Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сабақ жоспары .Қонақ күту туралы мәлімет
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
10 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қонақ күту
Мақсаты: оқушыларды қонақ күту рәсімімен таныстыру, қонақжайлылыққа
баулу, бір-біріне деген сыйластық, сыпайыгершілік сезімдерін
дамыту.
Міндеттері: 1.Қонақ күтудің негізгі дәстүрімен таныстырып,өмірде
қолдана білуге баулу.
2.Қонақ түрлері туралы айтып, қонаққа салынатын тағам түрлеріне
тоқталып, қонақты шығарып салу рәсімін қолдана білуге
үйрету.
3. Оқушыны қонақжайлылыққа, бір-бірін е деген сыйластық сезімін
тәрбиелеу.
Көрнекілік:
суреттер, сызбалар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойландыру,
жаттықтыру,сұхбат құрастыру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
а) Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй
тапсырмасын тексеру.
ІІ.Негізгі бөлім.
І.Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну.( Оқылым)
Жаңа сөздер:
жерлес - земляк
әзірлеу - приготовить
қонақжай - гостеприимный
құт - счастье
а) жаңа сөздердің мағынасын, орысша баламасын түсіндіру;
б) жаңа сөздермен сөз тікестерін, сөйлемдер құрастыру.
2. Мәтінмен жұмыс.
а) «Қонақ келсе – құт» тақырыбында мәтінді түсініп оқу.
Қонақ келсе – құт
Қазақтар - өте қонақжай халық. Қонағын құдайындай сыйлаған. Қонағы
келсе малын сойып, қарсы алған. Өйткені қазақта «Қонақ келсе – құт
келеді» деген ұғым қалыптасқан. Үйге кірген адам дастарқаннан дәм
татпай кетпейді.
Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтың үш түрі болады: ет, сүт, нан
тағамдары. Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. Дастарқан басында
қонақтар өлең айтады, домбыра тартады. Тамақ ішіліп болған соң,
бата айтылады.
б) Мәтін
бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақтар қандай халық?
2. Қазақтар қонағын қалай қарсы алған?
3. Қазақтың ұлттық дастарқанында қандай тағамдар болады?
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
Айтылым
1-тапсырма. Мәтін бойынша түсінгеніңізді айтыңыз.
2-тапсырма. Мәтінді тағы бір рет тыңдап, тест тапсырмаларын орындаңыз.
1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
Определите основную мысль текста.
А) Әке мен бала арасындағы туыстық В) Келін мен ата арасындағы сыйластық
С) Үлгілі отбасы мүшелері арасындағы сыйластық
D) Қонағын құдайындай сыйлаған
2. Мәтінге нақтырақ тақырып табыңыз.
Выберите наиболие подходящий заголовок к тексту.
А) Досымның отбасы В) Әке – отбасының тірегі
С) Қазақ – қонақжай халық
D) Спорт – дене шынықтырудың кепілі
3. Мәтін мазмұның нақтылайтын қорытындыны тандаңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
А) Досымның отбасы үлкен әрі тату. В) Салтанат асханада істейді
С) Ақниет қонақтарды қарсы алады.
D) «Қонақ келсе – құт келеді»
4. Мәтіндегі маңызды емес ақпаратты таңдаңыз.
Выберите менее важную информацию по содержанию текста
А) Сәлімнің отбасы үлгілі В) Қонақжайлық
С) Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтың үш түрі болады
D) ет, сүт, нан тағамдары.
5. Мәтіннің бірінші азат жолына дәлірек тақырыпша табыңыз.
Выберите наиболее подходящий заголовок для первого абзаца.
А) Досты қарсы алу В) Қонақжайлылық
С) Дастарқан басында D) Отбасындағы сыйласты
3. Айтылым. - Қазақ халқы қонақтарды нешеге бөлген білесіңдер ме?
«Арнайы қонақ» «Құдайы қонақ» «Қыдырма қонақ»
«Қылғыма қонақ» туралы не білесіңдер ?
- Арнайы қонақ деп кімді атайды?
- Қыдырма қонақ деп кімді атайды?
Қазақ халқы қонақтарды «Арнайы қонақ» (қонақ) «Құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «Қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «Қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген.
4. Ой толғаныс. Меніңше қонақты қарсы алу бұл үлкен бақыт. Қонақ -бұл бақыт, қуаныш, сыйластық.
Сөйлемдердің
дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.(Айтылым)
1.Қонақты үй иесі, қарсы алып, дұрыс бұрыс
есікті өзі ашады. _____ ____
2. Қонақтың алдына ең дәмді ,
тәтті тағамдар қоймаған. ______ ____
3. Қазақ халқы қонақты қарсы
алуға мән бермеген. ______ ______
4. Қазақ халқы қонақтарды
төрге отырғызған. ________ _______
- Төрге отырғызған, сыйлаған, құрмет көрсеткен –деген сөздер қай
сөз табынан?
ІҮ. Грамматикалык бөлім. Етістік.
Етістік қандай сұрақтарға жауап береді ?
Неше түрі бар ?
Қонақты қалай қарсы алу керек?
Сен қонақты қарсы аласың ба?
«Қарсы алу» сөзін жіктеу.
ІҮ. Қорытынды.
Ү. Үй тапсырмасы. 1.Мәтіннің мазмұнын айтып келу. « Әр халықтың қонақ күті дәстурі» тақырыбына мәлімет жинау.
Бағалау
Сынып 11 Күні:
Тақырыбы: Азаматтың жеке құжаттары
Жалпы мақсаты: Оқушыларды «Сенің құжатың түгел ме?» модулімен
таныстыру; Құжаттарды ерекшелігі мен ұқсастықтарына бөлу бойынша
құжаттарды топтастыру туралы түсіндіру, құжатқа қойылатын
талаптарды меңгерту; Құжат бланкілерін толтыру арқылы оқушылардың
іскерлік дағдыларын қалыптастыру; Мемлекеттік тілдің деңгейін
көтеруге үлес қосуға, ұқыптылыққа, құжат үлгілерін толтырудағы
сауаттылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар:
тыңдап-түсіну дағдысын;
тақырыпқа байланысты түсініктеме беруді;
грамматикалық негізге сөз тіркестерін құра білу тапсырмасын
орындай алады.
Түйінді ойлар:
Іс қағаздары туралы не білесіңдер?
Қазақ тілінің сөздігінде «құжат» деген сөзге «белгілі бір жайды я
фактіні сипаттап куәландыратын іс қағазы» деген анықтама берілген.
Сендердің ойларыңша, құжат деген не? Ол бізге не үшін қажет?
Сабақта қолданылатын материалдар: Оқулық, кеспелер, бейнебаян,
презентация.
Оқыту әдістері:
Интербелсенді әдістер, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, диалогтік оқыту,
синквейнСабақ кезеңдері: Уақыт Тапсырма
Ой шақыру
2 минут 1.Біздің Ата заңымызда біз кім болып табыламыз? –
азамат
2.Азаматтың қандай құқықтары мен міндеттері бар? – оқуға, демалуға,
еңбекпен айналысуға, қарым-қатынас жасауға құқығы бар
3.Азаматты азамат ретінде не танытады? – құжаттар
4.Азаматтың жеке құжаттарына не жатады? – жеке куәлік, төлқұжат,
әскери билет
Тыңдалым 2 минут Мұғалімнің сөзін тыңдап, түсінеді.
8 минут Үй тапсырмасы: «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел»
тақырыбы бойынша ойларын айту.
Айтылым 15 минут І.* Ой шақыру сұрақтарына жауап береді
Мәтінмен жұмыс
ІІ. Қазақ тілінің сөздігінде «құжат» деген сөзге «белгілі бір жайды
я фактіні сипаттап куәландыратын іс қағазы» деген түсінік берілген.
Құжаттың тарихи, заңдылық, саяси, экономикалық мәні болуы мүмкін.
Құжат адамның, мемлекеттің, ұйымның тарихын жазуға негіз бола
алады. Құжат куәландыру, дәлелдеу құралы бола алады. Жеке азаматтар
құжаты осы мақсатта пайдаланылады. Жеке адамның құжаттары жеке
тұлғалардың атынан құрастырылады.
Жеке адам өміріне қатысты құжаттарға мыналар жатады
1. өмірбаян
2. түйіндеме
3. жеке іс парағы
4. визит карточкасы
5. өтініш
6. арыз
7. мінездеме
8. кепілдеме
9. кеден мағлұмдамасы
10. жеделхат
Сөздік жұмысы. Жаңа сөздермен танысу
Оқылым. Оқушылар мәтінді іштен оқиды. Бір оқушы мәнерлеп оқиды.
Жаңа сөздермен танысады. Дәптерге жазады, орыс тіліне аударады.
Мәтіннің мазмұнын талдау.
Сұрақтарға жауап береді:
Қазақстан қандай ел?
Асқар тау, шалқар көл кімдердің мекені?
Қазақ жері кімнің мекені?
Өлеңде қазақ еліне қандай тілектер айтылған?
