Материалдар / Сабақ жоспары "Шамалар және арифметикалық амалдар" 3 - сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Шамалар және арифметикалық амалдар" 3 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3 - сыныптан математика пәнінен сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1056
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 18. 05. 2015

Сыныбы: 3

Пәні: Математика

Пән мұғалімі: Жолдасова Дина


Сабақтың тақырыбы: Шамалар және арифметикалық амалдар Сабақтың мақсаты: Өтілген материалды қайталап, шамалар және олардың өлшем бірліктері туралы білімін толықтыру, пысықтауға арналған есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға жаттықтыру

Күтілетін нәтижесі: Шамаларды және олардың өлшем бірліктерін біледі, есептер шығару барысында қолдана алады, есептерге талдау жасайды, есептерді шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, топпен жұмыс жасайды. Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жұптық, жеке Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Домино»,зымыран сұрақтары, «Пилот-штурман», «Ойлан, бірік, бөліс», деңгейлік тапсырмалар, лабиринт шешу,кері байланыс Құрал-жабдықтар, көрнекілік: Интербелсенді тақта, кеспе материалдар, домино

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушынның іс-әрекеті

Мақсаты

Кіріспе

(3-5 мин)

Білу, түсіну деңгей


Шаттық шеңбері.

Оқушылармен амандасу.

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.


Оқушылардың сабаққа дайындығын білу.

Топтық тапсырма.

«Домино» ойыны





Оқушылар топтаса отырып доминоны құрастырады.


Оқушылардың алған білімерін пысықтау. Ақпаратпен жұмыс жасай отырып, сыни ойлау қабілеттерін дамыту.

Мұғалім оқушыларды метр, санти-метр, миллометр, киллометр, сағат, минут, тәул, жыл, ай, килограмм, грамм, тонна, центнер жазылған таратпалар арқылы топтарға бөледі.

Таратпа қағаздарды алып, 3 топ құрайды.

1-топ. Ұзындық

2 – топ. Масса

3 – топ. Уақыт

Оқушыларды топтарға бөле отырып, жаңа тақырыпқа бағыт жасау.

Тұсау кесер

(5-10мин)

Зымыран сұрақтары.

1.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата.

2.М ассаның өлшем бірліктерін ата.

3. Уақыттың өлшем бірліктерін ата.

4. “Спутник” жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті?

5. Жаңа туған пілдің массасы

1 тоннаның бестен бір бөлігін тартады. Жаңа туылған пілдің баласы неше килограмм тартады?

6. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады?

7. Ұзындықты немен өлшейді?

8. Массаны немен өлшейміз?




Оқушылар ұзындық, масса, уақыт туралы білетіндерін ортаға салады.



Оқушылардың осы тақырып бойынша білімдерін анықтау. Қай оқушы қандай деңгейде екенін байқау.

Жұптық тапсырма.

«Пилот - штурман»

6 – мысал.

Берліген өлшем бірліктерден масса-ның, ауданның, ұзындықтың, көлем-нің, уақыттың өлшем бірліктерін тауып жазу.


Оқушылар берілген өлшемдерден өздеріне тапсырылған өлшем бірліктерді тауып жазады.


Шамалар және олардың өлшем бірліктері туралы білімін толықтыру.

Негізгі бөлім

(15-20)

Талдау, қолдану деңгей

Топтық тапсырма.

«Ойлан, бірік, бөліс»

7 – мысал.

1 топқа. Аймен

5 жыл – 15 жыл 8 ай –

12 жыл – 3 жыл 4 ай –

Жарты жыл-

2 топқа. Сағатпен

10 тәул.- 7 тәул.-

5тәул.12 сағ- 6тәул.21сағ-

4тәул.12сағ-

3 – топқа. Минутпен

5 сағ- 7 сағ-

3 сағ 40мин- 6 сағ 12мин-

4 сағ 43 мин-

Бағдаршам арқылы бағалау.





Оқушылар топтаса отырып, өлшем бірліктер арқатынасын табады. Топта талдайды, өзге топтарды бағдаршам арқылы бағалайды.




Оқушылардың сөйлеу шеберлігін анықтау, ынтымақ-тастық қабілеттерін қалыптастыру. Ой қорытындыларын жасауға дағдылан-дыру.

Деңгейлік тапсырмалар

1 тапсырма

Салыстыр.

72 күн * 2 ай 1 апта 6 күн

1 жыл 3 ай * 1 жыл 2 ай 30 күн

1 сағ 120 мин * 2 сағ

2 кг 300 г * 3 кг

2 тапсырма

Бос орындарды толтыр.

115 сағ =......тәул.....сағ

...мин....с = 940 с

728 мин = ....сағ .....мин

165 сағ = ....тәул.17 сағ

3 тапсырма

Ит 2 аяғымен тұрғанда салмағы 3 кг, егер ол 4 аяғымен тұрса, онда оның салмағы қанша кг болады?

Лабиринт шешу

Мектептен үйге жету үшін амалдарды орындау керек




Салыстырып, артық, кем, тең белгілерін қояды.





Теңдік тура болатындай бос орындарға сандарды қояды.



Логикалық тапсырманы орындайды.




Оқушылар мектептен үйге жету үшін тиісті амалдарды орындайды. Өрнектердің мәнін табу арқылы үйге жетеді.



А, В, С деңгейлі балаларды анықтау.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.













Сыни тұрғыдан ойлану арқылы оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасауын үйрету.


Сергіту сәті


Қорытынды

(5-10 мин)

Бағалау деңгей

Үйге тапсырма

6 есепті шығарып келу.




Кері байланыс.

  1. Бүгін сабақ ұнады. Несімен?

  2. Ұнамады. Несімен?

  3. Сабақта қиналдым. Неден?

  4. Сабақта оңай болды? Не жасау?


Оқушылар кері байланысты ауызша айтады.

Оқушылардың рефлексивті ойларын дамытады, тақырып бойынша түсінгені, түсінбегенін анықтау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!