Тақырыбы: «Табиғатты
аяла»
Мақсаты:Табиғат әсемдігін көре
білуге үйрету .Табиғат анаға, жануарларға құстарға сүйіспеншілікпен
қарауға тәрбиелеу.Табиғаттың түрлерімен
таныстыру.
Шаттық
шеңбері:
Табиғат-біздің
анамыз,
Табиғатқа
баламыз.
Иіліп
сәлембереміз,
Біз әдепті
баламыз.
Біз оқу қызметінде
табиғат жайлы әңгімелейміз.
Балалар біз өмір
сүретін әлемде барлық адамдар қайда тіршілік
етеді?
-Барлық адамдар жер
бетінде тіршілік етеді?
-Балалар,осы біз немен
демаламыз?
-Ауамен
демаламыз.
-Біз нені басып
жүреміз?
-Жерді басып
жүреміз.
-Адам тіршілігіне не
ортақ деп ойлайсыңдар?
-Жер,су,ауа,күн,ай,
жұлдыздар.
-Ал су не үшін
керек?
-Адамға сусыз өмір
жоқ,гүлге де бау-бақшаға да жануарларға да су
керек.
-Балалар табиғат
бұрышына барайық .Табиғат бұрышында нелер бар
екен?
Топырақ, су, тас ,ағаш,
гүлдер.
Осылардың барлығы
табиғатқа жатады.Табиғат нешеге бөлінеді?
Тірі табиғат және өлі
табиғат болып екіге бөлінеді.
Бейне ролик көрсету
(слайд).
-Тірі табиғатқа нелер
жатады?
-Тірі табиғатқа
ағаштар, гүлдер, өсімдіктер, жануарлар, жатады.
-Өлі табиғатқа нелер
жатады?
-Өлі табиғатқа құм,су,
тас жатады.
Балалар суға тәжірбие
жасап көрейік.
Қажетті
заттар: су, 2 ыдыс, топырақ ,
қант, қасық.
Тәжірибе:Суды екі ыдысқа
құямыз,бірінші ыдысқа шекер саламыз,
екінші ыдысқа топырақ
салып араластырамыз.
-Балалар судың түсі
өзгерді ма?
-иә
өзгерді.
-Құмшекер салған су
мөлдір,топырақ саған су лайланып кетті.Балалар қай ыдыстағы суды
ішуге болады?
-Құмшекер салынған суды
ішуге болады.
-Ал топырақ салынған
суды ішуге болмайды, өйткені ол лайланып кетті.
Ғажайып
сәт:Балалар қуанып
таңырқай қарайды. Балалар біреу есік қағып тұр.(Осы кезде топқа
Сайқымазақ келеді.)
Сайқымазақ:Сәлеметсіңдерме
балалар? Қандай әдемі балаларсыңдар.Сендерге қонаққа келдім.Менің
сендерге тапсырмаларым бар. Тапсырмаларымды орындайсыңдар
ма?
Балалар: Иә,
орындаймыз.
-Қазір жылдың қай
мезгілі?
-Көктем.
-Көктем мезгілінде
қандай өзгерістер болады?
-Күн жылынады,ағаштар
бүршік жарып гүлдер шыға бастайды.
1.тапсырма: Табиғат туралы қандай
тақпақтар білесіңдер?
Бала: Табиғатсыз өмір
жоқ,
Су, топырақ, ауа
да
Табиғатқа
жатады,
Табиғатты
қорғайық
Таза болса
табиғат,
Аман болар
адамзат
2-тапсырма: Жұмбақтар: Көзге
ілінбейді,
Жұмсақ
бөлінбейді.(Ауа)
2)Күндіз
тығылады,
Түнде
қыдырады.(Жұлдыз)
3)Тырс-тырс
тамады,
Сайға қарай
ағады.
4)Ағайынды
бәрі,
Шықса
көк,
Түссе
сары.(Жапырақ)
-Балалар енді
Табиғат-Ана ертегісін тыңдаңдар.Табиғат-Ананың Жер, Су, Ағаш деген
үш ұлы болыпты.Олар мейірімді екен.Табиғат-Ана бір күні ұлдарын
шақырып алып:Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын
деп уәде береді.Сонда ұлдары анасының айтқанына келісіп,адамдарға
жақсылық жасауға жолға шығыпты.Үшеуі үш жаққа кетіпті, адамдарға
көп игілікті істер жасапты.Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып
оралғанда аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза
болған ұлдары:
-Апатай сіз қандай
керемет күйге түскенсіз. Мұның сыры неде?
-Аяулы ұлдарым, мен
бұнын сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарында деп
жауап береді.Содан бері жер, су, ағаш аналарының сұлулығын сақтап
қалу үшін адамдарға адал қызмет етуімен келеді
екен.
Сергіту
сәті. Аспанды бұлт торлайды
,
Жаңбыр жауды
себелеп.
Кішкене бұлт
астында,
Жасырынып
қалады.
«Шығармашылық»
орталығы.
Орталықта таза парақтар
мен түрлі-түсті бояулар қойылған.
Көктем мезгілін
бейнелеу.
Монотипиа. Шыныда сурет
салу жолдарын көрсету. Шыныға бояу тамызылады, таза қағазбен шыныны
жабамыз,дақ неге ұқсайды? Бояуды пайдалану жолдарын түсіндіріп
қадағалау.
«Таным»
орталығы.
Қағазды бүктеу арқылы
тірі табиғатқа жататын құс аққуды құрастыру.
Дидактиталық
ойын: «Жер қабаты төрт
түсті»
Ойын
шарты:
1.Күн көзінің шуағы -
Жаз.
2.Жаңбыр
жауды – Күз.
3.Күн суық,
далада аяз – Қыс.
4.Жер
көгереді, сай-салада су- Көктем.
Қорытындылау: Біз бүгінгі оқу
қызметімізде барлығымыз айнала қоршаған табиғатқа қамқор болып, оны
күтіп баптап сүйіспеншілікпен қарауымыз керектігін білдік.
Балаларға сұрақ қою арқылы іс-әрекетті қорытындылау. Ерекше
белсенділік көрсеткен балаларды үлгі етіп
мадақтау.
Балалар
осымен оқу -қызметіміз
аяқталды.
Хормен: Тазалықты
сақтаймыз,
Табиғатты
баптайық.
Бізге деген
пайдасын,
Жақсылықпен
ақтайық.