Айтылым. Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
« Өзара оқу стратегиясы»
1 -топ. Синонимдер , антонимдер
2 -топ. Диалог құрастыру “Менің құқықтарым”
3 -топ. Сөз құрамына талдау жасау
құжаттар, құқығымды, іс қағаздарының, сипаты, азаттық,
мағлұматтарды.
4-топ. Үш би туралы монолог дайындау
(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
10 минут Жазылым, сөйлесім, талдау жұмыстары.
ІІІ. «Блиц – турнир».
Сұрақтар:
1. Стиль дегеніміз не?2. Стильдің түрлері қандай?3. Іс қағаздар
стиліне қойылатын талаптар қандай?4. Іс қағаздар стильдерінің жалпы
ортақ сипаты қандай?5. Қандай іс қағаздарының үлгілерін
білесіңдер?
Бағалау Топтар мен мұғалім тарапынан жүзеге асырылады.
Рефлексия минут 1-жол. Тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
2-жол. Тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есім)
3-жол. Тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
4-жол. 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
5-Жол. Тақырып мәнін ашатын бір синоним жазу.
Мысалы: Құжат.
Азаматтық, құқықты.
Куәландырады, қорғайды,дәлелдейді.
Жеке куәлік алу керек
Іс қағазы
Үй тапсырмасы 2 минут Азаматтардың жеке құжаттары туралы
әңгімелеу.
(Тақырып бойынша презентация дайындап келуге болады)
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы тәуелсіздік
алғаннан кейінгі кезде оның қоғамдық – мәдени, әлеуметтік өмірінде
болған түбегейлі өзгерістерді берік меңгерту, мәтінді пысықтау,
ҰБТ-ге дайындық жүргізу
2. Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, мәдени өмірдегі өзгерістерді
дұрыс талдап, тұжырымдай білуге үйрету және жүйелі ойлау
қабілеттерін жетілдіру.Өз беттерімен жұмыс жасауға баулу
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өз жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұймдастыру кезеңі
2. Оқушылардың қызығушылығын ояту / тыңдалым /
«Әлемдегі ең үлкен театр» -компьютер арқылы фотосын тамашалау
3. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау
/ Бұл модульде біз Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті және ғаламдану,
көне түркі ескерткіштері, әнші бақыты туралы әңгімелейміз/
4. Жаңа сөздермен танысу, жұмыс істеу /сөз тіркес, жай сөйлем
құрастырту /
• Ғаламдану – глобализация
• Мұра – наследие
• Жетістігі – достояние
• Лайықты орын – достойное место
• Әлемдік құбылыс – явление мирового значения
• Қалыс қалмайды – не отстает
• Үдеріс – процесс
5. Мәтінмен жұмыс / оқылым/
Берілген мәтінді оқу, аудару, сұраулы сөйлем құрастыру
6. Бекіту - 1.2. тапсырма, 85 – бет / жазылым, тілдесім /
Осы мұралар ненің жетістігі?
Тәуелсіз Қазақстанда нені сақтауда көп істер атқарылуда?
ЮНЕСКО арқылы дүниежүзі кімдерді қайта таныды?
Еуропаның, Американың атақты сахналарында Қазақстан өнері мен
ғылымы қандай орын алды?
7. Жаттығу жұмыстары: сөз құрамына талдау
Қазақстанда, сахналарынан, мәдениетінің, мұраларды
/ жеке дара жұмыс Грохотов И., Галабурдин Д. – сөздерді буынға
бөлу, буын түрлерін ажырату/
8. ҰБТ- ға дайындық / тест, ереже /
9. Қорытынды. Бағалау,
Әлемдегі ең үлкен театр
Әлемдегі ең үлкен театр аспан асты елінің астанасы Бейжің қаласында
орналасқан. Қытай халық үлкен театры 2007 жылы салынып, дәл сол
жылдың аяғында өз шымылдығын ашқан болатын.
Театр 6500 орынды. Ғимарат ұзындығы 212 метр, ені 143 метр,
биіктігі 46 метр. Аумағы 100 000 шаршы шақырымға жететін нысанды 22
000 металл қоршаған. Пайдаланатын аумақ 150 000 шаршы шақырым.
