Материалдар / сабақ жоспары: "Қазақ халқының ұлттық тағамдары" 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

сабақ жоспары: "Қазақ халқының ұлттық тағамдары" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділігі: Ұлттық тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім – білік дағдыларын қалыптастыру. Дамытушылығы: Ұлттық танымдық қызығушылықтарын дамыту. Тәрбилігі: Ұлт –жандылыққа ,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1055
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



6Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық тағамдары: жент,ашыған көже,қымыз,шұбат,айран, шалап Этикет ережелеріБілімділігі: Ұлттық тағам пісіруін көрсетіп үйрету, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.Дамытушылығы: Ұлттық танымдық қызығушылықтарын дамыту. Тәрбилігі: Ұлт –жандылыққа ,ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: «Азық-түлік құрамы»,»Азық-түліктегі витаминдер, минералды тұздардың құрамы» схемалар, ұлттық тағамдар туралы альбомдар Пәнаралық байланыс:биология, химияОқыту әдістері:Әңгімелеу, сұхбаттасы,сарамандық жұмысІ.Ұйымдастыру кезеңіI.Ұйымдастыру кезеңі1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.2. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мне мақсатын хабарлау.3. Осы сабақ – аралас, тақырыбы ұлттық тағамдарІІ.Үй тапсырмасын сұрауІІІ Жаңа сабақҚымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «Қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. Қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп, жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз ірімтектініп кетеді) саумалды құйып, әр жолы саумал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады. Қымыз ашытылатын ыдыстың ішіне қойдың сүр құйрығын не болмаса жылқының сүр қазысы мен семіз жаясын салып жіберсе, қымыз майлы әрі жұмсақ болады. Әдетте қымыздың өзінен де май шығады. Ол май қаралтқымданып, қымыздың бетінде қалқып жүреді. Іңірде пісілген қымызды жылылап қымтап қойып, келесі күні биенің бас сауымы сауылып болғаннан кейін ғана қотарады. Саба мен күбіні ең кемі аптасына бір рет әбден жуып, кептіру, ең кемі бір рет ыстап отыру қажет. Дер кезінде тазартып, ысталмаған ыдыс өңезденіп, қымыздан «ескі» дәм шығып тұрады. Қымыздан бір күнге жетерлік мөлшерде қотарып алғаннан кейін, оның орнына қайта саумал құйылады. Бұл процесс бие ағытылғанға дейін осылай жалғаса береді. Қымыз қотарғанда ыдыстың түбіне жетерлік мөлшерде қор қалуға тиіс. Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі. Оның ен бастылары төмендегілер: 1.Уыз қымыз – биені алғаш байлағанда аштылатын қымыз. Мұны бие бау деп те айтады. 2.Бал қымыз- әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан көрі сары әрі қою болады. 3.Бесті қымыз –төрт түн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз. 4.Дөнен қымыз- үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз. 5.Жуас қымыз – үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді. 6.Құнан қымыз – екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады

Айран – ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.Шалап көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. Шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. Оған бұлақ немесе құдық суын қосқан дұрыс. Өйткені олар өте таза, мөлдір, әрі салқын болады. Су қосқан соң қасықпен жақсылап араластырады. Бір литр айран немесе бір литр шұбатқа бір литр су қосу керек. Айран немесе шұбат ащы болса үстіне құйылатын судың да мөлшері өзгереді. Шалап түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар. Шұбатты ашыту технологиясы қымыз ашытуға қарағанда оңай. Өйткені оны бір қорландылып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл-мезгіл пісіп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немесе местің пұшпағын шешіп, ғазын шығарып отыру керек. Әйтпесе тығынды ұшырып, месті ісіндіріп жібереді.Жент (қоспа) – аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. Жент былғау шеберлікті талап етеді. Ақталған тарыны келіге түйіп (диірменге немесе аз—аздап кофе тартқышқа салып) ұнтақтайды. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік салып араластырады. Содан соң қазанға жылқының майын құйып ысытып, жаңағы араластырған тары мен ірімшікті салып, оттың болмашы табында араластырады. Жент майды бойына сіңірген соң ыдысқа салынып, салқын жерге қойылады. Әдетте жент ешкінің немесе қойдың қарнына салып сақталады. Ол ауа өткізбейді де, жент өзінің иісін, дәмін жоймай, ерімей жақсы сақталады. Жылқы майы болмағанда сары майға былғаса да болады (тоң майға араластыруға болмайды, ол қатып қалады да, жеуге жайсыз болады). Жент көбінесе соғым сойған кезде әзірленеді. 5 стақан тары жармасы, 4 стақан кепкен ірімшік, 2 стақан құмшекер, 2 стақан май керек. Майға илеп пісіріп кептірген бауырсақтың ұнтақталғанын, не бидай талқанын және аздап мейіз қосуға болады. Майсөк (майтары) - ақтаған тарыны (сөкті) майға қуырып дайындалатын тағам. Майсөкті дайындағанда қойдың құйрық майын турап шыжғырып, шыжығын алмаған күйінде ақтаған тарыны (сөкті) салып қуырады. Майсөкті сол күйінде немесе шайға салып жеуге де болады. Қойдың құйрық майы болмағанда жылқының майына, сары майға, тортасын айырған майға, кейде тіпті тоң майға да құырып әзірлейді. Майсөк дастарқан сәнін келтіретіп тағам ғана емес, жолаушылар жиі пайдаланатын түз тағамына да жатады.

Сабақ теориялық дайындықпен, күнделікті дастархан жабдықтау және мерекелік жиын өткізуге арналады. Қазіргі заманғы этикет талабына сай әдемілікті, ісемдікті, білімділікті және дұрыс жабдықтауды қажет етеді.Қазіргі заманның қажеттілігі бүгінгі күні - өзін өзі ұстау, өкінішке орай әдептілікке, тәрбие мәдениетіне, жақсы мәнер ережелеріне немқұрайлы қарайтындар да кездеседі. Ең қарапайым өмірде кездесетін жағдай: қалай қонақтарды қарсы алу?. Мерекелік дастарханды қалай жабдықтау? Осыған орай үстел басында өзін-өзі қалай ұстауын адамдармен қарым-қатынасын, тәрбиелік дәрежесін анықтауға болады. Соңғы жылдары біздің өміріміз әр түрлі жаңалықтарға толы: іскерлік, шет мемлекеттерден экономикалық байланыстар көбірек дамыды. Сондықтан әр адам өз серіктерінің арасында артық көрінгісі келетіні орынды. Әр түрлі орынсыз жайлар қарапайым тәртіп ережелерін сақтау адамды сүйкімді, адамгершілік қатынасын жағымды етіп көрсетеді, әр түрлі көзқарастағы адамдарды жақындатады.Дастархан жабдықтауды әртүрлі қарастыруға болады. Тек кейбір ережелер қатал сақталған. Қалғандары - әр адамның талғамына, жағдайына және сезіміне байланысты. Ең бастысы – ыңғайлы, әдемі, жағымды болуында.Адамның күннен күнге тамақтанатын орны негізгі мәселе болып табылады. Өз отбасында таңертеңгілік асты дұрыс қабылдаса, күні бойы жақсы көңілмен жүреді. Ал кешкілік аста әдемі жинақталған үстел басында, барлық отбасы адамдары өз ойларымен, жаңалықтарымен алмасып шүйіркелессе, сол күн жақсы аяқталғаны болып табылады.Басқа жағдайда – мүмкін ол отбасының түскі ас жақын достарымен кездесу, шақырылған адамдаремен немесе мерекелік кеш – үстел әдемі және ыңғайлы жасақталуы тиіс.Салтанатты түрде тамақтану кезінде дастархан жабдықтау әртүрлі болады.• таңертеңгілік ас;• түскі ас;• кешкі қонақтарды күту.III.Қорытынды нұсқауСабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. Бағалау:5. Оқушының жасаған жұмысындағы кемшілікті анықтау.ІҮ Сабақ бекітуҚазақ халқының дәстүрлі тағамдары. Қорытынды жасауҮІ Үй тапсырмасы



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!