пішімді, әр түрлі сәнді және силуетті болып келеді.Мұндай киімдер әсем әшекейлермен,көркем өрнектер мен,тамаша бедерлермен безендіріледі



Жұптық жұмыс


Тапсырма Үлгілеуге кірісер алдында;

  1. Бұйым эскизіндегі әрбір бөлшкепен жеке-жеке танысу (алдыңғы бойдын және артқы бойдың көрінісімен);

  2. Алдыңғы бойдың ортасына көмекші сызықтар жүргізу;

  3. Сызбанын қай бөліміне өзгеріс керек екенін анықтау;

  4. Сызба негізіне көмекші сызықтар жүргізу керек.



Сарамандық жұмыс


  1. Өз беттерінше сән эскиздерін сызып дайындаңдар.Екі,үш сәннің сырт көрінісіне сипаттама беріндер.Эскиз бен сипаттаманы салыстыра отырып, өз қателіктерінді тексеріңдер.


Бағалау 2 мин

Сергіту сәті 3 мин«Сәлемдесу» ойыны


Үйге тапсырма беру 1 мин

Эскиз бойынша жұмыс жасап келу

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқулықпен жұмыс, сұрақтарды талқылау.

2 минут

Рефлесия

2 минут

Қорытындылау, бекіту



Оқушылардың іс-әрекеті


Оқушылар көңіл-күйлерін айтып өтеді.

Топтық бағалау, бірін-бірі бағалайды.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!