Сабақ жоспары "Сыртқы ортаны қолданып орындалатын жаттығулар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Сыртқы ортаны қолданып орындалатын жаттығулар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Таңдалған спорт түрінен жалпы және арнайы дене дайындығы Студенттердің физикалық, психикалық және моральдық саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» Республикалық мемлекеттік мекемесі


     Сыртқы ортаны қолданып орындалатын жаттығулар (дымқыл құм үстімен жүгіру, секіру, тауға жүгіру, желге қарсы жүгіру т.б)    (сабақ тақырыбы)

      Модуль /пән атауы____Таңдалған спорт түрінен жалпы және арнайы дене дайындығы

     Дайындаған педагог ___Сейлбаева Айгерим Бекетаевна

      2021 жылғы "12" ақпан

      1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ_______________1 курс (101 топ)

      Сабақ типі ____________Жаңа білімді игерту

      2. Мақсаты, міндеттер

Студенттердің физикалық, психикалық және моральдық саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру

Сыртқы орта пайдалану арқылы жаттығулар жасау, оларды тиімді, дұрыс пайдалану. Жүгіру, секіру жаттығуларын ашып түсіндіру. Дымқыл құм үстімен жүгіру,тауға жүгіру, оттегі қорын дүрыс пайдалану.  

      3. Сабақты жабдықтау

      3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Көрнекті құралдар: оқулық,дәріс
Қолданылған әдебиеттер: Ботағариев Т.А., Кубиева С.С Дене шынықтыру теориясы мен əдістемесінің жалпы негіздері ,Уанбаев Е.К. , Уанбаева Ф.Ж. Дене мəдениеті жəне спортттың ілімі мен əдістемесі,Уанбаев Е.К. Дене мəдениеті жəне спорттың ілімі мен əдіснамасы:

      3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, мультимедиялық проектор, видеолар жинағы

      4. Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

- Амандасу! Студенттерді түгендеу


     5. Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ басында мақсатты айқындап, оны студент тұрғысынан, студент тарапынан нақтылап алған дұрыс.
2) Тапсырма берілген соң, оның қалай орындалу керектігін талқылаған орынды. 5-7 минуттық талқылау тапсырманың дұрыс орындалуының кепілі болуы ықтимал.
3) Тапсырма соңында оның қалай орындалғанын және нәтижелерін талқылаған дұрыс.

      6. Үй тапсырмасы

     1,2 бет конспект сөж тапсырмасын орындау





Негізгі қимыл жаттығулары

Жүру:

- түрлі қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау;

- бүгілген тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып; - заттарды аттап, заттар арасынан; - қолды түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);

- жаттықтырушының белгісімен тоқтап;

- қозғалыс бағытын өзгертіп, заттар арасымен;

- шашырап, заттар арасымен;

- жүгіруді алмастыра;

- адымдап алға қарай жүру;

- «жыланша» ирелеңдеп; - сызық және шеңбер бойымен қол ұстасып, жіптен ұстап, жіпті басқа қолға ауыстырып қысқа және кең қадаммен;

- 3-4 м жерге дейін кезін жұмып жүріп өту.

Жүгіру:

- бір қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;

- шеңбер бойымен, қол ұстасып, келесі бетке бұрылыс жасап;

- заттарды аттап, тізені жоғары көтеріп майда және кең қадаммен заттар арасымен; - заттар арасымен шашырап;

- «жыланша» ирелеңдеп, кедергілер арасымен; - жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра отырып сапқа қайта тұрып; - кедергілерден өтіп;

- 1,5-2 мин түрлі жылдамдықпен — баяу, жылдам, орташа қарқынмен тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;

- ұстап және айламен тосып алып; - баяу қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай; - қиылысқан жерге дейін 320 метрге;

- белгіленген жерге дейін жылдамдыққа, арақашықтыққа (ұзындығы 20 м) жүгіру;

- бірнеше рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа жүгіруді баяу жүгірумен алмастыру;

- мейлінше тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың аяғында 5,5-5 секундта 20 метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);

- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып; - екі, үш қатарға сапқа қайта тұрып (жол бойында кеглиді алу); - ирелеңдеп жүгіру (10 метрден 3 рет).

Секіру:

- бір орында, алға қарай;

- тізенің арасын қос аяқтап қаппен;

- қос аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттар арқылы (биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;

- жіптің үстінен;

- түзу бағытта (арақашықтығы 6 м) 79 - оң және сол аяқтарымен кезектесіп заттар арасымен (арақашықтығы 3 м);

- оң және сол аяғын кезектесіп;

- 20 см-ге дейін жоғарыдан;

- алға қарай бір аяқтан екінші аяққа (арақашықтығы 3-4 м);

- бір орыннан ұзындыққа (80 см-ден кем емес);

- жүгіріп келіп ұзындыққа (100 см-ден кем емес);

- жүгіріп келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см-ден кем емес);

- шахмат тәрізді қойылған қырлы бөрене арқылы (арақашықтығы 50 см), доптардан (5-6 дана) қос аяқтап секіру;

- зал ортасына қойылған жіптің оң және сол жағынан 4 м қашықтыққа алға жылжып;

- ұзын және қысқа секіртпемен қос аяқтап, ытқып-ытқып, бір аяқтан екінші аяққа алға айналдырып және қос аяқтап ытқып секіруді алмастырып алға, артқа секіру;

- теңселіп, айналып, бір орында тұрған секіртпемен; - қысқа секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;

- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға бір аяқтап және қос аяқтап;

- қос аяқтап, аяқтың оң және сол қырымен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып секіру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2023
430
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі