Материалдар / Сабақ жоспары. Тақырыбы: Кері байланыстағы коммуникативтік процесс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары. Тақырыбы: Кері байланыстағы коммуникативтік процесс

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке адам және топ арасындағы қарым – қатынас – бұл бір жағы жеке адам, екінші жағы топ, ұжым болғанда туындайтын қарым – қатынас. Бұл қарым – қатынас түрі әсіресе жетекші мен топтың, басшы мен ұжымның өзара қарым – қатынасы кезінде жақсы байқалады. Өзара топтық қарым – қатынас – бұл екі қауымдастықтың өзара әркеттесуі кезінде пайда болатын қарым - қатынас. Бұған командалық жарыстар, сайыстар мысал бола алады. Қарым – қатынастағы құзыреттілік мәселесі. Кері байланыс механизмдері мен формалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2022
451
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









Пән: Қарым – қатынас психологиясы мен іскерлік қатынастар

Сабақ тақырыбы: Кері байланыстағы коммуникативтік процесс







Оқытушы: С. Ескалиева









2019 ж.



Сабақтың технологиялық картасы

Пән атауы

Қарым – қатынас психологиясы мен іскерлік қатынастар

Курсы, топ

2, 201 ПД

Сабақтың нөмірі, тақырыбы

3, Кері байланыстағы коммуникативтік процесс

Сабақтың мақсаты

Кері байланыс, крммуникативті процесс, қарым-қатынастың маңызын түсіндіру

Сабақтың міндеттері

білім беру

дамыту

тәрбиелік

Адамдар арасындағы қарым – қатынас, коммуникативтік процесс, кері байланыс туралы білім беру

Қарым – қатынас маңызы туралы түсініктерін дамыту 

Өзара тиімді коммуникативті кері байланыс орната білуге тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер (стендтер, плакаттар, кестелер, сызбанұсқалар, үлестірме материалдары )

Тақырып бойынша слайдтар

Сабақта қолданылатын электронды ресурстар (универсалды, Интернет желісі ресурстары, CD-ROM, бейнематериалдар,флипчарттар, презентациялар, электронды плакаттар, электронды оқулық және т.б.)

Презентация «Кері байланыстағы коммуникативтік процесс қатынасы»

Жабдықтармен және бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі (локалдық желі, интернетке қосылу, мультимедиялық компьютер, бағдарламалық құралдар)

Компьютер, проектор

Интернеттегі білім ресурстары

Арнайы дайындалған слайд материалдары

Практикалық-лабораториялық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтар


Қолданылған әдебиеттер тізімі

Ескалиева С.Б., Қарым – қатынас психологиясы және іскерлік қатынастар этикасы,2019

Соловьев Л., Қазіргі этикет, 2001

Жарықбаев, Психология, Алматы, 2004

Столяренко Л.., Іскерлік қарым – қатынас және басқару психологиясы,Ростов, 2001




Сабақтың құрылымы

Сабақтың кезеңдері

Уақыты, мин

Сабақ кезеңдерінің мазмұны

Оқытушының қызметі

Студенттің

қызметі

Ұйымдастыру бөлімі

3

Амандасу, студенттердің сабаққа қатысымын, тексеру, сабаққа ынталандыру, сабақ көрнекіліктерін қосу

студенттерді тексеру, сабаққа ынталандыру. Сабақ тақырыбын хабарлау

Сабаққа қажетті құралдарын дайындау

Жан – жақты білімдерін тексеру

2

Қарым – қанынас маңызы туралы түсініктерін анықтау мақсатында сұрақтар қою

Сұрақтар қою арқылы студенттердің қарым-қатынас және оның түрлері туралы жалпы түсініктерін анықтау.

