Байжумаева
Гулжанат
|
Қатысқандар
саны:
Қатыспағандар
саны:
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Теңдік және
теңсіздік.
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
|
теңдік пен
теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдіктерді ажырата
біледі;
“+”, “-”, “=”, “≠”, “>” ,
“<” таңбаларын, белгісіз сан таңбасын (□) қолдана
біледі.
|
Ресурстар:
|
әр топқа арналған табақшалы
таразы;
массасы бірдей түйме жиынтығы, жетондар
немесе монеталар;
массасы бірдей көгөніс
муляждары;
А4 пiшiндегi қағаз
парақтары;
әрбір оқушыға арналған
маркерлер.
|
Тірек
сөздер
|
теңдік;
теңсіздік.
|
Сабақтың
мақсаты:
|
“Теңдік” және “теңсіздік”
ұғымдары туралы білімдерін толықтыру, теңдік пен теңсіздікті ажы
рату, теңдіктерді “=” таңбасын, ал теңсіздіктерді “≠” таңбасын
пайдаланып жазу дағдысын дамыту.
|
Тілдік
құзыреттілік
|
Оқушыларды тірек сөздерді есте
сақтауға жаттықтыру үшін ойын ұйымдастырыңыз. Сынып оқушыларын төрт
не алты адамнан тұратын топқа бөліңіз. Жүргізушінің “Теңдіктер!”
деген бұйрығы бойынша оқушылар бірдей топтарға бөлінуі керек.
Мысалы, сыныптағы оқушылардың санына байланысты 2 және 2 немесе 3
және 3 деп бөлініп тұруын ұсыныңыз. Жүргізушінің “Теңсіздіктер!”
деген бұйрығы бойынша оқушылар саны әртүрлі топтарға бөлінуі керек.
Мысалы, егер топта 4 адам нан болса, оқушылар 1 және 3 адамнан
бөлінеді. Егер топта 6 адамнан болса, онда 2 және 4, 1 және
5 адамнан бөлінеді.
|
Сабақ
барысы
|
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
Ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру
3
минут
|
Ертеңгілік
шеңбері
Қол алысып, қәне,
біз,
Достасайық
бәріміз.
Айтарым бар
сендерге,
Тез тұрыңдар
шеңберге.
Қандай жақсы бір
тұру,
Достарменен бір
жүру!
Қандай жақсы дос
болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан
арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш!
|
Шаттық
шебері
|
Сабақтың
басы
5
минут
|
Тыңдалым- түсіну
дағдысы
Математикада “=”
таңбасы мәні бірдей өрнек тердің немесе сандардың арасында
қойылады. “≠” таңбасы, яғни теңсіздік белгісі мәні тең емес
теңдіктерді белгілеуде
қолданылады.
—
Оны қалай жазуға
болады?
Тепе-теңдік математикада
“теңдік” деп атала тынын айтыңыз. Теңдікті жазу үшін “ = ” (тең)
математикалық белгісі пайдаланылады. Нәтижесі 3 = 3 түрінде
жазылады да, оқуда “үш тең үш” деп оқылады. Көрсетілімді
жалғастырыңыз. Енді таразының бір табақшасына үш монета салыңыз.
Оқушылардың біреуіне қапшықтан бір уыс монета алып, таразының
екінші табақшасына салуын сұраңыз. Содан кейін оқушыларға мынадай
сұрақтар қойыңыз:
— Сендер не
байқадыңдар?
— Таразы басы тең
бе?
— Таразының бір табақшасы
екіншісінен неге тө мен
түсті?
— Қалай ойлайсыңдар? Осы
көріністі қалай жа зып көрсетуге
болады?
Оқушылардың жауабын тыңдап,
теңдік болмайтын жағдайды математикада “теңсіздік” деп атайтынын
хабарлаңыз. Теңсіздікті жазу үшін “≠” (тең емес) белгісі
пайдаланылады. Нәтижесі былай жазылады: 3 ≠ 5 және “3 тең емес
5-ке” деп оқылады.
|
Таныстырылым, оқулықпен
жұмыс
|
Сабақтың
ортасы
15
минут
Жұптық
жұмыс
5
минут
Топпен
жұмыс
5
минут
5
минут
|
1-тапсырма
Шығарып
көр. Оқушыларға тапсырманы жұппен
орындатып, 12 ойыншықты 2 қорапқа қандай әдіспен тең бөліп салуға
болатынын талқылауды ұсыныңыз. Бірінші рет салғанда теңдік
шығатындай, ал екінші рет теңсіздіктер шығатындай орналастыруды
сұраңыз. Жауап нұсқаларын екі бағанға жазуға болады. Біріншібаған
“теңдіктер”, екінші баған “теңсіздіктер” болады. Талдау барысында
қай оқушының теңсіздік пен теңдік түрін көп жазғанын салыстыруға
мүмкіндік туады.
