Сабақ жоспары Қазақстан Республикасының сот билігі ҚР конституциялық құқығы пәнінен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Қазақстан Республикасының сот билігі ҚР конституциялық құқығы пәнінен

Материал туралы қысқаша түсінік
материал құқықтану мамандығы бойынша сабақ беретін оқытушыларға әдістемелік көмек ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының сот билігі

Пән атауы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

Дайындаған педагог: Адаева Айшолпан Ерпулатовна

17.11.2020 жыл.

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу тобы: 2 курс, 2Құқ-19

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.

Мақсаты:

Студенттерге сот және оның құрылымы, соттың тәуелсіздігі жайлы түсіндіру;

жауапкершілік принципін қалыптастыру.

 Міндеті: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.

Негізгі ұғымдар және терминдер:

сот, сот билігі, судьялардың тәуелсіздігі, сот жүйесі, сот қызметінің қағидаттары, жергілікті соттар.

3. Сабақты жабдықтау:

 3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

ҚР Конституциясы,1995 жыл.

Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. 2008ж.

Қ.Р. Конституциялық заңнаманың дамуы./Ред.басқарған З.Ж.Кенжалиев.2008ж.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». С.К.Амандықова. Астана, 2001 жыл.

«Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы». Ғ.Сапарғалиев. 

Алматы, 2004  жыл.

Табанов С.А. құқық жүйелерінің конституциялық негіздері.,2003ж.

«Салыстырмалы  құқықтану негздері »Табанов. Алматы, 2003 ж.

Кесте күйіндегі көріністер, схемалар.

 3.2 Техникалық құралдар, материалдар:

Интербелсенді тақта, электронды оқулықтар

4. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.
а) сәлемдесу
б) студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
в) студенттердің назарын сабаққа аудару

г) сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

5. Үй тапсырмасын тексеру:

1.«Конституциялық Кеңестің актілері», сызба құрастыру.

2. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі қағидалары.

6. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың тақырыбы: ҚР сот билігі

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Сот билігі түсінігі, маңызы мен міндеттері.

2. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.

3.Соттардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сот төрелігі конституциялық қағидаттарының мағынасы.
4. Сот қызметінің қағидаттар жүйесі.

Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді. Сот төрелігінің мақсаты - аталған барлық істер бойынша әділ, заңды сот талқылауын қамтамасыз ету.

Сот төрелігінің міндеттері:

  • соттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді жан жақты, толық және объективті шешуі;

  • азаматтардың сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асыру;

  • заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;

  • құқыққа деген кұрметтілік қатынасын қалыптастыру;

  • құқық бұзушылықтарды ескерту.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қзақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заѕдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. 
    Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында 
көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.  Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. 

Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген ґзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi. Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: 
      1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот - Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар); 
     2) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалар). 

Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.

Соттардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сот төрелігі конституциялық қағидаттарының мағынасы. Сот төрелігі, өз кезегінде сот төрелігі принциптеріне сай қызмет жасайды. Сот төрелігінің принциптері - бұл сот қызметтерінің ұйымдастырылуы мен қызметтерінің мәні мен мазмұнын анықтайтын басшылыққа алатын идеялар, ережелер.

Сот төрелігінің принциптері ҚР-сы Конституциясында және сот жүйесі туралы конституциялық заңда бекітілген принциптерге деп бөлінеді. Сот төрелігінің басты принциптері ҚР-сы Конституциясында бекітілген және олардың жоғары заң күші бар. ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот төрелігінің принциптері :

адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;

айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;

адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.

7. Жаңа сабақты бекіту:

Мақал-мәтелдер, суреттер және сұрақтардың көмегімен жаңа сабақты бекіту

  • Мақал-мәтелді жалғастыр...

1.Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан 
би қойсаң, ................................./босамас аузы парадан/

2.Әділ патшаның елін жау араламайды. ............................................................. /Әділ бидің елін дау араламайды/

3.Әйелсіз болса үй оңбас.

...................................... /Әділсіз болса би оңбас/

4. ........................................., би түсетін үй бол. / Би болмасаң болма/

5. Жігіт жаманы жауға алдырады,

................................................... / Би жаманы дауға алдырады/

  • Суретпен жұмыс: "Мынау кім және оның рөлі қандай?"

Экранға үш сурет қойылады, әр студент бір суретті таңдап, суреттегі кейіпкер туралы сипаттама береді.




  • Сұрақтарға жауап беру:

1.Соттың мақсаты мен міндеті қандай?

2.Соттардың тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесіңдер?

8. Сабақты қорытындылау және білімді бағалау.

9. Үй тапсырмасын беру:

1.Сот төрелігінің конституциялық қағидаларын сипаттаңыз.

2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесi», сызба құрастыру.

10.Студенттерді бағалау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2020
1414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі