400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары "Қызыл кітап құпиялары"

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспарын пайдалана алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Қызыл кітап құпиясы
Мақсаты: Балаларға қызыл кітап оның маңызы туралы түсіндіру.Қызыл кітап туралы түсінік беру,қоршаған ортаны қорғау,оған қамқорлық жасау жағдайларын қалыптастыру.Жануарлар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғатын себептерді түсіндіру арқылы ой – өрісін дамыту.Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту арқылы оны аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қызыл кітап,зоологиялық парк,биологиялық,сиреп бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру,сұрақ – жауап,әңгімелеу,көрсету,жұмбақ жасыру,ой-қозғау.

Көрнекіліктері: Қызыл кітап суреті,жануарлар суреті, ойыншықтар

Оқу іс – әрекеті кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Сезімді ояту.

Ынталандыру.











Сұрақ-жауап




Дидактикалық ойын




Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылып.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті,

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,қанеки бәріміз,

«Сәлем» дейік үлкенге.

  • Сәлеметсіздер ме!

-Балалар қандай жануарлар түрлерін білеміз?

-Жабайы жануарлар қайда мекендейді?

-Седер қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

-Неге оларды жабайы жануарлар,- деп атайды?


Дидактикалық ойын. «Жабайы жануарлар мен үй жануарларын,үй құстары мен жабайы құстарды ажырату.» (ойыншықтар арқылы)

Тез тапқан топқа сыйлықтар беру.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлеңді қосылып айтып амандасады.





-Жабайы,үй жануарлары

-Орманда

-қасқыр,түлкі,тиін,қоян,

Аю,кірпі

-себебі олар орманда өмір сүреді.




Ойынға балалар қатысады

Ізденістер.

Ұйымдастыру.



Түсіндіру













Әңгімелеу


































Сергіту сәтін өткізу










Дәптермен жұмыс






Тақпақтар сұрау




Дидактикалық ойын

1.Қызыл кітап туралы түсінік беру.

-Балалар біздің елімізде табиғат құбылыстарына

Байланысты жылдан –жылға азайып не жойылып бара жатқан жануарлар мен құстар,өсімдіктер бар. Бұлардың түрлерін қызыл кітапқа тіркелген.


Қызыл кітап дегеніміз – табиғатымызда жоғалып бара жатқан жабайы жануарлар мен құстар,өсімдіктердің түрлерін тіркеп отыратын кітапты айтамыз. Бұны зерттеп,тексеріп отыратын саланы зоология және ботаника деп атайды.


Зоология дегеніміз – жануарларды зерттейтін саланы айтамыз.

Ботаника дегеніміз – өсімдіктерді зеттеп отыратын саланы атайды


Қызыл кітапқа тіркелген жануарлар мен құстарды, өсімдіктерді мемлекет өз қарауына алып қорғап отырады. Азайып бара жатқан жануарлар мен құстарды зоологиялық парктерде

Қолдан өсіріп,көбейту шаралары қолға алынған.

Азайып бара жатқан жануарлар мен құстарды атуға болмайды, ал өсімдіктерді сындырып,жұлуға тыйым салынған.


Біздің елімізде жойылып бара жатқан жануарлар мыналар: Барыс, қоңыр аю, қарақұйрық,Ілбіс, арқар және т.б.


Құстар мыналар: Аққу, тырна, үкі, бүркіт және т.б.


Өсімдіктер мыналар: Қызғалдақ, сексеуіл т.б.


-Балалар мен сендерге жануарлар мен құстардың, өсімдіктердің санаулы ғана түрлерін атадым.

Адамдар көбінесе салақтықпен,түсінбестікпен табиғатқа қалай болса солай қарап зиян келтіріп жатады.Бұл қоқыстарды кез келген жерге тастап, от жағып оны өшірмей өртке алып келіп ,көптеген ормандар өртеніп,көлдер ластанып зиян келіп жатады. Бұлардың барлығы жануарлар мен құстардың,өсімдіктердің азайып кетуіне әкеліп соғады.Қаскерлердің қолынан да қырылып жатады.


2.Сергіту сәтін өткізу.

Ойға батып мысық

Отыр көзін қысып

Өзі сондай баяу

Дейді мяу – мяу

Мысық сүтке тойып

Мұртын сипап қойып

Өзі сондай бая

Дейді мяу – мяу.


3.Әліппе дәптермен жұмыс:

  • Дәптерде бейнеленген Қызыл кітапқа енген жануарлардың аттарын атайды.

  • Қызыл кітапқа енген құстарды тапқызып,оларды бояту.

  • Тапсырманы тез және ұқыпты орындаған топқа жұлдызшалар тарату.


4.Балалар жануарлар ,құстар,гүлдер туралы тақпақтар білеміз бе?

-Кім айтып береді?Айтқан топқа ( жұлдызшалар тарату)


5.Дидактикалық ойын.

«Жабайы жануарлар қайда өмір сүреді?»

Ойын шарты: Суреттерден жануарлар мен құстардың үйін табу керек.

Тез тапқан топқа жұлдызша беріледі.



Тәрбиешінің түсіндіргенін балалар мұқият тыңдайды сұрақтары болса береді
















Мұқият тыңдайды





























Өлеңге қосылып,сергіту жаттығуын орындайды










Қызыл кітапқа енген жануарларды:

Үкі, бүркіт аққу, тырнаның суреттерін дәптерден бояды.



Тақпақтар айтады





Ойынға түгел қатысады

Қорытындылау


Жұмбақ шешу








Сұрақ -жауап

6.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ал, сендер шешуін табасыңдар:

- Ең айлакер аң – түлкі

Ең қорқақ аң - қоян

Балды жақсы көретін аң - аю

Аң патшасы не - арыстан

Мысыққа ұқсайтын аң - жолбарыс


-Балалар бүгінгі сабағымыз не жайында болды?

-Сабақ сендерге ұнады ма?

-Қандай тапсырма сендерге қиын болды?

-Ал, қандай тапсырма сендерге оңай болды?

-Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларды ерекше марапатталады.

Жұмбақтың шешуін табады балалар









Сұрақтарға жауап береді



Күтілетін нәтиже: туған өлке табиғаты туралы түсініктерін жетілдіру.

Білуі тиіс: табиғат жанашыры ұғымы болуы.

Түсінігі: жануарлар мен өсімдіктерді қоғау.

Көрсете білуі: Өз өлкелерінде мекендейтін жануарларға қамқорлық көрсету, өсімдіктерді күтіп баптау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
836
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі