ІІ. Мағынаны тану
Қорытынды
3
мин
|
1-тапсырма. Тыңдалым алды
тапсырма.
Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап
береді.
Елбасының «Бабаларын қалтқысыз қастерлей білген халық
балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақ» деген қанатты сөзі
бар. Ендеше, бабаларымыздың жарқын істерін насихаттау бесігіміздің
бүтін, жеріміздің тұтас, тіл мен діліміздің, түптеп келгенде,
тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуының басты кепілі. Өскелең ұрпақтың
бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру елдің
тәуелсіздігін қастерлеуді үйрету үдерісінің бастау бұлағы – отбасы.
Демек, жас өскінді ұлан-байтақ жерімізді білектің күші, найзаның
ұшы, ақылдың амалымен сақтап, бізге жеткізуге үлес қосқан
ата-бабаларымыздың өміршең үлгі-өнегесін сіңіру арқылы тәрбиелеу ең
абыройлы міндетіміз болып қала бермек. Жеті атасын білмеген жетесіз
деген мәтел бар халқымызда. Бұрынғы даналарымыз түп тамырымызды
білудің дініміздің мықты болуының кепіліне балағаны күмәнсіз. Күні
кешегі ұлт шежіресін ұмыттырғысы келгендердің пиғылын нақты
ұғынсақ, есігімізден сығалаған жаһандық үдерісінің болуы мүмкін
сын-қатерлерін сауапты бағамдай
алмақпыз.
Кездейсоқ сандар таңдалып сұрақтаға жауап
береді.
Дескриптор білім
алушы
Қ/Б «Смайликтер»
2-тапсырма. Бірінші бағандағы
сөйлемді өз сөзіңмен алмастырып, жазып, көтерілген мәселені болжап
айт. «Кездейсоқ сандар»
Дескриптор білім
алушы
Қ/Б «Смайликтер»
Тілдік бағдар.
3-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп
жазып, көнерген сөздердің мағынасын түсіндір.
«Кездейсоқ сандар»
таңдалады.
Аңшы Мүсіреп Есеней байға жарамсақтанып, жігіттің арызын
аяқтатпай, киіп кетті:
- Тоқта деген соң,
сүйреңдемей тоқта, бала! Ауылыңа сәлем айт, Есеней аға сұлтанның ат
тұмсығын тіреген жерге таласып әуре болмасын! – деді.
(Ғ.Мүсірепов). Аламандардың киім үлгісі, сауыт-сайман, қару-жарағы
да ала-құла. Біреу көбе, біреу бадана, енді біреулері тот басқан
ескі кіреуке киіп алыпты
(Қ.Жұмаділов).
«Дескриптор» білім
алушы
Қ/Б «Смайликтер»
4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден көнерген сөздерді
тауып жаз. Олардың тарихи сөз немесе архаизм екенін анықта.
«Кездейсоқ сандар»
Хан енді шетелдерден келген елшілерді қабылдайтын болды. Әр
елшіні екі қарынан екі сарай төрешісі қолтықтап ханға қарай алып
жүрді. Елшілер он шақты адым қалғанда оң тізелерін бүгіп, қол
қусырып, бастарын иіп тағзым етті. Қапталда отырған уәзірлер
орындарынан тұрып, шетелдік меймандарды қолтықтарынан демеп, ханға
беттеді, төрт-бес аттаған соң, тағы да кідіріп, тағзым етті.
Елшілер уәзірлер отырған сәкіге қарама-қарсы қойылған биік сәкіге
барып жайғасты. (Ә.Кекілбаев)
Дескриптор білім
алушы
Қ/Б «Смайликтер»
5-тапсырма. Көнерген сөздерді мағынасына қарай
орналастыр. Ережеге сүйеніп дәлелде. «Кездейсоқ
сандар»
Хан, патша, дүрия, сауын айту, уәзір, би, аға сұлтан,
болыс, торқа, биқасап, садақ, жебе, найза, адырна, бесік құда,
сауыт, айбалта, барымта, патсайы, лашық, жаппа, шидем, күпі,
сәукеле, саптыаяқ, кебеже.
Дескриптор білім
алушы
Қ/Б «Смайликтер»
6-тапсырма. Шығармашылық тапсырма.
Бес жолды өлең.
-
Зат есім
-
Екі сын есім
-
Үш етістік
-
Төрт сөзді сөйлем
-
Синоним
|
Мәтінді тыңдайды.
-
Біздің алтын тарихымызда көптеген ұлы адамда соның ішінде
ел қорғаған, жер қорғаған батырларымыз, әділдігімен ел басқарған
хан-патшаларымыз, орақ тілді би-шешендеріміз тағы да басқа ұлы
тұлғаларымыз бар. Біз, жастар және болашақ ұрпақ түп тарихымызды
ұмытпауымыз керек. Бұл – парыз.
2-тапсырма.
Мәтін
мазмұны
|
Өз
ойы
|
Демек, жас өскінді
ұлан-байтақ жерімізді білектің күші, найзаның ұшы, ақылдың амалымен
сақтап, бізге жеткізуге үлес қосқан ата-бабаларымыздың өміршең
үлгі-өнегесін сіңіру арқылы тәрбиелеу ең абыройлы міндетіміз болып
қала бермек.
|
Отан – отбасынан
басталады деген сөз бар. Әрбір адамның бойындағы ұлтжандылық қасиет
ең бірінші отбасы тәрбиесінде басталуы
керек.
|
Жарамсақтанып, сұлтан, аламандар, сауыт-сайман, қару-жарақ,
көбе, бадана, кіреуке.
4-тапсырма.
Тарихи сөздер: уәзір, хан,
Архаизмдер: адым, қаптал, сәкі,
қары.
5-тапсырма.
Тарихи
сөздер
|
Архаизмдер
|
Болыс, сұлтан, барымта, адырна, айбалта, хан, патша, уәзір,
би, аға сұлтан, садақ, жебе, найза, адырна, сауыт, лашық, жаппа,
шидем, күпі, сәукеле, кебеже
|
Сауын айту, саптыаяқ,
патсайы, дүрия, торқа, биқасап, бесік
құда,
|
6-тапсырма.
-
Хан
-
Әділ, жоғары.
-
Ел билейді, шешім қабылдайды, халықтың қамын
ойлайды.
-
Тарихымызда билеуші хандар
көп.
-
Патша.
|