Күмбезі титан мен әйнектерден жасалған театр таяз тоған ортасында
орналасқан. Жоба авторы сәулетші Поль Андренің айтуы бойынша,
тікбұрышты тоған мен оның ортасындағы сопақ ғимарат «Жер мен Көк»
деп аталатын көне қытай космологикалық белгіні сипаттайды. Алайда,
бұл жоба көпшілік тарапынан бірталай сынға ұшырады. Қытай
сәулетшілерінің пікірінше, Тяньаньмэнь алаңы мен Жабық қала жанында
орналасқан ғимарат өзінің заманауи келбетімен тарихи ауданның сәнін
бұзады. Театр бюджеті 400 млн АҚШ долларын құраған. Қытай халқы
жаңа ғимараттың пішінін үйрек жұмыртқасымен салыстырды.
Алғашқы маусым ашылған сәттен бастап-ақ, көпшілік қауым театрдың
«мәдени міндетін» түсінген жоқ.
Ғимараттың үлкен вестибюлінде театрдың үш залы тоғысады: 2416
орынды опера залы, 2017 орынды концерт залы, 1040 орынды қойылым
залы. Алып күмбездің ішкі жағы Бразилияда өсетін қызыл ағашпен
қапталған. Ғимарат едені ақ, сары, сұрғылт мәрмәр тастармен
төселген. Ең кіші зал саналатын қойылым залының ішкі жағы сарғыш,
қызыл, қызғылт түсті жібек матамен қапталған.
Театр ішінде көрме залдары, аудио және видео дүкендері жұмыс
істейді. Ғимарат астында 1000 орынды автокөлік тұрағы мен 1400
орынды велосипед тұрағы бар.
Әлемдегі ең кішкентай театр
Сіздер әлемдегі ең үлкен театрдың Бейжің қаласында орналасқанынан
хабардарсыздар. Ал әлемдегі ең кішкентай театр туралы
естігендеріңіз бар ма? Иә, ондай да театр бар екен. Нағыз өнерсүйер
адам үшін оның өнер көрсететін орнының көлемі маңызды рөл
атқармайды. Австрияның Филах қаласында орналасқан әлемнің ең
кішкентай театры осы сөзіміздің айғағы болса керек. Бұл театр
Гиннестің рекордтар кітабына да еніп үлгерген. 8 ғана көрермен
сыятын кішкентай театр «Кремль сарайы» деп аталады. Сахнасының
көлемі 1,3х 1,3 метр ғана.
«Жыл сайын сахнада өзіміздің және өзге де театрлардың
спектакльдерін, түрлі пьесалар мен балеттерді қоямыз. Сонымен
қатар, музыкалық қойылымдар мен балаларға арналған көрсетілімдер,
әдеби оқулар да сахнадан түспейді», - дейді театр директоры Феликс
Штрассер. Театр 2009 жылы ашылған. Ең кішкентай театрдың шымылдығын
түрген алғашқы қойылымы – Константин Паустовскийдің «Қар»
шығармасының негізінде жазылған пьеса болатын. Одан кейін театр
Александр Солженицынның шығармаларын сахналап жүрді. Театр көбіне
қойылымдарды славян, неміс тілдерінде қояды. Бұл ең кішкентай
театрдың өзіне тән ерекшелігі болса керек.
Сабақтың тақырыбы: Театрда. Көмекші есімдер
Білімділік мақсаты:
-
өткен сабақпен байланыстыра отырып, тақырып бойынша білімдерін пысықтау;
-
деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін бағалау;
-
диалог, мәтін ұйымдастыру арқылы ауызша сөйлеуге жаттықтыру;
-
үйренген сөздерін қайталау, бекіту, тиянақтау;
-
көмекші есімдерді қайталап пысықтау
Дамытушылық мақсаты:
-
ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту;
-
тапсырма орындау барысында белсенділігін арттыру;
-
тілдерді ұстарту.
Тәрбиелік максаты:
-
оқушыларға сабақ мазмұны арқылы ақыл-ой, эстетикалық тәрбие беру;
-
өнерді сүйюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабактың типі: дәстүрлі емес, компьютерді қолдану арқылы өтетін сабақ
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Оқыту әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, пысықтау, бекіту, іздендіру, қойылымды корсету.
Көрнекіліктер: слайд, куыршақтар, сөзжұмбақ, тірек сызба, саяхат.
Сабақтың жоспары
I. Ұйымдастыру кезең.
-
Сәлеметсіндер ме, балалар.
-
Сәлеметсіз бе.
-
Бүгінгі сабаққа қалалық мектептерден мұғалімдер келіп отыр. Ұстаздармен амандасындар.
-
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар.
1. Ауызекі сөйлеу тілін дамыту мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады.
-
Бүгін нешесі? Қай күн?
-
Қазір қай жыл мезгілі?
-
Қыс айлары қандай?
-
Ауа райы қандай? Қар жауып тұр ма? Жел соғып тұр ма?
