Сыныбы:
6 «ә»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың
тақырыбы: Шылау сөздер туралы
түсінік
Сабақтың мақсаты:
а) Шылау туралы түсінік
беру, шылаудың өз алдына толық мағынасы жоқ сөздер екенін
түсіндіру, атқаратын қызметін
ұғындыру.
ә) Танымын, ойлау қабілетін, шығармашылық
қабілетін арттыру.
б) Ізденімпаздыққа, бірлікке, елжандылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: тақырыпқа қатысты
суреттер, үлестірмелер
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап,
баяндау.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
• Сәлемдесу;
•
Оқушыларды
түгелдеу.
ІІ. Үй
жұмысын тексеру.
«Менің сүйікті ісім» тақырыбында жазған
шығармаларын оқыту.
ІІІ. Жаңа
сабақ Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем
мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын,
өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп,
оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған,
лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық
лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді
байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші
сөздер.
Шылаудың басқа сөз
таптарынан айырмашылығы :
1) Шылаудың толық лексикалық
мағынасы болмайды.
2) Сөйлем ішінде шылау
сөйлем мүшесі бола алмайды.
3) Шылаулар сөз бен сөзді не
сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде
оған қосымша мән үстейді.
4) Шылаулар
түрленбейді.
Шылау
сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары
жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы
шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш
белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория
болып қалыптасқан және жалпы көмекші
сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде
қызмет ететін сөздер.
Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке
бөлінеді: олар - септеуліктер,
жалғаулықтар және демеуліктер
ІV. Жаттығу
жұмысы
238-жаттығу. Шылауларды
тауып, олардың сипатын анықтаңдар: қандай мәнде қолданылып, қандай
қызмет атқарып тұрғанын
көрсетіңдер.
Алда сансыз белестер жатыр.
Сан заман меңіреу тыныштық пен ойнақы сағымға, өкпек жел мен ақ
долы боранға мекен болған бойкүйез адыр – белестер (С. Ш.). Мұның
жайдары мінезін ұната ма, болмаса қайта – қайта тықақтап айта
берген украиндық дос жөніндегі әңгіме ой салды ма, әйтеуір, отрядқа
жаңа келген вожатый Сәуле бірер күннен соң туған бауырдай болып
кетті (С. Сарғ.). Көксерек ит баласына заты қастай жібімейді.
Жалғыз-ақ атын біледі. Құрмаш пен әжесі шақырса, келеді. Онда да
жүгіріп келмей, құйрығын сөлектетіп, бүкеңдеп қана келеді. Өскен
сайын сызданып, суықтанып келеді (М.
Ә.)
Пен
шылауы тыныштық және ойнақы сағым деген бірыңғай мүшелерді
байланыстырып тұр.
Мен шылауы өкпек жел және ақ
долы боран деген бірыңғай мүшелері байланыстырып
тұр.
Ма
шылауы сөйлемге сұрау мағынасын үстеп, ұнату және салды сөздерімен
тіркесіп тұр.
Ақ
шылауы өзі тіркескен жалғыз сөзіне шектеу мағынасын үстеп
тұр.
Пен
шылауы Құрмаш және әжесі деген сөздерді тең дәрежеде байланыстырып
тұр.
Да шылауы онда сөзімен
тіркесіп, салаласа байланысып тұр.
Қана
шылауы бүкеңдеп сөзімен тіркесіп, оған шектік мән үстеп
тұр.
Сайын
шылауы өскен сөзімен тіркесіп, оған мезгілдік мән үстеп
тұр.
V. Сабақты
қорыту.
Шылау дегеніміз
не?
Оның
қандай ерекшеліктері бар?
Мысал
келтіріңдер
VI. Үйге тапсырма
беру
239-жаттығу. Оқып шығып, шылауларды табыңдар.
Олардың қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын
көрсетіңдер.
Исатай
сарбаздары
Қылыштарын жалаң ұстаған екі
жүз орыс – казак пен
үш жүз төлеңгіт полковник қолын сермесе
болды, сарбаздарға қарсы
ұмтылайын деп, сақадай сай
тұр. Алайда
алдымен артиллериямен байқап көрмек. Жамырай
шапқан жүздікті сегіз зеңбірек пен үш жүз мерген жалп беріп қарсы
алады да, содан қалғандарын казактар турап
тастамақ.
-
Атамандарын
тірідей не
өлідей қолға түсіріңдер! – деп бұйырды Гекке
атты әскерін басқарып жүрген
офицерлерге.
-
Пли! – Жүздеген мылтық
үні мен
зеңбіректердің гүрсілі сарбаздардың қиқуын
көміп кетті. Бірақ
айнала шаң
мен
түтін құшағына оранардан сәл ғана, бірер сәт
бұрын Гекке қарабарқындап қаптап келе жатқан сарбаздар тобының
қатарларын кенет бытыратып, андыз-андыз бөлшектене шапқанын
көрді.
Зеңбіректердің
добы да, мылтықтың оғы
да
нысанаға
тимеді.
VII.
Бағалау.