Материалдар / Сабақ жоспары "Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары" 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған сабақ жоспары. Тіршілік туралы түсініктер, сабақ барысы анық жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2017
772
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 11 Күні:

Сабақтың тақырыбы:

§4.Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіршілктің пайда болуы туралы материалистік және идеалистік түсініктер күресі туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. 
Дамытушылық: Пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Типі: жаңа білімді меңгерту
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: интерактивті тақта, оқулық

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу
II. Үй тапсырмасы: сұрақ-жауап арқылы
III. Жаңа тақырып 

Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары. Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.

Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философыАристотель (б.з.д. IV ғ.) бит — еттен, қандала — жануар шырынынан, шұбалшаң — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.

Грек философиясының негізін салушылар Фалес және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді. Фалес ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды. Кейінгі кездегі микроскоптың ашылуына байланысты ағзалардың құрылысы жайындағы деректер нақтылана түсті. Осыған сәйкес тіршіліктің өлі табиғаттан пайда болуына күмән келтіретін тәжірибелер жасала бастады.

Сансыз көп болжамдарды екі қарама-қарсы болжамға біріктіруге болады. Биогенез (гр. genesis- шығу тегі, пайда болуы) теориясы тірлік атаулылар тірі нәрседен шықты деп ұйғарды. Ал соған баламалы абиогенез(гр. a - сөз алдынан қосылатын теріске шығару мәніндегі косымша) теориясы тірі тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болуына мүмкіндік береді. Осы бағыттағы өзгеше атау - тіршіліктің өздігінен жаралу теориясы. Ғалымдардың көпшілігі XVIII ғасырдың ортасына шейін осы абиогендік теорияны қолдады. Құрттар - топырақтан, шыбындар - шіріген еттен, ал тышқандар дәннен немесе кір-ластан пайда болады деп есептеді.
Бұл ойдан шығарылған ұсыныстардың жалғандығын ашатын маңызды тәжірибелерді ең алғаш итальян ғалымы Франческо Реди 1668 жылы қойған болатын. Ол ыдыстарға ет (өлген жылан) салып, біраз ыдыстардың бетін ашық қалдырды, ал ыдыстардың басқа бөлігінің бетіне кисея (сирек кездесетін мата) жапты. Бірнеше күннен соң ашық ыдыстардағы етте шыбын дернәсілдері құжынап кетті де, беті жабық ыдыстарда олар пайда болған жоқ. Ф. Реди аузы ашық ыдыстарға ұшып келген шыбындар жұмыртқа салды деп дұрыс болжам айтты.
А. Левенгук бірінші болып микроскоп құрастырып, ұсақ ағзалар әлемін ашқаннан соң көптеген ғалымдар біржасушалы ағзаларды қадала бақылай бастады. Құнарлы сорпа немесе шөп тұндырмасында олардың өте көп мөлшерде болатыны байқалды. Осындай құнарлы ортада тіршілік оқай туындайды деп есептелді. Левенгук «анималикулдар» (қарапайымдар) өзіне ұқсастардан пайда болады деп болжам айтқанымен, 1809 жылы Жан Батист Ламарк «саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі» туралы жазды. Бұл болжамды тәжірибе жолымен Л. Спалланцани дәлелдеуді өз қолына алды. Ол құтыға жаңа әзірленген нәрлі сорпа толтырып, аузын дәнекерледі де бір сағат мөлшерінде отта қайнатты. Мұндай тазарту шараларынан соң сорпадағы ұсақ ағзалар ғана емес, тіпті олардың споралары қырылып қалды. Сөйтіп тіршіліктің ешқандай өздігінен туындауы байқалған жоқ.
Алайда абиогенезді жақтаушылар берілмеді. Олар витализм (латынша вита - тіршілік) теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша ауада «тіршілік күші» немесе «тіршілік энергиясы» болады. Оған өлі нәрсе енсе-ақ болды, дереу тірі болып шыға келеді. Олар Спалланцани тәжірибесінің нәтижесін «тіршілік күші» кұтыдағы ауа аз болғандықтан, қайнаған кезде өлтірді деп түсіндірді. Құтының аузы дәнекерленгендіктен жаңадан үлестің енуіне жол болмай қалды. Сондай-ақ бұдан басқа кейбір құтыларда лайлану (шіру) үдерісі де басталады. Бүгінгі ғылымға ұзақ қайнатылған кейбір бактериялардың тыныш жатқан споралары өну нәтижесі екені мәлім.
Ғалымдар арасындағы айтыс шиеленісе түсті. Дәл осындай пікірді белгілі дәрігер 1651 жылы Уильям Гарвей «Ovo at ovo» («Жұмыртқа жұмыртқадан шығады») деп жариялады. Француз Ғылым академиясы 1859 жылы тіршіліктің өзінен-өзі жаратылуы жөніндегі мәселеге жаңаша жауап берушілерге арнаулы сыйлық тағайындады. Ол сыйлықты 1862 жылы Луи Пастер алды. Луи Пастер өте қарапайым болды. Ол құтыны жаңа әзірлеген сорпаға (құнарлы орта) толтырып, оның аузын S тәрізді өте ұзын жіңішке имек шыны түтікпен жапты. Соның нәтижесінде ауа құтыға өтіп, сорпамен жанасатын болды. Бактериялар мен олардың споралары түтік бұрылыстарына шөгіп, сорпаға түсе алмады. Құтыдағы сорпа шыны түтікті алғанға дейін лайланған жоқ Шыны түтік алынған соң бірнеше сағаттан кейін сорпа лайлана бастады, бүлініп, ашыды. Англияда Джон Тиндаль шамамен осы мерзімде осыған ұқсас тәжірибелер жасады.
Витализм мен тіршіліктің өзінен-өзі жаратылуына осылай қирата соққы берілді. Алайда енді ғалымдар бұдан да маңызды: «Алғашқы тірі ағзалар қайдан пайда болды?» деген проблемаға тап болды. Луи Пастердің өзі мүлде басқа жағдайлар мен өзге уақытта тірі нәрсенің өліден жаратылатыны мүмкіндігін жоққа шығара алмады.
Э. Геккель көпжасушалылықтың шығу тегі теориясына (1866) арналған өз жұмысына тіршіліктің жаратылу проблемасы өлі табиғаттан тұратын қарапайым бейағзалық құрамдас бөліктерден күрделі ағзалық заттардың синтезделу проблемасына апаратыны туралы жазды.
Ч. Дарвин: «Қандай болса да аммоний және фосфордың қажетті тұздары бар және жарық, жылу, электр әсер ете алатын жылы суқоймада химиялық жолмен одан әрі, әлдеқайда күрделі өзгерістер жасай алатын нәруыз түзіледі...» деп ұйғарды.
IV. Бекіту 
1. Тіршіліктің жаратылу үдерісінде қандай екі қарама-қарсы көзқарас болады?
2. Л. Спалланцани қандай тәжірибелер жасады?
3. Л. Пастер тәжірибелері нені дәлелдеді? 
V. Үйге тапсырма: §4.Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары: ғарыштық және ғаламшарлық алғышарттар.

Бағалау:


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!