2. Сабақтың мақсаты: бүгінгі сабақта біз «Театрда» деген тақырып бойынша әңгімені жалғастырамыз, өткен сабақтағы сөздер пайдаланып сөз тіркестерді құрастырамыз, қаламыздың театрлары туралы әңгімелесеміз. Көмекші есімдерді қайталаймыз.
Балалар, келесі аптада қуыршақ театрында «Менің атым Қожа» деген қойылым болады. Мен сендерге үш билет алдым. Кім сабақта жақсы жауап береді соған билет беремін.
II. Пысықтау кезеңі.
1. Балалар, «Театр» деген сөзді айтқанда қандай сөздер ойларына келеді?
шымылдық
қатар сахна
кейіпкер қойылым
касса театр қуыршақ
орын
билет
ойнады көрермен
әртіс роль
Сөздермен сөз тіркестерді құрастырайық:
Бірінші қатар, үлкен сахна, қызықты қойылым, қуыпшақ театры, басты роль, тамаша әртіс, әдемі шымылдық, қуанышты көрермен.
2. Балалар, тақтаға қараңдар. Бұл қандай сөздер?
Көмекші есімдерді қосылып қайталау (тақтада):
-
үстінде
-
ішінде
-
жанында
-
алдында
-
артында
-
астында
Балалар, театр деген сөзді пайдаланып сөз тіркестерін құрастырамыз.
ішінде
Театрдың алдында
жанында
артында
3. Ал, енді компьютерді қосыңдар көмекші есімдермен тапсырма орындайық (мониторда, тақтада).
-
Қуыршақ театырының ... бірінші мектеп орналасқан.
-
Театрдың ... ағаштар өсіп тұр.
-
Театрдың ... зал, сахна мұражай бар.
-
Театрдың ... үйлер бар.
Сұрақтар (мұғалім-оқушылар).
-
Біздің қаламызда неше театр бар?
-
Олар қандай?
-
Ең жас театр қандай?
III. Үй тапсырмасын тексеру.
-
Балалар, сендер үйде деңгейлік тапсырмалар орындадындар.Оларды тексерейік.
83 бет «Театрда» мәтінді оқу, аудару.
Театрлар туралы сұхбаттасу.
Қазақ-сазды драма театры және орыс драма театры туралы әңгімелер.
2. Сөздермен жұмыс: артық сөзді тап және аудар.
3. Сөзжұмбақты шешу «Қуыршақ».
Көлденеңінен:
-
спектакль
-
время
-
интересный
-
артист
-
прекрасный
-
сцена
-
«Театрға» экскурсия туралы әңгіме.
Сұрақтар:
-
Біз қай театрда болдық?
- Театр қайда орналасқан? - Театр орталықта орналасқан.
-
Театрда қандай қойылым көрдік? – «Түлкі мен ешкі».
Сендерге қойылым ұнады? – Иә, ұнады.
Енді сендерге осындай тапсырма: сөйлемдерді тыңдаңдар, шын немесе жалған жауап беріндер (сөйлемдер мониторда). Жауаптарды дәптерге жазу.
-
Ертегінің кейіпкерлері түлкі, ешкі және қасқыр.
-
Ешкі бірінші апанға түсіп кетті.
-
Түлкі апанда отырғанда ешкі келді.
-
«Апанның іші» әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - деді ешкі.
-
Ешкі апанның ішінде қалып қояды.
-
Ертегіде түлкі ешкіні алдады.
Балалар, біз қуыршақ театрының мұражайында болдық.
-
Біз мұражайда не көрдік? - Әр түрлі қуыршақ көрдік.
-
Қандай қуыршақ көрдік? – Тростевые, Марионетка, планшетные, перчатные, штоковые.
-
Театрдың қандай белгілі әртістерін білесіндер? – Н.Б. Гузеева, Сапар Мәпенов, Айгүл Қасенова, Андрей Зайцев.
«Түлкі мен қарға» мысалдың үзіндісі (Ақжолова Салтанат, Бейсембаев Әділ, Исаков Артур).
V. Бекіту.
- Біз бүгін не туралы айттық?
- Қандай театрлар туралы айттық?
VI. Қорыту
Бүгін біз сабағымызда «Театрда» деген тақырып бойынша әңгімелестік, сөздермен сөз тіркестерді құрастырдық. Көмекші есімдерді қайталадық, қуыршақ театырына барғанда көргенімізді, білгенімізді жинақтадық, қойылым көрдік.
VII. Үй тапсырмасы.
VIII. Бағалау.