Материалдар / Сабақ жоспары Ұлы даланың ұлттық ойындары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары Ұлы даланың ұлттық ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз ұлттық ойындарын меңгеріп, оны ойын барысында қолдана алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
498
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Білім беру саласы:

Денсаулық


ҰОҚ:

Дене шынықтыру


Тақырыбы:

«Ұлы дала елінің ұлттық ойындары»


ҰОҚ мақсаты:

Балалардың денсаулығын,ой өрісін, икемділігін, шапшаңдылығын, ұлттық ойындарға деген  қызығушылығын дамыту.Балалардың ұлттық ойындар туралы білімдерін арттыру. Жауапкершіліке, ұйымшылдыққа, салауатты өмірге тәрбиелеу.



Жоспарлау


ҰОҚ кезеңдері

Жоспарланған оқу қызметі

Ресустар


Жауап бер




Мотивация

лық қозғаушы



Бір қатарға сапқа тұру,түзелу.

-Балалар,бізге көптеген қонақтар келіпті,олай болса амандасып алайық.

-Бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Ұлы дала елінің ұлттық ойындары»

 -Балалар,айтыңдаршы сендер ойнағанды ұнатасыңдар ма?

-Ендеше, қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар балалар, мінеки осы ойындар арқылы біз епті, шымыр, мықты, шапшаң болып өсеміз.

- Ендеше ойынымызды бастамас бұрын, жаттығулар арқылы денемізді қыздырып алайық.

 

Саппен жүру, аяқ ұшымен,өкшемен, жүру,жүгіру,тыныс алу жаттығулары

Саппен жүру,тұру,тұзелу.


Амандасу.




  • Иә!


-Теңге алу,арқан тарту, орамал тастамақ,қыз қуу, тауық күрес....




Жетекші:Балалар,өзіміздің қаншалықты епті, шымыр, мықты, шапшаң екендігімізді көрсететін уақыт жетті.

- Ойын ойнауға дайынсыңдар ма?

Айару:Кел балалар ойнайық,ойынға бір тоймайық!

Балаларды қаламақ арқылы екі топқа бөлу.

Қаламақ:Аспандағы жұлдыз керекпе?

Судағы құндыз керек пе?

керек.

Қимылды ойын: «Айгөлек»


Шарты: Ойнаушылар тең болып екіге бөлінеді де, қарама –қарсы екі сызықтың бойына қатарға тұрады Екі жағына кере созылған бірінің қолдарынан бірі ұстайды.Ойын жүргізуші екі топтың біріне кезек береді.Олар барлықтары көтеріңкі дауыспен өлеңдетеді,ойыншыны таңдайды.Аты аталған ойыншы жүгірген бетімен келіп,шақырған қатардағы ойыншылардың арасынан қолдарын жаздырып бұзып өтуі керек.Егер бұзып өте алмай қалса,сол топтың ойыншысы болып есептеледі.Бұзып өтсе,өзінің тобына бір ойыншыны алып келеді.


(Балалар шеңберге тұрады)


«Қыз қуу»спорттық ойын


Шарты: Қыз бала атқа мініп шабады, ұл бала қыз баланы қуып жетуі керек.Егер қуып жетсе, қыз бала қолындағы орамалды береді,егерде жете алмаса, ұл бала тыйм сөздер арқылы айыбын төлейді.

Спорттық ойын «Тауық күрес»

Шарты: Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Шеңбердің ішіне екі бала кіреді.Олар бір аяқтарын көтеріп,бір қолдарын артқа жібереді.Бірін–бірі итеріп,шеңберден шығарып жіберуі керек.Шеңберден шықан ойыншы


жеңілген болып есептеледі.

Жетекші:Жарайсыңдар,балалар!Ал енді сендердің қаншалықты ақылды екендеріңді тексеру үшін «Ұшты-Ұшты» ойынын ойнайық.

Ақыл –ой қабілетін жұмсайтын ойын:

«Ұшты-ұшты»

Шарты:Ойынға қатысушылар ойын жүргізушінің сөзін қалт жібермей бақылап отырулары шарт.Егер ойын жүргізуші ұшатын заттың атын атаса,қолдарын жоғары көтереді де,ұшпайтын зат айтылса,тырп етпей отырады.Қателескен бала айып тартып,тыйым сөздер немесе мақал –мәтел айтады.

Жүргізуші ойынды былай жүргізеді:

-Ұшты-ұшты,сұңқар ұшты! (қол көтеріледі)

-Ұшты-ұшты,тұлпар ұшты! (қол көтермейді)

-Ұшты-ұшты,қарға ұшты! (қол көтерілді)

Осылайша ойында жаңылыспаған ойыншы жеңеді.

Жетекші:Жарайсындар балалар,келесі ойынымыз «Өз орныңды тап!»

Шарты: Жетекшінің белгісі  бойынша балалар сапта өз орындарын тауып тұруы керек.







(қаламақ арқылы балалар , екіге бөлінеді.)







Балалар:


Айгөлек-ау,айгөлек ,


Айдың жүзі дөңгелек,


Теміршіден дем шығар, Үзенгіден тер шығар


Ақ тере пен көк терек,


Бізден сізге кім керек?


Бізге сізден .........керек












(Қыз баланы ойынға шақыру)

Айзере бізбен дос,

Қолы күнде бос.

Ойыншығын ала шығады.

Есігін жаба шығады.

Тыйым сөздер:


Адамнан айналма,      

Үйге жүгіріп кірме,

Саусағыңды аузыңа салма,

Қыз баланы ұрма.

 

Амир:

Айдағаным торпақ,

Ала тайым жортақ,

Кім ойынға шықпаса

Қоян жүрек қорқақ!

 



















Рефлекция

Қорытындылау.Сұрақ –жауап

Балалар сұрақтарға жауап береді.



















«Алматы облысының білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі»

ММ «№4 балабақша» МКҚК























Тәрбиеші: Байшағарова Н.М.









2020 - 2021 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!