Материалдар / Сабақ жоспары Ұлы дала ұлағаттары 6-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Ұлы дала ұлағаттары 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мамандарына арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
6567
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп:

47ЖОББ

Машықкердің аты-жөні:

Абай Индира Медетызы

Күні:

07.12.18

Сабақтың тақырыбы

Ұлы дала ұлағаттары

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1.Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

6.4.3.1 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.


Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.

Қажетті құрал – жабдықтар

Интерактивті тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, дыбыс шығарғыш, ақ парақтар (А4).

Оқу әдістері

Сөздік, практикалық, көрнекілік.

Дереккөздері

6-сынып «Қазақ тілі» Атамұра баспасы, 2017ж., әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.

Тапсырмалар


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс- әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Оқушыларға психиологиялық ахуал туғызу

Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Кезекшімен сұхбаттасады.


Мұғаліммен амандасады. Оқу құралдарын дайындайды. Кезекші жоқ оқушыларды атайды.

Өткен сабақты тексеру

Алдыңғы білімді тексеру. «Стикер кімде?» әдісі. Белсенділігі төмен оқушылардың орындығына стикер жабысытырылып, сол оқушыдан үй тапсырмасы сұралады.

Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді.




І.Қызығушылықты ояту


  • Суретте кімдер бейнеленген?

  • «Ұлы Дала» дегенді қалай түсінесің?


«Ұлы Дала»

Суреттер мен тірек сөз арқылы тақырыпты болжайды.

  • Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен тарихымыздағы Ұлы тұлғалардың суреттері берілген.

  • Жалпы қазақ тарихы даласында небір жаугершілік замандар, небір тарихи оқиғалар болды. Қай заманда болмасын өзінің асқан шеберлігімен, сөз шешендігімен, тапқырлығымен танылған батырларымыз, ақындарымыз, би-шешендеріміз өте көп. Сол үшін де біздің даламыз Ұлы.








ІІ. Мағынаны тану





















































































































Қорытынды


1-тапсырма. Тыңдалым алдындағы тапсырма.

Мәтінді тыңда. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  • Ұлы Отан соғысының батырлары туралы не айта аласың?

  • Қазіргі ұрпақ бабалар аманатын, бабалар жеңісін қалай түсінеді?

«Балалығыңмен күле отырып қоштасып, ағалығыңды амалсыз мойындайсың» деген сөз бар. Сол рас. Біз қай кезде де жеңіске ұмтылған жұртпыз. Тар жол, тайғақ кешулер, алдаспанды айқастар мен ақ беренді шайқастар халқымызды тек қана жеңуге жұмылдырды. Жеңілсек жер жастанып, құласақ құрдымға кететінімізді терең түсінгендіктен, заманалар бойы жеңіске ұмтылумен болдық. Біз – жеңімпаз жұрттың ұрпағымыз. Жеңемін деп беліңді бусаң – жеңесің, жеңілемін деп қорықсаң – көзіңе қос көрінеді. Бұл да бабалардан қалған баянды сөздің бірі.

Біздің ұрпақ Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихқа енген қасіретті жылдардың куәгері болды. Ұлы Жеңістің шаттығын кішкентай жүректерімен қуана қабыл алғандар да солар. Қан майданнан оралып, елін аңсап келіп жатқан ерлердің алдынан жүгіріп шыққан соғыс балаларының өмірбаянында сол кездегі салтанат пен мерейдің жарқын бояуы әлі тұнып тұр. «Жау жолына атам сені, бомба бол да жарыл, жүрек» деп қазақ жырының қайсар өкілі, ұлтымыздың ұлы ақындарының бірі Қасым Аманжолов жазғандай, біздің ұрпақтың бойындағы қайсар рух – бағзы бабалардан, абыз даналардан жеткен ұлы сый, ұлық мұра. Осынау ұлан-байтақ жеріміз бізге бабалар рухы мен ерлігінің арқасында мұра болып қалған. Бұл – ұлы жеңістің нақты нышаны, дәуірлердің діңіне тіккен өр қазақтың байрағы. Ол байрақ байтақ жұртымыздың жүрегінде желбірей бермек.


Дескриптор білім алушы

  • Мәтінді тыңдайды;

  • Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: «Смайликтер»

Тілдік бағдар.


Оқулықпен жұмыс. 6-тапсырма. Эвфемизм және дисфемизм сөздерді екі бағанға бөліп жаз. Сөздерді дұрыс айтудың дұрыс және бұрыс жақтарын дәлелде.

Ақсаусақ, қолды болды, жүріп кетті, сөзуар, жылампаз, пысқырма, қағынды, жүгермек, шөпжелке, айдағаның бес ешкі, ысқырығың жел жарады, өсекші, сөз тасиды, о дүниелік болды, ақсақ, көз жұмды, қол салды, оңбаған, қағып кетті, қортық, аузымды аңқитып кетті, қаза болды, жылмағай, сужұқпас.

Дескриптор білім алушы

  • Эвфемизм және дисфемизм сөздерді ажыратып, жазады.

  • Мағынасын түсіндіреді.

