Сабақ жоспары "Қозғалыс жылдамдығы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Қозғалыс жылдамдығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уақыт ішіндегі орын ауыстырулары әр түрлі болуы мүмкін. Жаяу адам 1минутта -100метрдей жол жүрсе,Жердің жасанды серігі -500км аралықты ұшып өтеді,ал радиодабыл немесе жарық дабылы 18млн. Км қашықтыққа жетеді. Әр түрлі қозғалыстардың айырмашылығын сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деген физикалық шама енгізіледі.қозғалыстардың барлығы бірқалыпты қозғалыс болып саналмайды. Тек дыбыс, жарық пен радиотолқын белгілі бір жағдайларда ғана тұрақты жылдамдықпен тарайды. Қалған денелердің жылдамдықтары қозғалыс процесінде өзгеріп отырады. Дене немесе материялық нүкте жылдамдығының бағыты оң не теріс болуы мүмкін. Егер дене корордината осі бойымен оң бағыта қозғалса, онда жылдамдықтың бағытын оң деп алу келісілген. Ал егер дн нүкте координата осіне қарама-қарсы қозғалса, онда жылдамдықтың бағытын теріс деп алу қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Қозғалыс жылдамдығы

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Сабақтың мақсаты: 1. Жылдамдық өлшем бірліктерімен таныстыру, уақыт қашықтық өлшем бірліктерін пысықтау, оларды есеп шығаруда пайдалануға үйрету.
2. Жылдамдық пен уақыт белгілі болған жағдайда қашықтықты табуды үйрену.
3. Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық, карточка, интерактифті тақта, слайд, сенім ағашы.
Әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, «Ой қозғау», сұрақ – жауап.
Түрі: Саяхат сабағы.

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар




Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны: жаппай жұмыс.

  • Үш аптада қанша күн бар?

  • 2 жарым сағат қанша минутты құрайды?

  • 2 сабақ қанша минутқа созылады?

  • Жазғы каникул қанша аптаға созылады?

  • Қайсы айда ең аз күн бар?

  • Ақпан айы 29 күнге созылатын жыл қалай аталады?

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындау.

1 карточка

Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

7 тәулік = 168 сағат 5мин 15с = 315 с 480 сағ = 20 тәулік 6ғ. 507ж. = 1107ж т.с.с.

2 карточка

Баған түрінде есептеп, дұрыстығын тексер.

-806 – 806 + 327

4Shape3 79 327 479

327 479 806

Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық.
s – Қашықтық (Жол): км, м, см.
v – Қозғалыс жылдамдығы: км/сағ, м/мин, м/сек.
t – Қашықтықты жүріп өткен уақыт: сағат, минут, секунд.
Жылдамдық – уақыт бірлігінде жүріп өткен уақыт.
Қашықтықты табу үшін қозғалыс жылдамдығын қозғалыс уақытына көбейту керек.

Сергіту сәті

Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Бетіңді жушы,
Қолыңды сүртші,
Айнаға қарашы,
Шашынды тарашы,
Киіміңді киші,
Мектепке қарай жүрші,
Орныңа отыршы,
Сабағыңды оқышы

Ой толғаныс

Бірнеше бірлікке артыруға арналған есептер 
1.Диқаншылар күзгі егістік жұмыстарында 4 машина бидай және 3 машина артық арпа қоймаға жеткізді.Диқаншылыр қанша машина арпа жеткізді? 
2. Гүлнәр 3 кәмпит , ал Шолпан 2 кәмпит артық жеді. Шолпан қанша кәмпит жеді? 
3. Қорапта 6 қарындаш және 3-ке артық фломастер жатыр. Қорапта қанша фломастер жатыр? 
4. Жанар 2 шелек , ал Майра 3 шелек артық құлпынай жинады.Майра неше шелек құлпынай жинады? 
5.Гүлзарда 6 қызғалдақ және одан 3-ке артық сарығалдақ өсіп жатыр.Гүлзарда қанша сарығалдақ өсіп тұр? 
6.Дәулетте 4 машина, ал Саматта 5 машина артық.Саматта неше машина бар? 
7. Дәрігер бірінші күні 7 бала , ал екінші күні 3 балаға артық қабылдады. Дәрігер екінші күні қанша бала қабылдады? 

Сабақты бекіту

Үй тапсырмасы

6,7 142-бетте

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
5224
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі