(Ұ) Тақырыпты болжау. Суретпен
жұмыс (№1)
-Мұндай таңбаларды қай жерде
кездестіреміз? (сағат, ай жəне басқа нұсқаларды көрсетуіне
болады).
- Сендер рим нумерациясындағы
цифрлар нені білдіретінін жəне қалай пайдалануға болатынын
білесіңдер ме? Бұл сабақта рим
нумерациясындағы цифрлардың неге ұқсайтынын, бұл жүйеде 1-ден 12-ге
дейінгі сандарды қалай жазуға болатынын
анықтаймыз.
(Ұ) Түсіндіре отырып, бекіту.
(№2)
Сан
- есептеу мен өлшеудің нәтижесін білдіретін ең
негізгі математикалық ұғым.
Сандар химия,
физика, механика, астрономия және көптеген ғылым салаларында
кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі
пайдаланамыз.
Цифр -
сандарды жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген
сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал
оның мағынасы — үнді халқының бос орын — «Сунья» деген
сөзінің аудармасы екен.
Араб
сандары: 1,
2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 араб сандары деп аталады. Араб сандарын
үнділер тапқан, кейін келе ол арабтардың арасына тараған. 12 ғ-дың
басында Италия ғалымы Фибоначчи (Leonardo Fibonacci, 1170-1250 жж.)
латын тілінде жазылған «Есеп шот» деген кітабында үнді сандарын
еуропалықтарға таныстырған. Еуропалықтар бұл сандарды арабтардан
қабылдағандықтан, мұны араб сандары деп атап
кеткен.
Араб цифрлары «цифр мәндері олардың
жазылуындағы бұрыш сандарына тура келеді» қағидасымен құрылған
екен. Бірақ, қазіргі уақытта цифрлар дөңгелектеніп кеткен, ал
ертеректе , нөлден басқа цифрлар тік бөліктерден құралған. Яғни,
нөлдік – бұрыш жоқ, бірлік –бір бұрыш, екілік –екі бұрыш және
т.с.с.
Рим
Цифрлары–таңбалау жүйесінің сандарды белгілеу үшін
қолданылатын дәстүрлі атауы. Б.з.б. 500-жылдар
шамасында этрускілерде пайда болып, Ежелгі Римде
қолданылған.
-
Кəдімгі нумерацияда неше цифр бар, ал рим
нумерациясында ше?
- Сандарды қандай таңбалармен
белгіледі?
-Сендер оларды бейнелей аласыз
ба?
-12-ге дейінгі сандарды жазу үшін рим
нумерациясында неге осылай таңбалайтыны туралы
ойланындар.
-Тапсырманы үлгі
бойынша орындаңдар.
(Ж) Есепте
(№4)
64+5 64+2 33+3 1 дм
4 см + 5 см
42+5 47-6 78-5 9 дм
7 см – 5 см
25-2 78-2 81+8 85 см
– 3 см
(Ұ) Сызбамен жұмыс
(№3)
Біздің сыныпта 16
оқушы спорт үйірмесіне, 9 оқушы музыка үйірмесіне қатысады. Спорт
және музыка үйірмесіне барлығы неше оқушы қатысса, сонша оқушы
сурет салу үйірмесіне барады. Неше оқушы сурет салу үйірмесіне
қатысады?
(16+9,
25+25)
(Ө) Кестемен жұмыс
(№6)
19+х=79
у+12=20 36+х=40 47-х=30 х-18=20
100-у=60
Үй
жұмысы (4 бет №3, №4
(д))
-Суретке қарап,
монеталардағы рим цифрларын атаңдар және оларды араб цифрыен
жазыңдар. (2, 5, 7, 11)
-Сызбаға қарап, есеп
құрастырып, шығарыңдар.
(5кг+4кг)
-Цим цифрлары не үшін
беріледі?
|