ҚБ: «Смайликтер»

8-тапсырма. Сөйлемдерден дисфемизм сөздерді тап және қандай мағынада жұмсалып тұрғанын түсіндір.

Сумақай қоймашының ол сөзіне бұл күлген де қойған. Бірақ, байқады, осы жаман неменің жүріс-тұрысы әлгі ақсақтың айтқанының алдыңғысынан гөрі соңғысына көбірек келіңкірейді (Ә.Кекілбаев). – Ей, мынау кім? Қайдан ерттің? Түу, өзі сап-сары, - деп шайпу мінезбен Мысықты бір нұқып қалды. –Өй, жынды, есерсоқ неме! Әрі кет, мұнда нең бар? – деп Шоқан тұра ұмтылып еді, қашып үйге кіріп кетті (С.Бегалин)


Дескриптор білім алушы

  • Дисфемизм сөздерді табады

  • Қандай мағынада жұмысалып тұрғанын түсіндіреді.

ҚБ: «Смайликтер»

2-тапсырма. Ауызша тапсырма. 1) Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. (Дисфемизмді тап, Эвфемизмге айналдыр)
2) Қарағым, сөзді қосып айтпа! (Эвфемизмді, дисфемизмге айналдыр!).
3) – Қарағым, аузыңа келгенді оттама!
Аузыңнан ақ ит кіріп, көк ит шықта – ау!
(дисфемизм сөздерді тап, Эвфемизмге айналдыр).
4) Бағып - қаққан адал малыңның қолды болғаны қиын екен. (Дисфемизмді Эвфемизмге айналдыр).
5) Ағасы інісіне ренжіп: - Қолыңнан түк келмейді, - деді.
(Дисфемизмді Эвфемизмге айналдыр).

Дескриптор білім алушы

  • Дисфемизм сөздерді эвфемизм сөздерге, эвфемизм сөздерді дисфемизм сөздерге ауызша айналдырады, мағынасын түсіндіреді.

ҚБ: «Смайликтер»

3-тапсырма. ««Менің Қазақстаным» деген әрбір қазақстандықтың жан жүрегін баурайтын сөз деп түсінемін. Өйткені, «Менің Қазақстаным» – біздің тәуелсіздігіміз! Тәуелсіздікті күн сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек! Тұғырымыз да, ғұмырымыз да Тәуелсіздік! Тәуелсіздік – менің Қазақстаным, сіздің Қазақстаныңыз, бәріміздің Қазақстанымыз!»

«Үш минуттық эссе» «Менің Қазақстаным» тақырыбында шағын ойтолғау жазу.

Дескриптор білім алушы

  • Елбасы сөзін оқи отырып, үш минут ішінде шағын ойтолғау жазады.

ҚБ: «Смайликтер»

Қасым Қайсенов, Қасым Аманжолов, Ахмет Мәметов.




- Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.












































6-тапсырма.

Эвфемизм: Ақсаусақ, жүріп кетті, сөзуар, пысқырма, жылампаз, жүгермек, айдағаның бес ешкі, ысқырығың жел жарады, сөз тасиды, о дүниелік болды, көз жұмды, қол салды, қаза болды,

Дисфемизм: қолды болды, қағынды, шөпжелке, өсекші, ақсақ, оңбаған, қағып кетті, жылмағай, сужұқпас, қортық.






8-тапсырма.

Сумақай – көп сөйлейді.

Ақсақ – аяғын сылтып басады.

Шайпу мінез –ашушаң.

Жынды – есуас

Есерсоқ – сотқар














2-тапсырма.

Өлді – қаза болды.

Қосып айту – өтірікші

Қолды болды – ұрланды

Қолыңнан түк келмейді – ақсаусақ.


















3-тапсырма. Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген. Менің Отаным – Қазақстан! Қазақстан ұлан байтақ елім, кіндік қаным тамған жерім! Тәуелсіз мемлекет, өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Жер көлемі бойынша тоғызыншы орында. Жері кең және құнарлы. Қазақстан кең байтақ, жер асты қазба-байлықтарға толы. Менделеев периодтық кестесінің бүкіл элементтері кездеседі, мұнайға бай. Бас қаламыз-көркейген Астана. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жедел жаңару жолына түсті. Еліміздегі ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық арқасында Қазақстан әлемдегі достық пен бейбітшілік мекеніне айналды. Қазақстанымда бейбітшілік пен тыныштық әрдайым болсын!

ІV. Үйге тапсырма


9-тапсырма. Эвфемизм мен дисфемизм сөздердің ортақ белгілерін, айырмашылықтарын сызбаға түсіріп жаз.

10-тапсырма. «Өнегелі ғұмыр: тарихи тұлғалар» тақырыбына өздерің білетін тарихи тұлғалар туралы мәліметтерді жан-жақты, әр қырынан салыстырып, анықтаңдар, зерттеу жүргізіңдер.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

V. Бағалау

«Смайлик» бағалауын көп жинаған оқушы бағаланады.

Оқушылар бағаланады.

VІ. Ойтаразы


Кері байланыс

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім



Оқушылар пікірлерін жазады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!