Күні:
21.02.2017
Сыныбы:
6 «а»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың
тақырыбы: Үш мақтаншақ
Сабақтың мақсаты:
1. Әр оқушының жеке
қабілеттерін ашып, дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа
қатысты жаңа сөздерді
меңгерту.
2. Үйренген сөздерін дұрыс қолдана білу
дағдысын дамыту. Оқығанын түсініп, өз ойын дұрыс жеткізе білуге
жаттықтыру. Логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту.
3. Мақтаншақ болмауға, жақсы мінезді болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап,
пікірлесу.
Сабақтың жұмыс
формалары: ұжымдық,
жеке.
Сабақтың
барысы
І. Ұйымдастыру
кезеңі.
• Сәлемдесу;
•
Сыныпты
түгелдеу.
ІІ. Үй жұмысын
тексеру.
2-тапсырма. Жақсы мінезге
берілген анықтаманы оқып, көшіріп
жазыңдар.
Жақсы мінез – байлық.
Мұндай мінез үй ішіне, айналасына қайырымды, мейірімді, үленді
құрметтейтін, кішіге ізет жасайтын, кішіпейіл адамға
тән.
(Д.
Матайқызы)
ІІІ. Жаңа
сабақ
Үш
мақтаншақ
... Сабақтан келіп, түскі
астарын ішіп-жеп алған үш дос сыртқа шықты. Аңғарбай кеше әкесі
сатып әкеп берген велосипедіне қарғып мініп, есік алдындағы
алаңқайда зыр қағып, айнала бастады.
Анда –
анда астындағы темір көлігінің қоңырауын сыңғыр
қақтырып қояды.
Оңғарбай досына қызыға қарап тұрды-тұрды да,
қолтығындағы жап-жаңа қара ала добын тебуге кірісті. Біресе олай,
біресе былай дедек қағып, доп қуалады. Бір сәт допты жерге түсірмей
басымен ұрып, бірде екі аяғымен алма-кезек теуіп ойнай
бастады.
Қауынбай үй алдындағы ұзын
ағаш орындықта отырып, екі құрбысының ойынын ұзақ тамашалады. Содан
ойына әлдене түсіп, үйіне кірді де, судай жаңа қара гармонын ұстап
шықты. Екі досының бұған қарайтын түрі жоқ. Өз қызықтары өздерінде.
Қауынбай гармонын дар-дар еткізіп құлаштай бірер тартып алды да,
әнге басты:
Аңғарбай мен Оңғарбай ойындарын доғарып, әнші
достарына жеткенше асығып келе жатты.
ІV. Мәтінмен
жұмыс
1- тапсырма. Әңгімені
оқып, жоспар бойынша мазмұндаңдар.
Жоспар:
1. Аңғарбайдың
іс-әрекеті.
2. Оңғарбайдың доп
тебуі.
3. Қауынбайдың гармонмен ән
салуы.
V. Жаттығу
жұмыстары
2 – тапсырма. Әңгімеден алынған сөйлемдердің
ішінен кейінді ықпалдың әсерінен өзгеріске ұшыраған сөздерді тауып
жазыңдар.
қолтығындағы -
қолтық
көлігінің –
көлік
аяғымен - аяқ
3–тапсырма. Мына сұрақтар бойынша пікір
білдіріңдер.
1. Үш достың бөлек ойнағандары дұрыс
па?
2. Аңғарбай велосипедті қалай
айдап жүрді?
3. Оңғарбай немен
ойнады?
4. Қауынбай екі досын өзіне
қалай қаратты?
5. Ол қандай ән
айтты?
6. Үш кейіпкердің қандай іске
бейімдері бар екен?
7. Мақтаншақтық қандай
мінез?
4–тапсырма. Әңгіме мазмұнына сүйене отырып,
кестені толтырыңдар.
Әңгіменің
аты
|
Аңғарбайдың
ойыны
|
Оңғарбайдың
ойыны
|
Қауынбайдың
ойыны
|
Қорытынды
мінез
|
«Үш
мақтаншақ»
|
Велосипедіне
мініп алып, зыр қағып, айнала бастады
|
Біресе олай,
біресе былай дедек қағып, доп қуалады
|
Гармонын
дар-дар
еткізіп, әнге басты
|
Мақтаншақтық- жаман қасиет. Достар
ойыншықтарын бірінен-бірі қызғанбай, біріне-бірі мақтанбай, үнемі
бірге ойнауы керек
|
VI. Сабақты
қорыту.
Мақтаншақ деп қандай адамдарды
айтамыз?
Мақтаншақтық қандай
қасиет?
Мұндай
қасиеттен қалай арылуға болады?
VII. Үйге
тапсырма: «Мақтаншақ ...». Өздері
қалаған есімді қойып, мақтаншақ оқушы туралы әңгіме
құрау.
VIII.
Бағалау.