400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары "түзу тігістер"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал колледж және университет студенттеріне бағытталған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:   

Пәні:  Тігін өндірісінің технологиясы

Тобы:    №5 «Тігінші»

Пән мұғалімі: Қасымова Айдана Нұрахметқызы

Сабақтың  тақырыбы:  «Түзу тігістер»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Түзу тігістерінің түрлерімен таныстыру, үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру.

Дамытушылық: тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу.

Сабақ түрі: дәріс

Сабақ типі: аралас

Сабақ әдісі: түсіндірмелі,сұхбаттасу

Көрнекіліктер: бүктеме, оқулық, ине, қайшы, жіп, мата, өлшеуіш таспа

Сабақ барысы (жүрісі, құрылымы):


І. Ұйымдастыру  кезеңі

1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2.Сабаққа назарын аудару.

3.Сабақтың тақырыбын, мақсатын, құрылымдық деңгейімен таныстыру.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Тігіс түрлері

  2. Анықтамалар беру

ІІ.  Жаңа  сабақ:


Киім бөліктерін біріктіру және қиындыларын өңдеу үшін жіппен тігу, желімдеу, балқытып біріктіру әдістері қолданылады.
Тігіс орындалуына байланысты қол тігіс және машина тігістері болып бөлінеді. Қолмен тігілген тігістер тұрақты, уақытша, жай және күрделі болып бөлінеді. Бұйымдарды қолмен тігу кезінде тігістің бес түрі пайдаланылады: түзу, қиғаш, айқасталған, торламалы, қайып тігу.



Түзу тігістер құрылымына байланысты ең жай тігіс, олар бос, тез сөгілетін тігіс болып саналады. Түзу тігістерге түзу көктеу тігіс және көшірме тігіс жатады. Түзу көктеу тігістер бұйымдардың бөліктерін уақытша қосу үшін, машинамен тігу алдында қолданылады. . Түзу тігістерді тігу үшін инені қиғаштай ұстап матаны үстінен астына жаншиды, сәл алдыға қозғап инені матаның үстіне қайта шығару керек. Көктеп тіккенде инені тігілетін бұйымның бетіне кезек - кезек өткізеді Сонда тігістің жіптері екі бетте де үзік - үзік болып көрініп тұрады.

Picture 1


Көшірме тігіс сызықтарды бір жақтан екінші жаққа көшіру үшін қолданылады. Үлгінің әрбір бөлігінің контур сызықтары бойымен, енін 0, 5 - 0, 7 см етіп ілмектеп шығады, содан кейін бөлікті ажыратып, олардың арасындағы жіпті қайшымен абайлап қияды.



Көктеу тігіс – тігілетін маталарды уақытша ұстап, тігуге қолайлы болу үшін пайдаланатын тігіс түрі. Көктеу екі түрлі болады. Біріншісі, инені алшақ шаншып, екі матаны бір-біріне жапсыра тігу. Екіншісі, теріден пішілген киімдерді немесе саба жасағанда жіптің ұшын түйіп, бір өткізіп алған соң қайта түйіп кете беру. Екінші алшақтау жерден, осылай іліп тігу. Бұл көктеу түрі көбінесе қалың аң терілерінен киім тіккенде қолданылады.

Бастыру тепшім екі бөлікті бірінің үстіне бірін салып,уақытша бекітеді.Тепшім ұзындығы – 30-50мм.Бөлшектердің қимасына жақын орналасатын бастыру тігістерінің тепшім ұзындығы – 7 -20 мм.Мысалы,өңірге өңірастарын бастырып қосуға қолдануғу болады.





ҚPicture 4 айырмалы тепшім жең ұшын, бұйымның етегін уақытша бекіту үшін қолданылады.Тепшім ұзындығы- 10 – 30 мм











Жиек шығара көктеу тігістері қақпа.қалта,өңір,жағалардың шеттерін өңдеуде қолданылады.


Picture 2


Жөрмеу- ең көне тігіс. Тігілген жіптің сирек және жиі шаншылуына байланысты әр түрлі атаулары бар: жай жөрмеу, жиі жөрмеу, ендіріп жөрмеу, әдіп жөрмеу, түйіп жөрмеу.







ІII. Бекіту сұрақтары:


1. Тігіс орындалуына байланысты нешеге бөлінеді?
2. Қол тігісінің неше түрі бар?
3. Көктеу тігісі қай кезде қолданылады?

4. Жөрмеу тігісі қай кезде қолданылады?

5. Бастыру тепшім қай кезде қолданылады?

ІҮ. Бағалау.

Ү. Үйге тапсырма. :  «Түзу тігісттер» конспект бойынша дайындалу.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.02.2019
1324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі