Материалдар / Сабақ жоспары "Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары" 8 - сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары" 8 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Білімділік: сабақтас құрмалас сөйлем мен оның құрамы, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдарын меңгерту; 2. Тәрбиелік: оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, ұжымдасып еңбектенуге тәрбиелеу; 3. Дамытушылық: оқушылардың жазу, талдау, машықтарын, салыстыра білу дағдыларын дамыту;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1906
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: сабақтас құрмалас сөйлем мен оның құрамы, бағыныңқы сөйлемнің
баяндауышының жасалу жолдарын меңгерту; 2. Тәрбиелік: оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, ұжымдасып еңбектенуге тәрбиелеу; 3. Дамытушылық: оқушылардың жазу, талдау, машықтарын, салыстыра білу дағдыларын дамыту; Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдіс-тәсілі: талдау, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару ІІ. Үй тапырмасын тексеру1. Сабақтас сөйлем туралы түсінік2. 281-жаттығу ІІІ. Жаңа тақырыптСабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері:
  • Алғашқы компоненті тиянақсыз
  • Бағына байланысады
  • Қосымшалар арқылы байланысады
  • Бағыныңқы, басыңқы компоненттері болады
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.

Бағыныңқы сөйлемТұлғалық белгісіМысалдар
Бәрі жиылысымен, (етістік негізді) –ысымен, -ісімен;Айбек ойын ортаға салды.
Мен келсем,-са, -се (шартты райлы етістіктен)оқушылар жиналып отыр екен.
Қыран құс шүйіліп келіп,Етістіктің көсемше түріненқанаты қайқаң ете қалды.
Жіп-жіңішкеріп барып, үзілгенде, (үзілгенше, үзілгендіктен, үзілгенмен)Есімшеге –ша, -ше, -дай, -дей жұрнақтары, жатыс, көмектес септік жалғаулары; -дықтан, -діктен қосымшалары арқылышыдамымның шегі үзіліп кеткендей күй кештім.
Осы үйге келген сайын, (соң), келгеннен бері (бұрын), (келгенге шейін), Уәделескен жерге жеткен кезде (шақта, уақытта),Есімшеге септеулік шылаулар, көмекші сөздер тіркесіп келеді.өткен күндер елесі мазалайды.



неше күнгі құпияның сырын ұқтым.


Сабақтас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен, бір жағынан, бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыз болып келуімен құрмаласса, екінші жағынан, олардың өзара мағыналық қарым – қатынасы арқылы да құрмаласады.Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен бұрын келеді. Тек өлең жолдарында орны ауысып келуі мүмкін.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту Тапсырмалар орындауӘдеби шығармалардан үзінділер беріп, сөйлем түрлерін ажыратуҚыз анадан көрмейінше, өнеге алмас. (бағыныңқы сыңарының баяндауышы көр – мейінше)Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес. (бағыныңқы сыңарының баяндауышы көр – мейінше)Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша, ақпағаны игі. (баяндауышы –ша тұлғалы есімше)Оғыз қағанның оны көргенде, жаны қалмады. (баяндауышы жатыс септік тұлғасындағы есімше)Құл кемеге қайта мінген соң, үн – түнсіз отырып қалды. (баяндауышы шығыс септік тұлғасындағы есімше мен соң шылауының тіркесуінен жасалған)Бақтығұл түтіннен біреу сезіктенер деп ойласа да, әйеліне қой деген жоқ. (баяндауышы шартты райлы етістікке да шылауы тіркесіп жасалған)

«Ойлан, тап» ойыны – сөйлемді аяқтау

Оқушылар сыныпқа кірісімен, _______________________________________________.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы, _______________________________________________

________________________________________________, анам қатты қуанды.

Балапан ұяда не көрсе, ______________________________________________.

Қол батыр болмай, ________________________________________________________.

___________________________________________________, ауыздықпен су ішер.

Графикалық диктантШарттыЕсімшеКөсемше -са -ген - а -е -й -ып -іп -п -ған -се 4. Балама тест1. Сабақтас құрмаластың баяндауышы тиянақты бола ма?а) иә в) жоқ2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы көсемше арқылы байдланыса ма? а) иә в) жоқ3. Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұра ма? а) иә в) жоқ4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тең дәрежеде байланыса ма? а) иә в) жоқ5. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары шылаулар арқылы тұра ма? а) иә в) жоқ

V. Үйге тапсырма: Көркем шығармалардан сабақтас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу

























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!