Жауабы:
теңсіздіктер
теңдіктер
1 ≠ 11; 6 =
6.
2 ≠
10;
3 ≠
9;
4 ≠
8;
5 ≠
7.
2- тапсырма . Орындап
көр. Оқушыларға таразы табағының
тең емес жағдайын бағалауды ұсыныңыз. Оларға таразы басын теңестіру
үшін, яғни теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін не істеуге болатынын
ойланып көруді ұсыныңыз. Оқушылар өз тобында талқылайды. Топпен
бірлесіп талдағаннан кейін теориялық ұсыныстарды тәжірибеде сынап
көруді ескертіңіз. Ол үшін таразы табақтарының көмегімен массасы
тең көгөніс муляж дарын пайдаланыңыз.
Жауабы:
а) 1 алманы алып немесе 1
алманы қосу;
Топтағы зерттеу жұмысы. Әр
топта табақшалы таразы және құны және массасы бірдей тиындар болуы
шарт. Егер әр топты таразымен қамтамасыз ету мүмкін болмаса,
көрсетіліммен шектеліңіз.
Таразының әр
табақшасына үш монетадан салы ңыз. Оқушылардан мына сұрақтарға
жауап беруін сұраңыз:
—
Таразы қандай
жағдайда тұр?Жауабы:
а) 5 = 5; ә) 6 ≠
9.
|
|
Сергіту
сәті
1
минут
|
Қатты нөсер басылды
(жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн
жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды
(жарты доға жасайды)
|
Сергіту сәтіне арналған
жинақ
|
Қосымша
тапсырма
13
минут
|
Cуреттен теңдіктерді тап. Оқушылар тең
сіздіктер бейнеленген суретті таңдап алып, суреттің жанындағы
дөңгелектерді кез келген түспен бояйды. Теңдік болатын суреттің
жанына тиісті теңдіктерді жазу
керек.
Жауабы:
а) теңдік 2 = 2; ә) теңсіздік 3 ≠ 4; б)
теңдік 4 = 4.
Белгілерді қой. Тапсырманың мақсаты — а)
және ә) көлемді фигуралар тобының жұптарын салыстыру. Олардың
арасына теңдік немесе теңсіздік белгілерін қою. Суреттің астына
тиісті өрнекті
жазады.
б) және в) тапсырмасының екінші бөлігі
деңгейлік тапсырмаға жатады. Білім деңгейі жоғары оқушылар теңдік
пен теңсіздікті кеңестік фигуралардың көмегі мен өз бетінше
құрастыру керек. Фигуралар тобының арасына теңдік немесе теңсіздік
белгілерінің тиістісін қойып жазу
көзделеді.
Жауабы:
а) 8 = 8; ә) 5 ≠
6.
|
|
Жұптық
жұмыс
5
минут
|
|
|
Сабақтың
соңы
5
минут
|
Рефлексия
|
Кері
байланыс
|
Бағалау
|
Оқушылар сабақ
соңында теңдік пен теңсіздікті ажыратып
үйренеді.
Оқушылардың берілген
тақырып бойынша алған білімінің деңгейін анықтау мақсатында оларға
төмен дегі сұрақтарды
қойыңыз:
—
теңдікті жазу үшін
қандай белгіні қоямыз? (“=”)
—
Теңсіздікті жазу
үшін қандай белгіні қоямыз?
(“≠”)
—
Азаматтың 3 қызыл
мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңсіздік құрып жаз.
(Теңсіздік: 3≠4.)
—
Гүлмираның жануарлар
туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы
бар.
Берілген деректерге
сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр. (Теңдік: 5 =
5.)
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік
баспалдағы” бойын ша өзін-өзі
бағалатыңыз.
|