Сұрақтарға жауап беру, өз түсініктерін айту

Үй тапсырмасын тексеру

8

«Қазіргі психология оқытатын құбылыстар» тақырыбы бойынша білімдерін тексеру

Студенттерден үй тапсырмасын сұрау

Сабақ айту, сұрақтарға жауап беру

Жаңа сабақ түсіндіру

62

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа тақырыпты слайдттарды демонстарациялау арқылы түсіндіру, жаңа түсініктерді қалыптастыру,

Сабақты тыңдау, конспектілеу, сұрақтарға жауап беру, жаңа тақырыпты меңгеруде белсенділік таныту

Жаңа тақырыпты бекіту

10

Сұрақтар қою арақылы жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту

Жаңа тақырыпты бекіту. Студенттерге сұрақтар қою

Бекіту сұрақтарына жауап беру

Сабақты қорытындылау

5

Сабақты қорытындылау


Сабақ барысында белсенділік көрсеткен студенттерді атап өту, бағалау, сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру

Оқытушының қорытынды сөзін тыңдау, үй тапсырмасын жазып алу.





Кері байланыстағы коммуникативтік процесс



Қарым – қатынас түсінігі мен формалары


қарым – қатынас - адамдардың бірлескен іс –әрекеттері арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру, көздеген мақсаттарына жету жолы. Өйткені, қарым –қатынас кезінде адамдар бір - бірінен қажетті деректерді алып, бір – бірін қабылдап, түсініп, бірлесіп жұмыс жасау үшін ортақ жоспар құрастырады.

Қарым – қатынас мазмұны адамның ғылыми және тұрмыстық білімдер жүйесінен, дағдылар мен іскерліктерінен, сыртқы келбеті мен мінез-құлық ерекшелігінен, өзін - өзі ұстау мәнерінен, шешім қабылдау тәсілдерінен , қоршаған ортаға, өзіне, өзгеге көзқарасы мен қатынасынан құралады.


Қарым – қатынас оған қатысушылар сипатына қарай:





DrawObject2 DrawObject3 DrawObject1


жеке адамдар арасындағы тұлғааралық қарым – қатынас

жеке адам және топ арасындағы қарым –қатынас

топтардың өзара қарым – қатынасы







болып бөлінеді






Жеке адамдар арасындағы тұлғааралық қарым – қатынас – жеке тұлғалардың өзара достық, жолдастық қарым – қатынастары. Адамдардың қызығушылығына, жеке мақсаттарына байланысты өзара әрекеттесуі. Осы қарым – қатынас барысында жеке және топтық міндеттер мен мақсаттар шешіледі.

Тұлғааралық қарым – қатынаста адам өзгені танып қана қоймай, сонымен қатар өзі жөніндегі мәліметтерді де меңгереді. Қарам - қатынаста адам неғұрлым ашық болса, ол туралы пікірлер де соғұрлым жан – жақты болады.

Жеке адам және топ арасындағы қарым – қатынас – бұл бір жағы жеке адам, екінші жағы топ, ұжым болғанда туындайтын қарым – қатынас. Бұл қарым – қатынас түрі әсіресе жетекші мен топтың, басшы мен ұжымның өзара қарым – қатынасы кезінде жақсы байқалады.

Өзара топтық қарым – қатынас – бұл екі қауымдастықтың өзара әркеттесуі кезінде пайда болатын қарым - қатынас. Бұған командалық жарыстар, сайыстар мысал бола алады.

Барлық қарым – қатынас түрлерінің үш жағы болады.


Қарым - қатынастың үш жағы


DrawObject5 DrawObject4


Коммуникативтік

Интерактивтік

DrawObject6


Перцептік





Коммуникативтік жағы -  қарым – қатынас арқылы адамдар бір – бірінің ойын, мақсатын, өмірлік бет алысын айыруға тырысады. Бұл процестің құралына сөз, сөйлеудегі ырғақ мимика (бет, ауыздың  әртүрлі қимылы), пантомимика (бүкіл денедегі әртүрлі қимыл), ым – ишаралар жатады. Коммуникативтік қарым - қатынаста адамдар көңіл-күймен, сезімдермен, түрлі идеялармен, қызығушылықтармен, талғамдармен т.б. өзара бөлісіп, мәлімет алмасып, қажетті хабарламалар алады.

Интерактивтік жағы – бұл адамдардың бірігіп қызмет жасау мақсатында стратегиялық жоспар құруы. Интерактивті қарым – қатынас - адамаралық қарым  -  қатынастағы әрекеттестік аспектілерін белгілеуші шарт. Интерактивті қарым – қатынаста адамдардың бір-бірімен мәлімет алмасып, өзара түсінушілікке қол жеткізуімен шектелуі жеткіліксіз. Қарым – қатынастың бұл түрінде ортақ іс - әрекетті жоспарлау, оны бірлесіп жүзеге асыру жолдары мен формаларын белгілеу, нормаларын қалыптастыру, қарым - қатынастың түрлерін талдау және қарым –қатынасқа түсушілердің жетекші мотивтерін қарастыру маңызды.

Перцептік жағы   -   қарым – қатынасқа түсіп тұрған адамдардың бір - біріне сеніп, өзара түсінісіп, бірін-бірі адекватты қабылдауы. Бұл қарым – қатынастың өте маңызды жағы. Адамдар бір-бірін қалай қабылдаса, олардың өзара қарым-қатынасы да солай орнайды. Яғни, бір-бірін қабылдағанына сәйкес өзара қарым – қатынас орнатады. Әдетте, таныс емес адаммен алғаш кездескенде туындайтын басты сұрақ - «кім бұл?», «қайдан келген?» т.б. Яғни, алғашқы сұрақтар оның әлеуметтік жағдайына, физиологиялық бейнесіне бағытталса, әрі қарай оның өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәнеріне көңіл бөлінеді. Осы тұста бір-бірінде өздері туралы жақсы әсер қалдырған адамдардың қарым-қатынасы алдағы уақытта жолдастыққа ұласады.


Қарым – қатынас формалары:

DrawObject7

ашық-жабық қарым-қатынас формасы

монологты

форма

рольдiк - тұлғаарлық

форма




DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject8 DrawObject9


DrawObject13




DrawObject14


DrawObject15

DrawObject18 DrawObject17

Монологтік формада - адам өзі сөйлеп, өзі шешім шығарып, өзі қабылдайды.



Рольдік тұлғалық формада – әр қатысушының ойы тыңдалады, ортақ шешім қабылданады



DrawObject16


Жабық фрмада - адам ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын толық жеткізбейді және өзгелермен қарым-қатынасқа түсуден қашады.



Ашық формада - адам өз көзқарасын еркін жеткізіп, басқалардың позициясын тыңдауға әркез дайын болады.













Қарым – қатынастағы құзыреттілік мәселесі


Коммуникация (лат. тілінен communicatio — хабарлама) - эмоционалдық және интеллектуалды мазмұнды басқа адамға, топқа, ұйымға жеткізу процесі. Қарым-қатынас - маманның жұмыс барысындағы өзара түсіністікте әрекеттесуі негізінде жүзеге асырылатын байланыс процесінің бір бөлігі.

Коммуникативтік құзыреттілікте қарым-қатынас заңдарын, техникасын меңгеру, сендіре білу, түрлі сөйлесулер мен келіссөздер жүргізу, басқа адамдарға жағымды әсер ету, жанжал жағдайлары мен оқиғалардың ортақ шешімін таба білу іскерліктерін меңгеру кәсіби қызметте бәсекеге қабілетті тұлға болуға және көздеген мақсатақа жетуде жемісті болуға мүмкіндік береді. Тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда вербальды және вербальды емес қарым-қатынас, өзін-өзі таныту, басқару, стресске қарсы тұру, командада өзара ынтымақты әрекет орнату, жанжал жағдайларын басқару дағдыларын және кері байланыс орнату механизмдері мен техникасын меңгеру маңызыды мәселе.

Коммуникативті құзыреттілік - іскерлік қарым – қатынаста этикет нормалары мен шектеулерін білу, қарым – қатынас стратегиялары мен тиімді стилдерін, формаларын, кері байланыс орнату тәсілдерін меңгеру.

Вербальды құзыреттілік - іскерлік қарым-қатынаста өзгелердің пайымдаулары мен субъектісін, оның өзектілігін ес

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!