Материалдар / Сабақ жоспары ""Tux Paint" графикалық редакторы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары ""Tux Paint" графикалық редакторы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінге балаларға арналған компьютер сабағының сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1260
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:7.4А «Мәтінді есептерді математикалық модельдеу»

Мектеп: А.Молдағұлова атындағы №29 ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрмағамбет Б.Т.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мәтін есептерді шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.3.1. Есеп шартына байланысты метаматикалық модель құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: есептің шартына талдау жасай алады

Оқушылардың басым бөлігі: есептің математикалық моделін құрып орындайды

Кейбір оқушылар: жалпы білімдерін өмірмен байланыстырып, шартты қанағаттандыратын нәтиже ала алады ;

Бағалау критерилері

- мәтінді есептерді шешу кезеңдерін біледі

- есептің шартына талдау жасайды

-есептің математикалық моделін құра алады

--теңдеуді шеше алады

-шартты қанағаттандыратын нәтиже ала алады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Теңдеу- Equation

теңсіздік - inequality

айнымалы - variable;

Шешімі- Solutions

Қатынас- Access,

Тең- equal;

Құндылықтарды
дарыту

өмір бойы білім алуға бейімделеді;

Математикалық тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай алу, өз пікірін айта алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық
байланыстар

Ағылшын, физика, информатика

АКТ қолдану
дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктер туралы, қарапайым теңдеулерді шешу әдістері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, оқушыларды түгеңдеу)

Оқушыларға бұрынғы білімдерін қолданып орындау үшін тапсырма ұсынылады: Қажет формуланы жазыңыз және кестені толтырыңыз


v

t

S

Автомобиль

60км/сағ


180км

Шаңғышы


20с

80м

Велосипедші

12км/сағ

6сағ


Электропойыз

90км/сағ


360км

Оқушыларды жұптарға біріктіру: Тапсырмалар арқылы үш топқа бөлу.


Үлестірме


15 мин

Өткен тақырыптар бойынша

Мәтінді есептерді шешу үш кезеңнен тұрады:

1 кезең: Теңдеудің құрылымы- есептің математикалық моделі

2 кезең: Теңдеуді шешу - математикалық моделмен жұмыс

3 кезең : Есептің жауабын жазу

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын таныстыру.

көпмүшелерге амалдарды пайдаланып мәтіндік есептердің шарттары бойынша өрнектер құрады.

Жұптық жұмыс.

1 есеп.
Үш сөреде 75 дана кітап бар. Бірінші сөреде екінші сөреге қарағанда 2 есе көп , ал үшінші сөреде бірінші сөреге қарағанда 5 кітап кем. Әрбір сөреде неше кітап бар?

Шешуі:

Егер екінші сөрені х кітап деп алсақ , онда үшінші сөрені 2х кітап , ал бірінші сөрені 2х – 5 кітап болады.

Үш сөреде барлығы 75 кітап бар.

Демек ,

2х + х + (2х - 5) = 75

теңдеуін құрамыз

1 кезең: Теңдеудің құрылымы- есептің математикалық моделі

2х + х + 2х - 5 = 75 Екінші сөреде 16 кітап бар.

5х - 5 = 75 үшінші сөреде 32 кітап бар.

5х = 75 + 5 бірінші сөреде 27 кітап бар

5х = 80;

х = 80 : 5;

х = 16

2 кезең Теңдеуді шешу - математикалық моделмен жұмыс

Жауабы : 27 кітап, 16 кітап, 32 кітап.

3 кезең :есептің жауабын жазу

2 есеп.

Мөлдір қаладан кинопарк ашу үшін 2 залды жалға алды. Екі залда 460 орын бар. Бірінші залға қарағанда екінші залға көрермендер үш есе көп кіре алады. Әр залда неше орыннан бар?

1 кезең: Бірінші залды х орын деп белгілесек ,

Екінші зал 3х орын болады.

Барлығы 460 м орын

2 кезең

х + 3х = 460

4х = 460

х = 460 : 4

х = 115

3 кезең

Бірінші залда 115 орын

Екінші залда 115 * 3 = 345 орын

Жауабы : 115 орын, 345 орын.

3 есеп.

АВС үшбұрыштың периметрі

44 см тең. АВ қабырғасынан АС қабырғасы 4 см артық ,

ал ВС қабырғасы екі есе үлкен.

ВС қабырғасы қанша см

тең болады.

Тапсырманың мақсаты келесі құндылықтарды дарыту: топта жұмыс жасай білу, диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету.

Мұғалім оқушылардың оқу процесін қолдау мақсатында «Температураны өлшеу» техникасын қолданады: оқушылардың іс-әрекеті тоқталады және «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қойылады. Осы сұраққа жауап беру арқылы оқушылар өздерінің тапсырманы қаншалықты түсінгені және орындау барысы туралы ақпаратты береді.

Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топта бір оқушы өз орнында қалады, қалған оқушылар шеңбер бойымен топтан топқа көшеді, басқа топ мүшелерінің түсіндірмелерін тыңдайды, талдау жүргізеді, қызықтыратын сұрақтарды қояды. Өз тобында қалған оқушылар да ауысып отырады, сондықтан әрбір оқушы түсіндіруші ролінде де.

Үлестірме


Сабақтың ортасы

20 мин








Меңгерген теориялық білімдерін қарапайым мысалдармен жеке жұмысқа беріледі.

1. Компьютерде теруші бірінші күні шығарманың 30%-ін, қалғанын екінші және үшінші күндері терді. Оның екінші күні терген бет санының үшінші күні терген бет санына 5:2 қатынасындай. Компьютерде теруші екінші күні үшінші күнге қарағанда 27 бет артық терді. Шығарманың барлығы неше бет?

2. Елдос төрт сан ойлады. Ол ойлаған сандардың қатынасы 2:3:5:8 қатынасындай. Бірінші сан мен үшінші санның қосындысы 84-ке тең. Елдос ойлаған сандарды табыңдар.

Шығармашылық деңгей

Төмендегі фигураның ауданын табудың екі түрлі өрнегін құрастыр және осы екі өрнектің теңбе-тең екендігін дәлелде.

Picture 197

Оқушы: есептер шығарады, нәтижесін салыстырады, қателерге талдау жасайды

Мұғалім: қосымша сұрақтар беру арқылы оқушыға бағыт береді

Нәтиже: ауызша марапатталады

Рефлексия :

-барлық тапсырмаларды орындай алдыңдар ма?

-қандай тапсырмалар сізге қиын көрінді?

Үлестірме


Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар үй тапсырмасы беріледі: күнделікті өмірдегі әрекеттерімен байланысты есеп шартына байланысты метаматикалық модель құруға есептер құрастыру.

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Оқыту мақсаты

Бағалау дескрипторлары

Есеп шартына байланысты метаматикалық модель құру


1.есеп сұрағына жауап беру үшін есеп шарты бойынша теңдеу құра алады

2.құрылған өрнектің мәнін табады, есептің берілгенін пайдаланып шеше алады

3.табылған жауаптың есеп шартына және есеп мағынасына сәйкестігін тексереді


Рефлексия

Нені білдің?

Нені үйрендің?

Нені білгің келеді?





Кескін карточкалар


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Іріктеліп алынған мақсаттарды меңгерту үшін арнайы тапсырмалар бағалау критерилері бойынша жасалды. Өздеріне сенімділігін арттыру үшін дербес қолдау көрсетемін. оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеймін. Оқушылардың білімін актуалдау үшін ойландыратын сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын өздеріне аштырамын. Сыни түрғыдан ойландыру арқылы топқа біріктіремін. Топта ақылдасып, кеңесіп шешім қабылдау үшін тапсырмалар беремін, жеке қабілеттерін анықтау үшін қиындығы жоғары есептерді түсіндіруін сұраймын. Белсенділіктерін арттыру үшін жылдамдыққа есеп беремін. Қызықтыру үшін сабақты өмірмен байланыстырамын.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін топтық, жұптық бағалауды жүзеге асырамын. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы бағалаймын

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!